Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Жер шоқтығы

Көкшетауда бір болған кісінің бұл өлкеге қайта айналып соқпауы мүмкін емес. Көргеннің көзін жаулап, есіткеннің құлағын елеңдетіп есіл-дертін алып ынтызар ғып бітетін өлке. Әне бір ілгері заманда Арқаның аң иығы — сал ақын осы өлкенің басы мен аяғын әнге елтіп, той-думанға қарық қып дәурендеп жүрген шағында: «Жер шоқтығы Көкшетау» деп, туған жеріне сонша сұқтанғаны тегіннен-тегін емес-ті. Адам баласы мекен еткен ай мен күн астында бір кезде салдар мен серілер думан құрған осы кербез сұлу Көкшетаудың қасына қысылмай барып иықтасып қатар тұрып, сәні мен сұлулығын салыстырар басқа бір өлке, әй, қайдам, табыла қояр ма екен? Табылса да ілуде біреу болар-ау! Сұлулықтың ел аузындағы аты біреу болғанмен әсері әр түрлі. Сұлулық та қысқа күнде қырық құбылатын көңіл шіркін сияқты адам болған адам бойында, ет пен тері арасында жүретін аумалы-төкпелі сезім. Қаршадайымыздан құлағымызға сіңген исі қазаққа белгілі бір қағидаға құлақ ассаң, тіпті «сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Қара бауыр

Бұратарада

Ардақты оқушы!

Алатау... Алатаудың асқар-асқар асуынан арғы бетке асырсам, алдарыңнан аңғары ұлы өзен кезігеді. Аңғардың екі жағы қап-қара үңгір, меңіреу құз көресің. Құздың аспанға өрлеген басы ақшонақ шоқы, мәңгілік мұз көресің. Өзен арнасы тамылжыған тоғай. Балақ-балағы, түбек-түбегі жыныс, жақпар-жақпар жартасқа көзің сүрінеді. Сол жақпарға үңіле қараңыз, ол көрінгеннің барлығы да тұтас тас емес. Оның бірсыпырасы жанды тастар. Арбақай мүйіз арқарлар, тоң, ерек мойын құлжалар, тағылығы шектен асар асау тауешкі, таутекелер, тарлан тасты тарғыл шұбарлап безеген сулар.

Осы көрікті табиғаттың ортасына у-шу қылып асау атынды судан құлағыңыз тосаңсиды. Бұл — Алатаудың атақты өзені Бұратара. Қалмақ жері. Мұндағы Жоңғар қалмағы.

Сол құлдыр шұнақ шоқының зындан құзынан бір жіптей жіңішке жалғыз аяқ жол жатады. Із шыққан Айдар кезенінің астынан су ағып, осы жол алатаңдақтанады. Сіздің түсетін жәһаннамыңыз осы болады. Ақырында апарымдайсыз. Тасқа таянасыз. Жарға сүйенесіз. Бұтаға жармасасыз. Құлай-құлай табанға түсесіз. Түскен жеріңіздегі жыраңқайдан іш су ете түседі. Алдыңызда аң ба, адам ба — аң-таң боласыз! Ғажайып сұмдық көресіз: Керегесі жоқ уық көресіз. Туырлығы жоқ түндік көресіз. Боз шұбар, бөрте қойтастай бұғынып-бұғынып жерді құшақтап жарты үйлер жатады. Үзігі қылан боз үй де, құнары жоқ қара лашық та жермен-жексен. Батпаққа түскен сиырдай белуарынан үйлер қара жерге батқан болады. Тамсанасыз. Бәрі де бөкене, уық үй осы болады. Жаугершілік заманындағы «жолым үй», «абылайша», «қос» деп осыларды айтады. Жүздері солыңқы, қабақтары салыңқы, еңсе жоқ, жігері құм, құр сүлделі үрейі ұшқан адамдар болады. Адамның ауылы емес, Алатаудың аң өмірі алдыңа келеді. Таң қаласың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Қырғи мен бөктергі

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұйғарады. Кештің керегін әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді.

Қырғи көп кешікпей 10 торғайды ұстап......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Алақай, көктем келді!

Күннің нұры шашылды.

Қарлар еріп бастады,

Айнала су боп басады.

Жылы жақтан құс келді,

Балалар ойнауға шықты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Отандық өнімдерді тұтынайық

Ас адамның арқауы демекші асымыздың, азық-түліктеріміздің сапалы болуына мән беруіміз қажет. Азық-түліктер неғұрлым балғын, табиғи, қоспасыз, экологиялық таза болса, соғырлұм сапалы болатыны мәлім. Бұл ретте отандық өнімдеріміздің осы аталған қасиеттерге жауап бере алатынын айту керек. Мәселен ас атасы нанның шикі заты болып табылатын Қазақстандық бидай өзінің жоғары сапасы арқылы әлемдегі нарықта жоғары сұранысқа ие. Осының өзі де отандық ұннан жасалатын өнімдердің сапасын айқындап тұр. Ал ет өнімдері болса, шет елдерде дәрінің көмегімен тез арада өсірілетін арзан еттерге қарағанда, өзіміздің ауыл шаруашылықтарында, ен далада жайылып табиғи жолмен өскен отандық малдардың еті әрине дәмділігі жағынан да, құнарлығы жағынан да пайдалы болмақ. Базардағы сатушыдан «шет елдік тауық еті неге біздің отандық тауық етінен арзан» деп сұралғандағы жауап көңілге қонышты болып еді. «Шет елдік тауық етінің іші толған су, мұзы ерігенде еті бүрісіп кішірейіп қалады, ал өзіміздің өнім сол қалпы қалады» деген болатын. Қаншама жол жүріп, қаншама делдалдардың, алып-сатарлардың қолынан өтіп бізге жетіп келген шет елдік азықтардың отандық өнімдерге қарағанда арзан болуы көп күмән туғызары анық. Көбіне дәрі-дәрмек, химикаттар, табиғи емес қоспалар қосу арқылы аз уақытта көп өнім .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Жеті жүрек

Ертеде бір сақи* патша болыпты. Патша бір күні үш уәзірін сынамаққа былайша сұрақ қояды: «Уа, уәзірлер, сақилық ниеттен бе, жоқ дәулеттен бе?» Уәзірлері: «Дәулеттен ғой, өйткені мал көп болса сақилық етек алады. Қазына, мал болмаса қандай сақилық болады», – деді. Патша: «Олай емес, сақилық сүйекке бітеді және ниеттен болады», – деді. Уәзірлер оған қарсы жауап айтты. Бір күндерде патша диуана киімін киіп, қайыршы болып бірінші уәзірінің үйіне келеді. Уәзір: «Рұқсатсыз үйіме кіріп, үйімнің ішін былғадың», – деп, қайыршыға ақырады. Диуана аштығын айтып, ас сұрап босағада жылап тұрды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бремен әншілері

Баяғыда бір диірменші болыпты. Әлгі диірменшінің әрі ақылды, әрі мықты бір жақсы есегі болса керек. Жануар диірменде көп жыл қара жұмыс істеп, қап-қап ұнды таси-таси, ақырында әбден қартайыпты.

Бір күні иесі есегіне қараса, құр сүлдері тұр, жүк тасыр қауқары қалмапты, сондықтан да оны ұрып-ұрып қуып жібереді.......
Ертегілер
Толық
0 0