Әңгіме: Ыбырай Алтынсарин | Жәнібек батыр

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен. Жәнібекті көріп:

— Сен қай ұлсың? — деді.

— Қошқар ұлымын, — деді.

— Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?—деді.

— Болармыз, — деді.

— Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? — деді.

— Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, — деді.

— А-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің, алдыңа келсе әділдігіңді аяма — аймағың кетпес алдыңнан; қол бастап жол алайын деген ұл екенсің жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың кісіге — бір кісі олжа сала тұғын, олжаңды аямасаң — жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күнінде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол, қартайған соң өкінбе, ұлым. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяғың, қарның ашса — тамағың.

Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді. Келсе бидің елі қош екен, қош үстінде кез болып, сәлем беріп, ат үстінен көрісті. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрады: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Ғұмыр

Бір-екі сағат бос уақытым бола қалғасын, ҚазМУ қалашығындағы Көктем өзенінің жағасына келдім. Көктем күні. Айнала тып-тыныш. Қалта телефонымдағы әдемі әуендерді тыңдап, әрі-бері өткен адамдарға қарап, бір рахат күй кешіп отырмын. Шынында да, «жұмыс-жұмыс» деп жүріп, өз атымызды ұмытып қалармыз бір күні...

Әне, өзеннің екі қапталын жағалай қыз бен жігіт жүгіріп барады. Жігіттің қимылы қызық: бір орында орғып тұрған сияқты көрінеді, жұдырықтары да түйілмеген. Қыз шаршайтын емес, жарты сағатта көз алдымнан екі-үш рет өтіп үлгерді.

Түу, мына шыбындар маза бермеді-ау... Ұсақ-ұсақ құмытылар кәстөміме қонып алып, қанаттарын сулай ма-ау, құмырсқалар балағымнан кіріп, аяғымды жыбырлата ма-ау, берекем қаша бастады. Әсіресе, жап-жасыл, кіп-кішкентай, кенеге ұқсас мына бір жәндіктің күштісі-ай! Үп етіп үрлей салғанымды елеген де жоқ. Сәл күшейте үрледім. Көзге көрінер-көрінбес аяқтарымен тұрған жеріне жабыса қалды. Енді бар күшіммен үрледім, мыңқ етер емес. Құдайдың құдіреті-ай, сонша күшті қайдан алып тұр екен?! Қолыммен қағып жібермек болғанымда, жабысып тұрған кене бөлшек-бөлшек болып шашылды да қалды. Орайсыз қимылдағаныма кәдімгідей налыдым. Тіршілік иесі тірі жүре беруі керек еді...

Сөйтсем, ондайлардың мың-миллионы жүр екен, қап-қара кәстөмімде жап-жасыл болып, анық көріне бастады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжапар Арман | Ұлттың тілі

Тіл - сарқылмас қазына. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, әр азамат өзінің ұлттық тілін, ұлттық құндылықтарын білуі тиіс. Тіл біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе болмайды. Жалпы қазақ халқы өзінің шешендігімен және даналығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп карасаң үлкен даналықты байқайсың.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың басты тірегі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен жалғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Ана тілін үйрену – ұлы іс, әркім өз ана тілінде сөйлеу керек. Ең жақсы тіл – ана тілі» - дейді Сәбит Мұқанов. Ана тілін жетік білу, таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі. Тіл бар жерде – ел бар.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында»: «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтамын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз»-деп атап өткен болатын. Міне, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақша сөйлеуін ана тіліміздің халықаралық мінберге көтерілуі деп бағалаймыз. Бұл біздің көптен күткен мерейлі сәтіміз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Ер шоқтығы


Ол жиналыстан көңілсіз қайтты. Әлгінде Көкшетаудың бас-аяғына жиналған дүйім жұрт алдына бұны жалғыз шығарып алып, кеудесіне орден қадаған қуанышын да сезіп келе жатқан жоқ. Сол арада ол қуанғаннан гөрі іштей ыңғайсызданып бітті. Самаладай шам сәулесін жан-жағынан анталатып қойды. Салтанатты сарайда иін тіресіп отырған жұрт назары бір өзіне ауып, қошеметшіл жиынның қызу соққан алақандары үйді басына көтере дүрілдетіп ала жөнелгенде, қысылшаң жігіт тіпті не істеп, не қойғанын да білмеді. Тер одан да, бұдан да кетті. Абдырап аузына сөз де түспей қойды. Құрғап қала берген тамағын жібіткісі кеп, қолын әлсін-әлсін алдында тұрған суға соза беріпті. Кейін не айттым деп қанша ойласа да, есіне ештеңе түспеді. Аузынан шыққан сөздер құдды әлденеден оқыс үркіп, дүркіреп ұшып кеткен торғайдай. Сөзінің соңында ол әйтеуір ертеден бері уысында умаждап тұрған ескі кепкадан көзін алып, тым-тырыс болып тына қалған халыққа: «Алдағы уақытта да аянбай еңбек етем», — депті.

Жұрт, әрине, Әутен Қуандықовтың аянбай жұмыс істейтінін біледі. «Жарқайың» фермасын басқарғанына, міне, жеті жылдан асып барады. Жылда егін піскен бойда мал фермасының тауқыметін балалы-шағалы әйеліне қалдырып, өзі комбайнға отырады. Өткен жылы Қостанайдың атақты комбайншысы Сартаймен жарысқа түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Ақ ниет пен Қара ниет

Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет:
— Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты.
— Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті.
Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Ата ана қамқорынан қалған балалар психологиясы

Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы жасөспірімдердің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға мүмкіндіктер туғызуда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында дөрекілік күйдегі жасөспірімдер саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау қасиеттерімен сипаттайды. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азғындау және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға бейім болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын шиеленістіреді. Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар қарастырды. Ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді өлкеме,

Табиғатым тамаша.

Гүл қаптады бөктерді,

Нұрға толды айнала.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Жол


Бес жасар ұлы Балғынды Бәзіл жылқышы алдына мінгізіп алған. Түні бойы көмекшісі баққан жылқыны кәнігі көзбен аралап, түгендеп етіп, көңілі жай татқан соң енді сәскелік қымызға үйге қайтқан беті. Жайлаудың адырлы кеудесін тіле түсіп, жіпше шұбалған жалғыз аяқ соқпақ жолмен келе жатыр. Астында құйрық-жалы төгілген аяңшыл торы.

Әкесінің алдына мініп алу — Балғын үшін құмар іс. Дүниенің төбесінен қарағандай болып, мерейленіп қалады. Аса бір жетіскен көңілмен сәбилік қиялы шартарапқа жосылып өзімен-өзі іштей күмбірлен сөйлесіп келе жатыр. Екі кезі таспадай шұбалып, таусылмай алға бастаған соқпақ жолда. Кенет ол әкесінен:

— Ата, осы жолмен жүре берсе, жүре берсе, қайда барады? — деп сұрады.

— Анау таудан асып, өзіміздің ауылға барады, — деді Бәзіл.

— Сол жерде таусыла ма?

— Жоқ таусылмайды.

— Одан әрмен қайда барады?

— Дуылдан әрмен даңғыраған тас жолға қосылады да, ayданға барады. Есжан ағаң қызмет істеп жүрген жерге барады.

Бір сұрақты бастаса, түбіне жетпей Балғын, сірә да, тоқтамайды.

— Одан әрі қайда барады?

— Одан әрі Алматыға барады.

Алматыдан әрі қайда барады?

— Поезд жүретін темір жолды білесің бе? Естіп пе едің?

— Білем.

— Білсең, тас жол одан әрі темір жолға қосылады да, тартқаннан тартып отырып, Москваға барады. Жол атаулының барлығы Москвада тоғысады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Альпинист


Шың басына шығыпты...

Шың басы — шыңылтыр аяз. Қар беті — қабыршақ мұз. Көк пен жердің арасы — кілкіген кілегей мұнар. Сол мұнар дүниеде таутекедей сексиіп жалғыз өзі қалыпты. Сол мұнар әлемде кеменің желкенсіз жалаңаш мачтасындай жетім шың жүзіп келеді.

Көлкіген мұнар ішінде, шаншылған шынар ұшында қарақшыдай қалқиып тұрған мұны мұң иеледі. Іле үрей биледі. Бойын суық тер басты. Ұлы биікте ауа жетпей, қос өкпесі қысылды.

Бұғалық түскен жылқыдай бөбежігі буындырып, жанары жарылардай шатынай бере оқыстан оянып кетті.

Қараңғы бөлмеде қара терге түсіп жатыр екен. Демін тереңнен тартып, көз үйретіп ұзақ жатты. Әлгінде ғана шың басын торлаған шаңыт әлем сансыраған санасынан жалқаулана сейілді.

Таң қараңғысы селкеу тартып, балкон жақтан бозғыл сәуле білінеді. Барыстай жымып балконға шықты. Көктемнің таңғы ызғары тәнін қарып, сергіп сала берді. Ол әлден уақта ас үйден апыл-құпыл ауқаттанып, тысқа шықты. Алматы ояныпты. Бір сәтке көк мұнар ішінде кемедей жүзген мұзарт шың мен шың басында жетімсіреген жұмбақ күйін есіне алды. “Бұл қай шың? Неге жалғыз? Түске де түрлі жайлар кіреді-ау!” деп автотұраққа қарай асыға адымдады.

Көктем туғалы, көңіліне жеңілтек қыздай жел кірген-ді. Алғашында жаз шықпай алаңдағанына жол болсын деп, өз-өзін тыйып тастауға тырысса да, алаң кірген сезімі асаусып, бастықпай-ақ қойған. Мамыр туып, жер жылысымен қарғын судай лықсып, алып-қашпа алапат сезімге ұласты. Бүгінде жар төсегін суынтқан таңғы сезім кешікпей байырқалы ойға бекіді. Өзін таудың шақырғанын түйсінді. Түйсінді де тіксінді...

Тап қазір құз кесіп, шыңға шырға салар мезгіл емес. Мазаң мамыр. Жылдың бұл айында күн қақтаған Африканың Килиманджаро төбесіне де адам атаулы аяқ баспайтын. Ал мұның асық көңілі қайда тартып тұр? Жер ананың төсіндегі Монблан мен Эверест тектес қос анарына да, ақ жал мен қара жал түсті жылқының шоқтығындай Аляска мен Кавказдың жалама жондарына да табаны тиген еді. Перғауынның пирамидасы іспетті Алатаудың Хантәңірісі мен боз бөрінің иесі текті Алтайдың Ақтауына да қонышы қажалған. Ендігісіне не жорық? .....
Әңгімелер
Толық
0 0