Ертегі: Мейірімді аяз жайлы ертегі

Екі қызым мектептен келе сала:

— Мама, мұздап кеттік,
— Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
— Мама, аяз жаман ғой,- деп бұртиды кішісі.
— Иә, қатып қалдым,- деп қостай кетті үлкен.
— Қой, аязды жаман демеңдер. Ауа-райын сөгуге болмайды. Аяздың да пайдасы бар, - деп пешке көмір салып жатқан мен оларға басу айттым.
......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ана жүрегі


Салқын күздің сары таңын Балқия ана бүгін де жайсыз ұйқымен атқызды. Көзі ілінсе болғаны тағы да соғыс шықпай қойды түсінен.

Өте бір шошымал түсті Балқия таңға жақын көрді: жалаң аяқ жалан бас, көйлекшең қалпы қанды қырғын майдан даласын кезіп, жан ұшырып жүгіріп келеді екен. Іздегені жалғыз ұлы аяулы Мәмбеті. «Мәмбет! Мәмбет!» — деп Балқия пәрменімен ышқына айғайлайды. О жағы, бу жағынан гүрсілдеп жарылып жатқан тажалдарды елеп те қоймайды. «Мәмбеті Мәмбет!».

Кенет бұлттай қаптаған шаң мен түтін қойыртпағының арасынан Балқияның дәл алдынан Мәмбет шыға келді. Өз Мәмбеті, аңсаған алтын ұлы. Мылтық ұстаған қолын көкке сермеп, «апа!» деп, ол Балқияға қарай кұшақ жайып ұмтылды. Сөйткенше болмады, алып қоңыз тәрізденген қара сұр ірі танк Мәмбеттің арт жағынан сумаң етіп, ол да шыға келді. Жылан бауыры қаршылдап, өте шықты жосылтып. Мәмбет оған бір тал бұта құрлы да болған жоқ, танктің зіл кеудесіне көміліп қала берді...

«Мәмбет!» «Мәмбет!» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілі


Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.

Сол бір үннен өмір сырын ұға алдым,
Содан білдім табиғатын жыр-әннін.
Оянсам да сол дауысты іздеппін,
Жыласам да сол үнді естіп жұбандым.

Оған әлемдегі бірде-бір тіл таныс емес еді. Тіпті ести қойса да, бөбек оған селт ете қоймайтын. Өйткені оған солардың бәрінен де жақын, бәрінен де ыстық, бәрінен де күшті бір тіл болды. Бөбек бұл тілдің өзінің ана тілі деп аталатынын білген жоқ. Тек бұл тілде өзінің анасы сөйлейтін еді - бөбекке бұл тіл сондықтан қуатты болды, сондықтан ыстық еді, сондықтан жақын болды. Осы тілде бір тұнып тұрған мейір бар еді. Бұл тілде барлық нәрсе түсінікті еді, түсініксіз ештеңе де болмайтын. Сондықтан бөбек ұйқысынан ояна салып, алдымен осы тілді іздейді. Оған әлемде бұдан артық тіл болуы да мүмкін емес.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Латын әліпбиіне көшу


Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуы.

«Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық»

Ахмет Байтұрсұнов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Жалғасы бар ертегі

Адамзат мекен ететін 5 құрлықтың барлығына қанатын кең жайған алып бір патшалық болыпты. Ол патшалықтың ерекшелігі адамдардың жасына, жынысына, тіліне, дініне, ұлтына қарамай барлығын да өз патшалығына қабылдай беретін, ешқандай шекарасы жоқ мекен екен. Сол Бүкіл Әлемдік Желілер Патшалығы деп аталатын патшалықтың билеушісі Ғаламтор патша өте ақылды, білімді, жан-жақты болыпты. Ең алғаш......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Үш күн

I

Оған енді көп заман болды...

Көлбайдың бір ерекше кейіп отырған күні еді. Үш қанат қара лашығының ішінде су тезекті қоздандыра алмай, өңеші қызарғанша үрлеп отыр. Кешегі нөсерден кейін құрғақ отын тұратын Көлбай үйі ме? Әл-дәрменін жиып, от басына шөгіп ап, тағы-тағы үрлейді. Ащы түтін қолқасын атып, көзінен жас ағызады. Бірақ тұтанбайды. Түтіні құрғыр шаңырақтан шықпайды. Кішкене үйдің ішін бықсып, шалқып, мор болып, басып алды. Өзі барып шапқан тобылғысын жеткізіп алайын дегелі әлденеше күн болса да, бай үйі көлік берді ме?

— Әй, итшілеген қу дүние-ай! — деп, кішкене қол көрігін босағаға лақтырып тастап, қалаулы тұрған тезектің бірнеше томарын алып, қолымен үге бастады... Басы, көзі, қойны-қоншын ораған сасық көк түтіннен бетін бұрып босағаға қарады...

— Мына пәлесі тағы жатыр ма еді жаратқан? — деп одан да көзі тайқыды. Тесігі үңірейіп, бір жарты қазан жатыр. — "Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!" — деген бұйрықпен байдың үйі жіберіпті, бүгін құлқын сәріден.

— Алты ай жаздай қара күреш табыс таптырмады! Құдайдың құтты күні не өзі, не жақынының ісін жібереді де отырады. Бай үйінен келген іс болса, ол ақысыз іс деген сөз. Себеп? Себебін несіне сұрайсың? Оған бай да, Көлбай да жауап бере алмайды. Тегі қоңсылық шығар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қызым,саған айтамын...

Еңсемнің еңсермейтіні, ойымның аласырмайтыны - әжемнің үнемі айтудан жалықпайтын өнегелі өсиетінің санама сіңуі, бойыма даруы деп білемін. Ес кіріп, тіл шыққалы – әжемнің етегіне жармасып, тамағына таласып өскен жандардың бірі мен едім. Ә, дегеннен-ақ сөз саптауы бөлек еді. Жиын болсың немесе кісі қарасы көп жерде сөз алғанда келген мейманның аузын аштырып, бәрі де құлақ түре ұйып тыңдайтұғын.Ата-анамның тәрбиесінен бөлек.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен қасқырдың достығы

Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Екеуі біріне-бірі барыс-келіс жасап тұрады.
Бір күні түлкі қыдырып, қасқыр досының үйіне келсе, жейтін түгі жоқ, аштан бұралып отыр екен.
Түлкінің осындай қысылтаяң кезде келгеніне қуанған қасқыр:
– О, досым, келгенің қандай жақсы болды. Тіске басар түгім жоқ, қарным ашып, ішім шұрылдап отыр. Сен епшіл, амалшылсың ғой, айлаң да көп. Бір амалын ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Молда мен сиқыршы әйел

Ертеде бір молда болыпты. Молданың бір оқыған сиқыршы әйелі болыпты. Әйелі үйінде тамақ ішпейді, молданы сиқырлап ұйықтатып тастайды да, өзі ылғи басқа бір жаққа барып қайтып жүреді.
Бір күні молда әйелін аңдиды. Тамақ дайындап беріп, әйелі үйден кетісімен молда жалма-жан киімін өзгертіп, қараңғы түнде әйелінің соңынан ереді де отырады. Әйел бір молаға барады. Моладан жаңа көмілген адамньң етін алып жейді. Мұны өз көзімен көрген молда әйелінен бұрын үйіне келіп жатып қалады. Артынан көп кешікпей әйелі де келіп жатады.
Таңсртең тұрып молда тамаққа отырғанда, әйел күндегісіндей тамақ жемей қарап отырады. Оған молда ашуланып......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Нәсіреддин Сералиев | Мен баламын ба

1

— Қойшыжан, кешігіп қалмайсың ба?

— Кешікпеймін. — Мен жастығымның астындағы «штамповкі» сағатымды алып қарайым. Әлі ерте. Сағат екі жарым. Кенсе ашылатын уақытқа әлі аттай біржарым сағат бар.

— Сенің со сырқылдағың тұрып қалған шығар, үйдің іші жап-жарық қой, — дейді апам.

Тайдың тұяғындай дөңгелек қалта сағатымды жалма-жан құлағыма тосамын. Жоқ, натидың ескі моторынша тарс-тарс ұрып тұр. Жазда апам арқалап қауын сатқан ақшасына тамағынан жырып, «сабақ бергенде уақытты біліп отырасың» деп, сатып алып беріп еді. «Отқа салсаң күймейтін, суға салсаң батпайтын, тасқа ұрсаң сынбайтын, өмір бойы тұрмайтын ғажайып сағат! Алып қал! Алып қал! Алмасаң да көріп қал!» деп жылмаңдатқан бір ақсақ саудагерден алғанбыз. Қу саудагер бізді алдап соққан екен, «ғажайып сағат» базардан шыға бере сыр берді... Өмірімде түңғыш сағат ұстаған менің екі езуім екі құлағымда. Кеудем де сағатпен қосыла дүрсілдейтіндей. Қуанғанда мұп-мұздай шойында ысып кете ме дедім, біресе он уысыма, біресе сол уысыма қысып келе жатқан сағатым жаңа туған тауықтың жұмыртқасы секілді жып-жылы. Бір мезетте соғысын байқайыншы деп құлағыма тосып едім... түк дыбыс жоқ. Сағат тіліне қарасам, ол да қаңтарылған аттай сілейіп қалған. Дереу апам екеуміз ізімізше базарға жүгіріп, әлгі саудагерді іздеп шарқ ұрдық. Ізім қайым жоқ, суға батып кеткен қара тастай. Біздей ашық ауызды алдап соққан алааяқ тұратын ба еді. Сан соғып қалғанымызды көргендер мүсіркеп жұбатып жатыр. Бір шалғы мұртты қазақ: «Шырағым, бұл штамповкі деген сағат болады, мезгілсіз шақыратын тауық секілді» деп сағатымды сілкіп-сілкіп қолыма берді. Сағат «кеудесі» зырқылдап қайта соқты. Амал қанша, өкініштен ішіме шоқ түскендей кете барғанмын.:. Мынау сағат, сол штамповкі. Тоқсан бір сом төлеп сағатшыға жөндетіп алғанмын. Сөйтсем де қара басып тұрын қала береді. Талай-талай ұятқа қалдырғаны бар.

— Тоқтамап па?—дейді апам шыдамсызданып тағы да.

— Тоқтамапты, апа.

Мен анамды апа дейім. Жұрттың бәрінің анасы солай ма, әлде жалғыз менің ғана анам ба, әйтеуір оның менен тек шығарға жаны бөлек. Бір минут көз алдынан таса қылғысы келмейді. Көзінен тайсам адасып кететін құттай баладай көреді де тұрады. Маған мұрт шыққанында шаруасы жоқ. Әкемнің айтуынша, әлдеқашан отау иесі, сабаудай жігіт болдым. Апамның емшектегі нәресте құсатып өбектегенінен ұялам... Кейде кісі көзінше-ақ жүз айналып, мың толғанатынын қайтерсің. Ондайда шыным, жердің жарығы болса соған кіріп кеткім келеді. Бірақ, қанша қысылғанмен ішім жек көрмейді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0