Балабақша сабақ жоспары: 5-6 жастағы балалардың дамуы
Алты жасқа қараған бала денесінің дамуында ерекше өзгерістер байқалады. Бойы – 116см, салмағы – 21, 5кг, көкірек аумағы иығы, жанбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады. Сонымен бірге ұл бала мен қыз баланың дене мүшелерінің дамуында айырмашылықтар байқала бастайды. Мысалы, қыз баланың көкірегі тез дамиды, саусақтарының салалығы әр түрлі болады. Ұл баланың дене мүшелерінің жетілуі бір - бірімен өте тығыз байланысты өтеді. Бес жаста баланың буындары, сүйектері (206), бас сүйегінің мөлшері, формасы, құрылысы жағынан әр түрлі дамиды. Дегенмен, бұл кезде сүйектері қатая қоймаған, иілуге икем келеді, (сондықтан жиі зақымданғыш) жығылудан, бір жерін ұрып - соғып алудан сақтаған жөн. Бұл кезде баланың ірі бұлшық еттері бір шама қатайғанмен, майда бұлшық еттері, саусақтары әлі де әлсіз.
Баланың мінез - құлқын реттеуде жоғары ми қабығының мөлшері артып, жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, мидың алдыңғы бөліктері шапшаң дамиды, сондықтан күрделі ұғымдарды түсінеді (киім дегенде бала барлық киімнің түрлерін, ойыншық дегенде барлық ойыншықтардың түрлерін айта алады), ойыншықтар мен қуыршақтар мен әрекет жасай алады, бұл заттардың бәрін адамдар жасағанын түсінеді, қуыршақ театрының кейіпкерлерінің кейбір сөздерін, тақпақтарын жатқа айта алады. .....

Балабақша сабақ жоспары