Тақпақ: Ұлы Абайға

Сезініп өлең-жырдың ғаламатын,
Ұмытылмас ешқашан ұлы ақын.
Халқының данышпаны ұлы Абай
Жырымен таңғалдырған жамағатын.

Ғажайып сырға толы өлеңдерің,
Тебіренеді толқындай жан жүрегім.
Бүгінгі ұрпақ сусындап жырларыңнан
Жалындап шабыт алып шарықтаған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Кемпір мен аруақ

Баяғыда бір қу жігіт болыпты. Ол үнемі ел аралап қожа-молданы күлкі етіп, жарлы-жақыбайды жадыратып жүреді екен. Бір күні ел аралап келе жатқан әлгі қу жігіт бір науқас кемпірдің үйіне тап болған екен дейді.

Ауруынан қорыққан кемпір молла және балгер шақыртып, күнде бал аштырып, құмалақ салдырып отырады екен. Ал моллакең аңқау кемпірді алдап, Алла атынан ақы алып отырады. Мұны білген қу жігіт молланы бір қатыруды ойлайды да кемпірдің баласына шешесінің бір кезек киімін ұрлатып алдырады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Ақ бидай туралы аңыз

Құлқын сәріде жазу столына кеп отырғанда айтар ойым әзір сияқты еді. Ыбырсып жатқан қолжазбаларды ары ысыра сап, әдеттегі машықпен бір парақ қағазды алдыма тартып алдым. Қолымда жем тілеген көгершіннің мойнындай қылпылдаған қарындаш та аяғынан басып, шу деген жерден ақ қағаз бетімен жорғалай жөнелетін сияқты еді. Иә, кейде кісі бастамаған ісінің ақыры сәтті болып аяқталарына көзі күні бұрын жетіп, көкірегінде қолға ұстатқандай бір нығыз сенім тұрады. Оның үстіне мен осы барған сапарымнан көңілді қайттым. Түгін тартсам түбінен майы шығып жатқан қазіргі Сарыарқаның ырысы мен ырзығы мол даласын өз көзіммен көріп қайтқам-ды. Сол далада қара жерге қолдан егін егіп, ағыл-тегіл астық өндіріп жатқан адамдардың кешегі егін орағы басталып кеткеннен бергі жан алып, жан берердей еңбегін барша жұртқа паш етсем бе деп едім. Асылы қағаз соңына түскен адамның өзіне-өзі ие бола беретін кезі аз болады. Кейде сені қиялың билейді. Кейде көлденеңнен киліккен бір желөкпе сезімнің жетегіне ілесіп кете барасың. Енді, міне, Құдай қылса қайтесің... Таңмен таласа оянып, үй іші ұйқыда жатқан осынау бір әрбір қалам ұстаған кісілер үшін іздесе таптырмайтын жым-жырт тыныш кезде столға отырып, осы сапардан көңілімді толқытып қайтқан кейбір әсерім мен ойымды ортаға салар жерде, қайдағы бір қаперімде жоқ нәрсе қалам ұшына орала кеткені. Онда да ертеде өткен ескі қазақ өмірі. Ескі өмірдің де өзімнің тап осы қазіргі көңіл-күйіме құттай да қатысы жоқ қайдағы-қайдағы жүдеу көрінісі. Қыста қанша жамау бастырсаң да жыртық-тесігі таусылмайтын атаң қазақтың әйтеуір лаждап уақыт өткізетін лашығы мен ықтырмасынан жел ызғып, зықын кетіріп біткесін, ол кезде әрбір өткен күнді олжадай көретін кедей шаруалар көктем нышан беріп, күн жылт етсе болғаны жайлауға көше жөнелетін. Бар тірлігі ат жалы мен атан қомында өтетін көшпелі ел үшін қиын өмірдің ең бір қимас шағы - осы көктем. Қардан арылған қырда қыс ызғары сірә да қалмайды......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Шал мен бала


Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп есікке қарай бейімделді.

Орта тұста отырған бүкірлеу қаба сақал кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында тағамдар салған сумкасы. Кенет трамвайдың жүрісі күрт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағына таман тақыр бас кішкене бала түр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерге сүзе барып соғылатыны айқын еді.

— Рақмет, балам!

Тақыр бас бала шалды трамвайдың басқышынан да демеп, сүйеп түсірді.

Бұл — көз байланып қалған кешкі мезгіл еді. Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп түнере салбырап тұр.

Трамвай қоңырауын тағы да шылдырлатып, келген ізіне қарап бұрыла жөнеп берді. Терезеден түсіп, жерді жарық етіп тұрған шаршы көзді сәулелер онымен бірге қозғалды. Енді маңайды қараңғы түнек басып кетті.

Шал шалшық судан қорынып, қалай қарай аяқ басарын бағдарлай алмай тұр.

— Ата, бері қарай жүріңіз, — деп тақыр бас бала шалды қайтадан келіп қолтықтады. -Сумкаңызды маған беріңіз. Мен алып жүрейін.

Бейтаныс баланын көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді.

— Балам, сен қай баласың?

— Мен сіздің үйдің жоғарғы жағындағы кешеде тұрамын. Сіздің Сашаңыз екеуіміз бірге, бір класта оқимыз, — деді бала.

— Жарайсың, балам. Азық-түлік алайын деп бағана базарға барып едім. Содан соң күн жауып, кешігіп қалғаным. Ал менің Сашам қалай оқиды, соны айтшы?

— Жақсы оқиды.

Класта тыныш отыра ма? Тәртіпсіздік қылықтары жоқ па? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Алтын қоңыз

араңызшы! Әне! Есуасша билеп жүр,

Бүйі шағып алса керек...

(Ешкімдікі жөн емес)

Бұдан біраз жыл бұрын менің Вильям Летран деген бір кісімен жақынырақ танысуыма тура келді. Ол өзі бір кезде дәулетті гугенеттер әулетінен шыққан, бірақ қыр соңынан қалмаған қырсықтың салдарынан бағы тайып, кейін қу тақыр боп кедейленген адам еді. Бар байлықтан айрылған соң көрінгенге көзтүрткі болмайын деп, ол өзінің ежелгі атамекені Жаңа Орлеан қаласын тастап, Оңтүстік Каролинадағы Чарлстон маңындағы Сэливанов аралына барып қоныстанған болатын.

Бұл бір алабөтен арал. Өзі ұзындығы үш мильдей теңіздің қайран құмынан тұрады. Ені тілдей, еш жерде ширек мильден аспайды. Шалшық шілік пен қалың қамысты жанамалап, суы зорға жылжитын қылдырықтай бұғаз ғана оны құрлықтан бөліп жатады. Аралда ағаш аз, әрі жөнді өспейді де. Тіпті шын мәніндегі ағаш жоқтың қасы. Аралдың сонау батыс жақ шетіндегі қаңқиған Моултри форты мен жаз айларында халық құжынап кететін тіршілігі беймаза Чарлстонның қапырық шаңынан қашып жаз айларында қала тұрғындары уақытша қоныстанып, жан сауғалайтын бірнеше қалқайған үйшіктер салынған маңнан ғана қылқан жапырақты бәкене пальмаларды көруге болады. Оның есесіне егер батыстағы әлгі мүйіс пен теңіз жағалауындағы тастан бетер ақ қайраң кемерді есептемегенде, аралды түгел ағылшын бағбандары аса қадірлейтін қош иісті мирта тоғайы басып кеткен. Қау боп өскен қалың бұталардың биіктігі кей тұста он бес жиырма футқа дейін жетіп, төңіректі ғаламат хош иіске бөлеп, арасынан адам өтіп болмайтын тұтасқан тоғайға айналады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді)
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Берілген сұрақты түсінеді және жауап бере алады;
Көптеген оқушылар: шағын диалогке қатысып, лайықты жауап бере алады;
Кейбір оқушылар:болымды, болымсыз етістіктерді айтылымда ұтымды қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алтын орда II кітап

БІРІНШІ ТАРАУ

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал Құтлық Темірден сәл төмендеу, оның сол жағына бас әмірші Қадақ орналасқан.

Осы Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлденені былдырлай еріндері сәл ашылып-жабылып жатты да, кенет тына қалды. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң қолы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгірген де жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түсті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрегеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.

Бассыз денесі тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:

— Ата, жолды қысқартайық, – дейді. Қарт:

— Жол қалай қысқарады? – дейді. Жігіт:

— Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, – дейді. Шал ішінен:

— Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Мен қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып қарап қояды. Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрған егінді көріп:

— Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Адам өмірі

Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:
– Адам, – депті, мән-жайды түсіндіріп, – жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар – бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер......
Ертегілер
Толық
0 0