Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Туған жер

О, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше көр.

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасып болсам мен егер.

Қасым

Пойыз жүрер алдындағы сәтті есіңе түсірші: қоңырау соңғы рет соғылған, жолаушылар мен шығарып салуға келген кісілер айрылысар алдындағы сөзін асыға-үсіге айтып, қоштасып, құшақтарын енді ғана жаза, ажыраса береді де, әлденені ұмытқандай қайта оралады, қайта құшақтасады, қызыл бояу жаққан ерін қайыс ерінге қайта жабысып, бас-аяғы жоқ бір-бір сөз, бір-бір ауыз тілектерін жолдап, абыр-жыбыр, ал кеш қалған жолаушылар дәл бір өрттен шыққандай, есі-түсі қалмай етек-жеңі далақтап жүгіріп келеді.

Жасыратыны жоқ, жылжып бара жатқан пойызға екі етегі далақтап жеткен жолаушының мен де бірімін. Қара терге түсіп, алқынып барам. Шығарып салған жолдастарым да ренішті. Қайсыбірі құрдастығын арқаланып боқтап жатыр. Олармен қалай қоштасқанымды да білмеймін. Құшағымдағы кішкентай баламнан бауырымды жазып, қасымда жүгіріп келе жатқан шешесіне ұстата салдым да, көк шолақ пойызға бір-ақ ырғыдым. «Ісі құрсын. Әр кездегісі осы», — деген ренішті біреудің дауысын құлағым шалды. Жиі-жиі есіте бергесін әсер етпейтін сөздер болады. Кісі ұрысқанға да үйренеді. Жолдастарымның әлгіндей ренішіне қысылу орнына күлімсіреппін. Купеге заттарымды кіргізе сала қайта шықтым. Кісі-қаралар үймелеп тұрған терезеге.ентелеп барып мен де үңілгенде, көк шолақ пойыз құниып тартып, сыпыртып ұзап та кетіпті.

— Жә, қайтесің,— деді сырт жағымнан салқын дауыс. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Бөдененің құйрығы неге қысқа

Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ, шамалары келмепті.Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» - дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты.
- Тәуекел! - деп, бөдене ұша жөнеліпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Агрессивті мінез құлықтың алдын алу


Балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік (лат. «шабуылдау, қауіп тудыру») – агрессивті мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелесі, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс береді. Осындай мінез-құлықты балалар саны тез артып келе жатқандықтан, тақырып өзектігі күмән келтірмейді.

Бұл көптеген жағымсыз факторлар: балалардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашарлауынан; отбасылық тәрбие дағдарысынан; мектептің балалардың жүйке-психикалық жағдайына көңіл аудармауынан; баланың миына зақым келу түрінде салдары болатын патологиялық босану үлесінің артуынан орын алып отыр.

Зорлық–зомбылықты үздіксіз насихаттаумен айналысатын жалпы ақпарат құралдарды, кино және бейнеиндустрия да өз үлесін қосып отыр. Соңғы жылдары балалар агрессиясы проблемаларына ғылыми мүдделілік те артып отыр, бірақ, өкінішке орай, шынайы түзету мен емшара тәжірибесіне негізделген зерттеулер салыстырмалы түрде аз.

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Әңгіме: Айша Балтахаева | Бұзық қыз

Гүләйым..., Гүләйым дим... Гәкөн!!

— Не?

— Не деме, ау де!

— Аууу (түрін тыржитып)

— Маған отын әкеліп береғойшы. Аяқ киімімді таппай жатырмын

— Өй қойшы..

— Мен қойшы емеспін, көрші Қонысбек ата ғой қой бағатын (күліп), әкеп берші енді Гәкөн.

— Өзің алып алшы (мұртнын тартып-тартып қойып)

— Не істеп отырсың ол жерде енді

— Көбелектің жаназасын шығарып жатырмыз.

— Құдай сақтасын... не деп отырсың?

Кішкентай етіп төбешік жасап, үстіне ағашты ағашқа байлап «крест» қадап қойыпты.

— Жаңа көбелек өлтіріп ем, соны көміп жатырмын, мазаламашы.

— Қап.... сені ма, мамам келсін, тілді алмайтыныңды бірден айтам. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Кержақтың монологы

Ол іштен тынғалы қашан? Ішіне қан қатқалы қашан?!

...Трау–трау... трау–трау... трау...

Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.

Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Қарттың ұлына өсиеті

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
— Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:
— Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
— Жәй отырмын, – деп жауап береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жұмсауық келін

Ерте, ерте, ертеде бір қарияның келіні болыпты. Ол өзі өте жұмсауық екен, маңайындағы ауыл үй адамдарын талғаусыз жұмсай беріпті. Көршілері оны сондықтан «жұмсауық келін» деп атап кетіпті.

Мұны естіп бір күні қария отауына беттейді. «Келінге барып хабарласайыншы, мені де жұмсар ма екен», – деп ойлайды ол.

Қарт отауға таяй бергенде, үйден......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Ел поэмалары Қозы Көрпеш Баян


Қазіргі жиналған ел әдебиетінің ішінде қазақ жұртының ел поэмасына қосылатын екі үлкен әңгіме, 5 өлең бар. Біреуі – "Қозы Көрпеш – Баян", екіншісі – "Қыз Жібек". Ел поэмасы деп қандай түрдегі әңгімелі өлеңді айтатынымызды осы екеуінің мағынасы мен үлгісін қарастырған уақытта анықтап айтпақшымыз. Сондықтан, қазір жалпы сөзді айтудың орнына сол екі әңгімені бас-басына қарастыруға кірісеміз. Әуелі қарастыратынымыз "Қозы Көрпеш – Баян".

"Қозы Көрпеш – Баянның" қысқаша әңгімесі

Ескерту: екі бай аты 1-Қарабай, 2-Сарыбай.

Бұрынғы өткен уақытта Балталы, Бағаналы деген елдің ішіне шеттен ауып келген Қарабай, Сарыбай деген екі бай келеді. Сарыбай келген жерден Балталының еліне үлкен мырзалық көрсетіп, қалың елдің бейілін алып, ханы есепті, қадірлі жақсысы болады. Қарабай тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, сараңдықпен құнсыз болып елге қадірі жоқ болады. Екеуінің жасы жетпіс пен сексенге келген кәрі. Бірақ балалары жоқ, зарлы. Бір күні екі бай елсіз тауда анда жүріп, кез келіседі, мұңдарын айтысады. Екеуінің де үйіндегі қатындары екі қабат екен. Құдай атын айтып дос болып, бірінен ұл, бірінен қыз туса, екеуін қоспақ болып ежеғабыл жасайды. Сол уәденің үстінде, Қарабай Сарыбайдан тілек етіп бір буаз маралды атқызады. Буаз аңның киесі атып, Сарыбай сол жерде өледі. Қарабай егіз лақ маралды алып, еліне қайтады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Шәркей

Шәутен деген бала бар еді. Оның бір әдемі ақ қозысы бар еді. Шәутен ақ қозысын жақсы көруші еді. Қозысының енесін апасына өзі саудырушы еді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді.

Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқанда қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді.

Апасы:

— Қой, балам, жылама! Осы қозының өзінің жүнін шәркей ғып берем, онда қайтер екен, — деді.

Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетті. Шәутен де өсті. Жамаулы жаман шәркейі кішкенеден-кішкене болып, аяғына симай қалды.

Шәутен:

— Апа, шәркейім аяғыма симай қалды, — деді. Апасы:

— Ендеше ақмарқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, — деді. Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

— Апа, марқаны қырықтырдым, жүнін әкелдім, енді шәркейім болды ма? — деді.

Апасы: .....
Әңгімелер
Толық
0 0