Ертегі: Өлі мен тірінің достығы туралы аңыз

Ертеде бір байдың үш ұлы болыпты. Бай жылқысынан қысырақтың бір үйірі жоғалыпты. Байдың үлкен ұлы әкесіне келіп:
— Әке, қысырактың үйірін мен іздеп келейін!.. – дейді.
— Бара ғой, балам, ізде! – дейді әкесі. Ұлы азық-түлігін алып, қару-жарағын асынып, атына қонады.
Әкесінің сиқыры бар екен дейді, баласын сынағысы кеп, алты қырды асып, алты арланға айналып, баласын тосады. Алты арлан қасқырды көріп баласы қорқып, үйіне қайтып барып, жатып алады. Қысырақтың үйірін іздемекші болып әкесіне ортаншы ұлы келеді. Ол да қасқырдан қорқып, үйге қашып келеді. Енді ең кіші ұлы қалады. Ол келіп әкесіне......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қорыққан бұрын жұдырықтайды

Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Мал дегеннен сауатын үш сиыры болыпты. Шал күн сайын сиырын жайып келеді де, кемпірі сүт пісіріп, тамақ істейді екен.

Бір күні сиырдың бірін қасқыр жеп кетеді. Кешкісін үйіне келген шал кемпірінен қорқып:

— Кемпір, екеуімізге екі сиыр болады ғой деп бір сиырды алтынға саттым, - деп өтірік айтып келеді.

Шал ертеңінде қалған екі сиырын өріске апарып жайып отырғанда, дағдылы қасқыр келіп, тағы бірін тартып жейді. Шал кемпіріне:

— Кешегі сиырды сатып алған саудагер артық алтын беретін болған соң, сиырдың бірін тағы сатып келдім, –дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Қан мен тер қалай жазылды

Шығарма жазылып бітті.... Кітап боп басылып шыққалы да әлдеқашан. Енді, міне, қайта-қайта басылып та жатыр. Шамасы, сірә ұзақ жылдар көз майыңды тауысқан осы кітапты алғаш рет жазсам деген ойдың басыңа қашан, қалай келгені хақында және қалай жазылғаны хақында ой толғайтын уақыт та жеткен сияқты. Шынын айтқанда, осы сауалдың бұдан бұрын да бір рет алдымды тосқаны бар. Бұнан бұрын да дәл осы сауалға жауап бергем. Ол, ұмытпасам, 1970 жылдың көктем айы еді. Алматыға белгілі сыншы Леонид Теракопян келді. Совет романдарының сериясында шыққалы әзірленіп жатқан «Қан мен тер» трилогиясының алғашқы екі кітабы — «Ымырт» пен «Сергелдеңге» алғы сөз жазбақ боп, арнайы келген сапары еді.

Қонақтың қалауы бойынша біз көбіне сыртқа шығып, кісі-қара аз, тыныш көшелермен көктем шуағын бетке ұстай жүріп әңгіме шерттік. Байқауымша, мына жігіт бұрын біздің жақта болмаған. Жолға шығарда қыс ызғары әлі де қайта қоймаған Москва маңының ауа райына қарап киінгені байқалады. Ал, біздің жаққа биыл көктем ерте кірген-ді. Қыс ызғары қала түгіл көшеге шықсаң-ақ көз алдыңа көлбеп тұрып алатын сонау тұла бойы түп-түгел қардан арылып, кіреуке мұнар арасында көкшіл жотасы көк тіреп жататын заңғар таудың өзінен де сезіле қоймайды. Оның үстіне биыл қыс ызғары бір лезде сынып, қардан арылған қаражон дала қала іргесінде бусанып, ертелі-кеш көңіл ашар қоңыр жел тау қойнауынан есті де тұрды. Әлден бүр жара бастаған терек бұтақтарында үйме-жүйме боп отырған торғайлар да ерекше сайрауық. Қонақ үстіндегі қыс пальтосын ауырлап, қос өңірін бағана біз кездескенде-ақ серпіп ашып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сенген қойым сен болсаң

Арызқойлардың соңғы буыны домалақ арыз жазушылар аузы енді аққа тиіп, қаламдары қатая бастаған тұста «домалақ арыз қаралмасын» - деген пәрмен шығып, қиянға бет алған тұста қылтасынан қиып түскендей еді. Домалақ арызшылардың иіндеріне су кетіп, еңселері езілген тұста маскүнемдер мен алькоголиктерге қарсы күрес өріс алған.

Жұмыс уақытын жұмысқа пайдаланбай, көше кезіп, дүкен аралап кететіндердің «Сыра» бөшкелерінің маңайына гүлге қонған арадай гуілдесіп, дүрілдесіп жатқандарды қатаң тәртіпке шақырған. Мұның пышағы сол тұста май үстінде еді. Талайды тағынан төңкеріп, қара нансыз қалдырған. Бұдан жұрт жазғыш (арызқой) деп сескенетін.

Бармағы балға малынған жемқор басшы, парақорлар қауіптенгені, тіпті қорыққаны жөн - ақ болсын деп ойлайтын. Ондайда бұл жалпы ішіп - жеуде, ұрлық - қарлықта, пара - сара алуға мүмкіндігі жоқ сорлылардың өзінен айбынғанын көргенде, «апам тойға барса, мен де барамынның кері ғой» - деп ойлап миығынан күлетін.

Сөйтіп жүргенде күні кеше келместің кемесіне мініп, ал «қайыр хош» деуге де жарамай, ізім қайым жоқ болған кеңсе үкіметі өзімен қатар қаз тұрып қолға қағаз - қарындаш алдырып, талайды есінен тандырып, талайды күйдіріп жандырған арызқой, пәлеқұмарларды да құрдымға тартып кеткендей еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Құтандар

Бір шағын қаладағы шеткі үйдің төбесінде құтанның ұясы болды. Ұяда төрт балапанмен ана құтан отыратын, балапандары әлі қызарып үлгермеген кіп-кішкентай қара тұмсықтарын ұядан қайта-қайта қылтитып қояды. Ұядан ұзамай, шатырдың қырында бір аяғын бауырына қысып, сымдай тартылып әке құтан отыр; бір аяғын көтеріп тұрған себебі басқа істейтін түк шаруасы жоқ еді. Өзі ағаштан жасап қадап қойған нәрсе секілді қозғалмайды.

«Бұдан артық қандай......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жапалақ көрсең атып ал

Күндерде бір күн Сүлеймен патша:
– Алтын, күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра-отыра жалықтым. Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен, кемігі жоқ қақ сүйектен, ылғи ғана бас сүйектен, сарғаймаған жас сүйектен сарай салынсын, – деп бұйырады. – Сарайдың бірінші қабаты әйелдердің, екінші қабаты еркектердің, үшінші қабаты құстардың бас сүйегінен қалансын!......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құланай жарқын

Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Кемпір тамаққа тоюды білмейтін мешкей болады. Бұлардың қу торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Тіпті бір күні жаңағы биені жегісі келіп, шалына: «Осы биенің есімі жоқ, сойып алайық», – дейді. Торы биенің досы - осы үйдің бір тазысы болады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тепеңкөк

Бұрыңғы заманда бір сараң байдың үш ұлы болыпты. Ол балаларын үйлендірмеген екен. Бір күндерде балалары ақылдасып, үлкені мен ортаншысы кенже інісіне айтыпты:
— Біздей байдың балалары әлдеқашан үйленіп, мал-малданып, жан-жанданып отыр, біз әлі күнге шейін сүр бойдақпыз. Сен әкемізге барып айт, бізге қатын алып берсін, – деп.
Бұл барып айтқан соң, әкесі:
— Күз болсын, кәрі бие, қатпа тайлар жетілсін, – депті. Күз болыпты, кенже баласы тағы айтқан екен, әкесі:
— Қылышын сүйретіп қыс келеді, қыс өткен соң алып беремін, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық
0 0