Кіріспе. Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Өлеңіңнен Рухқа нәр табатын Алты алашқа әуелден тәнті-ақ атың. XV ғасырдан керуен бастап, Жақсы болды-ау келгенің, Жәркен ақын! Замандардан жан беріп, жан алатын Айта отыршы бабалар аманатын. Қайта тіктеп жатырмыз.......
Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.
Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді". .....
Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2016). Өмірбаяны 1991 ж. казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер.....
Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған. Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы,......