Қазақша мақал - мәтел: Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік

Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.

Жоқтық ұят емес,
Байлық мұрат емес
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.

Жарлы болсаң да арлы бол.

Бірінші байлықденсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық
Мақал-мәтелдер
Толық
229,5 -127,5

Дұға: Ұрпақ пен дәулет, байлық көптігін және берекесін тілеу

اللّهمّ أكْثِر مَالَهُ، وُ وَلَدَهُ وَ بارِك لهُ فيما أعْطَيْتَهُ


«Иә, Аллаһ! Оның ұрпағы мен дәулетін көбейтіп, берген нәрсеңді берекелі ете көр!»

Оқылуы: «Аллаһуммә! Әксир мәләһу, уә уәләдәһу....
Дұғалар
Толық
142,5 -76,5

Қазақша шығарма: Денсаулық зор байлық

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей

Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
- демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз....
Шығармалар
Толық
33,5 -18,5

Қазақша мақал - мәтел: Ақша, пайда

Ақша болса,алақанда сорпа қайнатады.

Ақшаның көзі қызыл.

Ақша бар жерде албасты бар.

Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.

Жарлының ақшасын жаман тауар құртады.

Құмалақтың есебін Құдай біледі.

Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.

Пайда да бір, аққан су да бір.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Байдың нәскиі

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:....
Әңгімелер
Толық
5 -2

Қазақша мақал - мәтел: Базар, сауда

Саудагер ажарын сатады,
Сұрамсақ назарын сатады.

Арзан болса,
Алушыдан ынсап кетеді.
Қымбат болса,
Сатушыдан ынсап кетеді.

Сауда сақал сипағанша.

Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар.

Базарда мың кісі бар,
Әркім танығанына сәлем береді.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0