Ертегі: Екі жетім

Бұрынғы заманда бір бай болған екен, ол байдың бәйбішесі және тоқалы болыпты. Бәйбішесінің бір қызы, тоқалының бір ұлы, бір қызы болыпты. Күндерде бір күн тоқалы ауырып өледі. Бәйбіше тоқалдан туған қыз бен ұлға түк тамақ, киім бермей, өнебойы қиын жұмыс істетіп жүреді екен. Бір күні бәйбіше әлгі бала мен қызға ұрсып-ұрсып:

— Қой бағып келіңдер! – деп, аштан аш далаға айдап жіберіпті. Бала мен қыз жылай-жылай қой соңында жүріпті. Баланың жылағанын қойлардың арасынан бір қошқар естіп, қыз бен баланың қасына жүгіріп келіп:

— Неге жылап отырсыңдар? – депті. Бала мен қыз бастарынан өткен қиыншылықтардың......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Санамақ, сергіту сәті

Айтар болсам саралап
Көп қой түрлі санамақ
Бір дегенім – бір саусақ
Екі дегенім – екі саусақ
Үш дегенім – үш саусақ
Төрт дегенім –төрт саусақ
Бес дегенім....
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балалар

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәзіргі таңда көру қабілеті бұзылған балалар күн санап артуда.Сол балдарды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым тифлопедагогика. Тифлопедагогика – дефектологияның түзету педагогикасы.Ол арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайы білім беру жүйесі,тәрбиелеу және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Оқу үрдісінің тәжірибесінде педагогтардың жаңа оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс тәсілдерін және жаңа технологияларды енгізу проблемалары


This article discusses the problem of introduction in educational process of innovative working methods and new teaching technologies. Features of teaching in the system of training of credit technology in colleges are analysed. The author reveals the effective teaching methods in the new system of teaching.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті, сапалы, білікті маман даярлау. Осы білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадамдар көп. Дегенмен, бүгінгі күні осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттеріміздің дұрыс атқарылмауы, оқу жүйесіне енгізілуіндегі ахауылдар оқу жүйесінде үлкен проблемаларды туындап отыр.

Қарастырылып отырған мақаламызда қазіргі таңдағы оқу сапасындағы оқытушылардың кредиттік оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс – тәсілдердің және жаңа технологиялардың енгізу проблемаларын қарастырып, оларға жаңа көзқараспен талдау жасадық......
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: «Геометриялық пішіндер туралы ертегі»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау; дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың заттарды санау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту;
Тәрбиелік: балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар.
Көрнекті құралдар: геометриялық пішіндер (сопақша, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер немесе дөңгелек), санау таяқшалары, суреттер, сандар.
Үлестірмелі материалдар: санау таяқшалары, геометриялық пішіндер....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Бақытты ит


Биік-биік дуалдан арғы жағындағы әсем коттедждері әрең көрінетін көшемен өрлеп келемін. Мына керемет үйлер біз тұратын ықшамауданмен көршілес екеніне көңілім сенбейді. Өз үйімді қатты қорашсынып қалғаным рас еді. Мұндағы үйлердің сәулеті бірінен-бірі асады. Сыртынан көріп жүрсем де, бұл сарайларда қандай өмір қайнап жатқанына қызықпаған екенмін.

«Еменді» ықшамауданындағы бесінші нөмірлі үйді іздеп келемін. Бұл ауданның көшелерінде атау жоқ. Біріне-бірі иін тірестіре салынған, қос дуалдың ортасынан екі жеңіл көлік сығылысып әрең өтетін көшелерге елдік тұлғалардың аты берілмегені де жөн шығар. Мына жерге қор болады ғой. Болашақ «қызмет орнымды» іздеп жүріп, осылай «кең ойланып» келе жатқан жайым бар.

Ертеңнен бастап №5 үйге күзетші болмақпын. Бұған дейін тышқан мұрнын қанатып, жұмыс істеп көрмеген ерке едім. Әкем мен анамның зейнетақысын жырымдап, оқуыма төлеп жатқаны ойландырды. Күндердің күні тәртіп сақшысы болып істейтін ағама: «Жұмыс тауып бер», — деп міндетси қалдым. Оқуыма өзім тапқан ақшаны төлегім келетінін айттым. Үшінші курс болғанымды, енді ата-анама салмақ сала беруім дұрыс еместігін термелеп жатырмын. Ағам менің кенет күрт өзгергеніме сенер-сенбесін білмей, бет-жүзіме сығырая, зор күдікпен қарап алды да:

— Табамыз. Шынымен жұмыс істегің келсе... — деп қысқа қайырды.

Тапқаны — күзетшілік. Жұма күні қолыма өзінің сәл ғана ескірген жұмыс формасын, әлдебір куәлікті ұстатты. «Осы көшемен тік жүріп, бағдаршамнан солға бұрылсаң, қызыл шатырлы үлкен үй көрінеді. Соның қатарымен жоғары өрлей бер. Алдыңдағы екінші бұрылыстан №5 үйге тірелесің. Сонда Марат және Тамыр деген жігіттер бар. Соларға менен келгеніңді айт. Олар сені бастығыңмен таныстырады» деген ақылын қоса айтты. Және өзімнің студент екенім туралы тіс жармауым керек. Ішкі істер қызметкерімін, болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Бала қарға

Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең


«Еңбек қылмас еріншек-адам болмас»,-деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтпақшы бүгінгі заманда икеміңе қарай еңбек етпесең бір кем дүние сонда болмақ.Еңбек-рахаттың атасы.Сондықтан да,еңбекпен тапқан нанның тәтті болары осыдан.Қазақ ертеден-ақ өнерлінің өрісі кең деп,еңбекқор жанды бағалап,өнерін ұлықтап,шығармашылық жұмысы сарқылмасын деп ерекше құрметтеген.Иә,елге сіңірген еңбек жақсы,еңбекті елеген ел жақсы дегендей бұл мақалада өнерімен талайды өзіне баурай білген Айтжанов Батырқұл ағайды арқау етпекпін.

Айтжанов Батырқұл Асанұлы №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.Ағайымыз мектептің бетке ұстар азаматы,пейілі дархан,көңілі ақ,сырбаз да сабырлы,бесаспап,табиғи дарын иесі десем қателеспегенім шығар сірә!Ол кісі қарапайымдылығынан айнымайтын,адамгершілігі мол,жүрген ортасына сыйлы мейірімді де қайырымды азамат. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Алпамыс батыр жыры


«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары көп эпостың бірі.

Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ, өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа. Қарақалпақ, өзбек елдеріндегі «Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант, версиясы табылып отыр. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс» эпосы көп замандардан бері сақталып келген.

Қазақта «Алпамыс» эпосы халық аузынан ХІХ ғасырдың аяғында жазылып алынған. Бірінші рет басылуы - 1896 жыл. Ең соңғы, толық варианты 1957 жылы ғана басылып шықты. Осы екі арада талай рет басылған. Біздің бұл еңбегімізде талдау үшін алынатын негізгі нұсқалар - осы соңғы варианты мен 1896 жылғы басылған эпостың екінші бөлімі. Басқа тілдердегі «Алпамыстың» вариант, версияларының қысқаша мазмұнын келтіреміз де, керек болған дәрежеде ғана шолулар жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0