КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының сүбелі салаларының бірі — поэзия. Бұл — негізінен замана талабынан туындаған, дәуір жүгін арқалаған шығармашылық ізденіс. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде поэзия өзінің жетекшілік рөлінен айырылған жоқ. Бұған өлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар қасиеті, ойдың ұшқырлығы мен жинақылығы себеп болса керек. Ел азаттығын армандаушы, білімге, "жарық күнге" үндеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алғашқы жүрекжарды туындыларында осынау тәсілді таңдап алуы — уақыт үніне сай болуды көздеуден туған шара. Бірақ көңіл аударар бір мәселе — Ахаңның өзгелерден өзгерек өзіндік жол табуы. Бұл — оның тұңғыш жинағының түгелдей аудармалардан тұруы. Орыстың атақты мысалшысы И.А.Крылов шығармаларына зер сала үңілген ақын оның көптеген мысалдарынан өзінің ділгір қажеттілігін тауып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарды. Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарын қарастырған кезде біз оның өзіндік ерекшеліктерін тануға ден қоюымыз керек. Ахаңның Крылов мысалдарына ерекше назар аударып, жеке жинақ етіп шығаруы мысалдың ұлттық салт-дәстүрде, ауыз әдебиетінде терең із тастауында жатса керек. Эзоптан калған дейтін ("Түлкі мен жүзім" атты) мысалдың қазақ арасында өзгеше бір нұсқасы бар. "Шаңырақта асулы тұрған етке мысықтың аузы жетпей мысы құриды, сонда ол: "Өзі жасық, өзі сасық, осы етті кім жесін" деп, менсінбей жүріп кетеді. Бұл тәрізді прозалық мысал үлгілері қазақ арасында жиі кездеседі. Олардың көбі кейін аңыз әңгімеге айналып, өзінің алғашқы мысалдық өткірлігін жойып та алады. Мәселен, түйенің бойына сеніп жылдан қалуы қазір андар арасында жылға таласу негізінде сақталса, алғашында түйенің аңқаулығына негізделген мысал ретінде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Кейде мысал өзінің
дидактикалық, моральдық мәніне қатысты ең қысқа нақтылыққа жеткізіліп, қанатты сөзге, мақал-мәтелге айналып кетіп отырады. Мысалы, "Аспандағы еттің сасығы-ай", "Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты" деген мәтелдер айтылған сәтте, тыңдаушы оның арғы түкпірінде қандай оқиға бар екенін, неге қатысты айтылғанын бірден ұға қояды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынов аудармаларының маңызын ашып, оның қазақ әдебиетінің дамуымен тамырлас екенін анықтауды көздейді. Осы аяда А.Байтұрсынов аудармаларының
қазақ әдебиеті тарихында лайықты орны бар екенін ғылыми дәйектеуді мақсат етеді.
Ол мақсаттарды шешуде, зерттеуде төмендегідей міндеттер қойылады:
- Аудармалардың негізгі бағыттарын, сипаттарын, жанрлық байлығын анықтау;
- А.Байтұрсыновтың шығармашылық өмірін жүйелеу;
- А.Байтұрсынов аудармаларының қөркемдік–эстетикалық құндылықтарын ашу, олардың қазақ әдебиетінің байлығын толықтырудағы мәніндәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы....