Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері, Өздері, ит болса да, әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын Болады әдепті иттің әдеттері. Түс мезгіл екі төбет тойып жатып .....
Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып, Ішіне қалың ағаш торын құрып. Бір күні Арыстанға кез болыпты, Сыртынан құрған торын бағып тұрып. Арыстан ақырды оған аузын ашып: «Көрейін, қимылдашы қарсыласып! .....
1 - Әлібби түзеу деген түрік жұртында көптен келе жатқан мәселе. Мәселе қозғалғаннан бері түрік әліббиінің түзелген жақтары да бар. Түрік әліббиінің түбі арабтан шыққанмен, түрік тіліне икемделіп, өзгеріс кіріп, таза күйінде тұрмағандықтан, мен оны, араб әліббиі демей түрік әліббиі деймін.
2 - Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліббиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден өзгертіп алған әлібби иауропа жұрт- тарының тұтынған әліббиінің түбі көне семит әліббиі. Көне семит әліббиін өз тіліне үйлестіріп пінікіие жұрты алған; Онан грек алған, гректен латын, иаурыпа жұрттары алған. Түрік әліббиінің түбі де көне семит әліббиі. Онан көпеліктер алған, көпеліктен араб өз тіліне үйлестіріп алған, арабтан иран, түрік жана басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліббиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған, өз тілінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған, тіліне әліббидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса әріп қосып толықтырған, дәл келмеген әріптер болмаса, оның не түсін өзгертіп, не дыбысын өзгертіп алған. Сондай өз тіліне икемдеп өзгеріс жасап алған әліббилеріне әр қайсысы өз аттарын қойып латын әліббиі, орыс әліббиі дегенде, түрік өз тіліне үйлестірген әліпбиін түрік әліббиі деп, қазақ онан өз тіліне үйлестіріп алған әліббиін қазақ әліббиі деп атауға жолымыз болуға тиіс. .....
Бір Адам айдалада елден жырақ, Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ. Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой, Жалғыздық олардан да қиынырақ. Көк шалғын, ағаш, бұлақ - бәрі жақсы .....
Көшеде екі Бөшке келе жатты, Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты. Ішінде заты бары жай аяңдап, Салдырлап келе жатыр босы қатты. Адамдар даусын естіп қорқып-сасып, Ығысып, алыстан-ақ жолын ашып .....
Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің, Қыздыратын жасты қайдан ал дейсің? Өмірімнің таңын қосып кешіне, Бер қайтадан өткен күннің һәммесін! Бере алмасаң, кең салалық бейілді .....
Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ, Мойнында ескі дорба, қолда таяқ, Қалада қайыр сұрап жүруші еді, Күн көріп бергенімен әркім аяп. Үйіне бай-мырзаның келген шақта .....