Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау. 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған. Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады.....
Өткен заманда Ыбырайым деген бір пайғамбардың түні бойы тісі ауырыпты. Тісінің ауруына шыдамай ол түрегеп жүріп, әйеліне:
— Менің тісім қатты ауырды, сен бір әңгіме айтшы, тісімнің ауырғаны қояр ма екен, – депті. Әйелі: «Менің әңгімем сіздің ауруыңызды қойғызарлық қандай қызықты болар дейсің, одан да осында көп жасаған қарт Сұлтанхан деген кісі бар, сол кісіні шақырып берейін. Сізге әңгіме айтып берсін», – депті де Сұлтанханды шақырыпты. Сұлтанхан келген соң, Ыбырайым: «Бір әңгіме айтшы, менің тісімнің ауырғаны басылар ма екен», – дейді. «Тақсыр, есіткенімді айтайын ба, жоқ көргенімді айтайын ба?» – дейді Сұлтанхан. «Естігеннің бірі рас болса, бірі бекер болады, одан да көзбен көргенді айт!» – дейді Ыбырайым.......
Баяғыда бір молда болыпты. Ол тек кейбір әріптерді танығаны болмаса, түк білмейтін дүмшенің өзі екен.
Бір күні молда бір ауылға келеді де: «Балаларыңды маған беріңдер, мен оқытамын», – дейді. Ауыл адамдары балаларын жинайды, әрі оқытатын үй тігіп береді.
Баяғы заманда қара басы бақ-дәулетке емін-еркін болса да дүниенің ауыр бір арманына ұшырайтын адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам иен далада зар илеп, жападан жалғыз келе жатады. Аты – Мұратқан. Сонда Мұратқан «не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай тұрсын, іздеп шыққан қыздың да жүзін көріп, ауыз екі сөйлесе алмадым, енді мұны ұшқан құс, жүгірген аң білмейді, қайтып кетуге ел-жұртымның қайда қалғанын тағы білмеймін. Көкте екенімді, жерде екенімді қазір білер жан жоқ» деп, төмен қарап аяңдап келе жатыр еді, адамша азынаған бір дауыс құлағына жетті. Адамзат көрмегеніне, ел-жұрттың бетін көрмегеніне талай замандар өткен Мұратқанға мына дауыс бір түрлі қорқыныш сияқты да болады. «Я, Алла, бұл не ғажап, бұл жерде адам баласы жүрмейтін еді ғой» деп, жан-жағына көз салып қарап тұра қалды. Қараса, алдына бір үлкен дәу таяп, төніп келіп қалған екен. Әлгі дауыс қоймай, мұны шақыра бергендей болды. Мұратқан бұл да өзімдей адам шығар деп, тауға қарай жүрді. Биік тауға таяп келгенде, бір үлкен құс сияқты нәрсені көрді. Мұратқан, басы адам сияқты болған соң, бұл адамша тіл біледі екен деп ойлады. «Ей, бері келгін», – деп дауыс берді. Оны құс тыңдамай кетіп қалды. Мұратқан ойланып, «адам сияқты құс болады деуші еді, осы екен ғой, мұнан гөрі дұрыстау біреуі тағы бар шығар» деп, таудың басына қарай жүрді. Бір заманда таудың басына жетті.......
Бір қорада тоқты қошқар, бұзау бұқа, лақ теке – үшеуі дос екен. Бір күні күн шыға бөрте лақ орнынан атып тұрады да керіліп-созылып, пысқырынып, ұйқысын ашады. Сонан соң секіріп барып, күйсеп жатқан көк қасқа марқаны сүзгілеп тұрғызады. Екеуі қасқа бұзауға келеді. Лақ теке екі жолдасына былай дейді:
— Жүріңдер, серуендеп қайталық. Анау көрінген сары адырға барайық. Онда мөлдір бұлақ бар. Сүйікті асымыз, өлең шөпке тоямыз. Тоқты қошқар балғын балаусасын теріп жесін. Менің тұяғым қышыды, тастан-тасқа секірейін, тілім қышыды, қынасын теріп жейін, жүріңдер!
Лақ теке бастайды да үшеуі жүріп кетеді. Келе жатып, жолдан бір қап бидай тауып алады.......
Баяғыда бір жарлы болыпты, мінуге аты, ішуге асы болмапты, бала-шағасы көп болыпты. Мал дегенде маңдайына біткен жалғыз ғана қазы болыпты. «Аштық – атаң емес» деген, тесік тамақ шыдата ма, ақыр соңында сол қазды жемекші болып сойып, пісіреді. Бірақ оған салатын тұзы да, қосып жейтін наны да болмайды. Сонда жарлы тұрып әйеліне:
— Қатын, осы қазды тұзсыз, нансыз жегеннен де ханға апарып тартсам қайтеді? Сөйтіп, одан бірнеше күн тамақ қыларлық астық сұрасам қайтеді, – дейді. Қатыны:
— Мейлің, сүйтсең, сүйте ғой, – дейді. Жарлы ханға пісірген қазды алып келеді.......