Шығарма: Аңызға айналған Қостанай қаласының көрікті жерлері

Жоспар
І.Кіріспе
1. Қойнауы астыққа толы Қостанай қаласы
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қала атауының шығу тарихы
2. Көк желек жамылған Қостанайдың көрікті жерлері
ІІІ.Қорытынды


Жүйіткіген жолдардың арасы,

Тобыл мен Торғайдың саласы

Бақыты – асыл дән, қалықтап құс әні,

Айтады ашылған Қостанай құшағы!

Серік Тұрғынбеков

Иә, шынымен де бүгінгі таңда алқабы астыққа толы алтын аймаққа айналған Қостанай – Қазақстан қалаларының ішіндегі ерекше шаһарлардың бірі.

Әдебиет тарихында өзіндік дара жолы бар, қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан Торғайлық талантты ақын Сырбай Мәуленов те Қостанай туралы:

Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жүйелеудің маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақ тақырыбы: Жүйелеудің маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жүйелеудің маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жүйелеу/систематика ұғымын біледі, анықтама бере алады;
Берілген жануарды және өсімдікті жүйелеу арқылы жіктей алады;
Таксономиялық иеарархияның ретімен айта алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы

Ақшаның адам өміріндегі орны қандай?
Ақша деген не?
Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңінесебеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді.
Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.
Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Мынадай түрлері бар: метал ақша, қағаз ақша несие ақшалары.Ақша тауарлы өндіріске қызмет етеді, сондықтан ақшаның қызметінің нәтижесі және оның осы өндірістегі маңызы болады. Мемлекет өзінің кіріс шығысының бәрін ақшаға шағып, өзінің керегіне жарату үшін бюджетке тиісті түсімдер түіруі үшін ақша маңыздылығы мен қажеттілігі мол.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Гибриологиялық әдістің генетикадағы маңызы

“Геном және қоршаған орта, генетикалық токсикология” тақырыбында есімі әлемге әйгілі биолог Александр Холландердің халықаралық курсы басталды.
Қоршаған ортаның мутагенезі бойынша халықаралық қоғамдас¬тық-тардың ассоциациясы жанын¬дағы Александр Холландер коми¬тетінің ұсынысы бойынша осымен 15-ші мәрте өтіп жатқан халықара¬лық семинарды Л.Н.Гумилев атын¬дағы Еуразия ұлттық университеті мен АҚШ-тың Техас медициналық университеті ұйымдастырды.
Бүгінде Қазақстандағы өндіріс¬тік қазбамен айналысатын мекеме¬лер¬дің табиғатқа келтіріп жатқан за¬лалы, Семей ядролық полигоны¬ның салдары, сулардың ауыр ме¬тал¬дармен, пестицидтер және өзге де органикалық қоспалармен лас¬тануы, Арал теңізіндегі экология¬лық апат, қоршаған ортаның ра¬дио¬активті, химиялық және биоло¬гия¬лық мутагендермен залалдануы және басқа да факторлардың әсері, онкологиялық аурулармен байла¬ныс¬ты тұқым қуалайтын аурулар санының өсуі – осының барлығы генетика ғылымы зерттейтін өзекті мәселелер екені белгілі. Осы ретте курс аясында қазіргі экологиялық генетика және адам генетикасының көкейкесті мәселелері бағытында ғылыми қоғамдастықта өте таны¬мал болған АҚШ, Жапония, Түр¬кия, Польша, Румыния, Чехия, Иран, Үндістан, Таиланд және Қа¬зақстан ғалымдарының баяндама¬ла¬ры тыңдалуда. Бұл пленаралық баян-дамалар қоршаған ортаның му¬та¬генезі және оның шешілу жол¬дарына арналуымен өзекті дер едік.
Халықаралық семинардың ашы¬лу салтанатында сөз алған Қазақ ҰҒА академигі, биология ғылым¬дары¬ның докторы Рахметқажы Бер¬сімбаев, Техас университетінің про¬фессоры, доктор Уильям Ау, Цин¬цинатти университетінің про¬фессоры Питер Стамбург қазіргі таң¬да генетик ғалымдардың зерттеу ны¬санына айналған мәселелер өзінің өзектілігімен ерекшеленеті¬нін, осы орайда, Александр Хол¬ландер кур¬сын өткізудің маңызы зор екендігін атап өтті.
Бұдан кейін курстың бағдар¬ла¬масы бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар тыңдалды.
Семинарлар кезінде баяндама¬шы¬лар бүгінде барлығы 5000-ға жуық тұқым қуалайтын ауру бар екендігіне, олардың 2000-ға тарта түрі ауыр мүгедектік жағдай туды¬ратынына тоқталып өтті. Сонымен қатар, тұқым қуалайтын аурулар хромосомалардың санындағы өзге¬рістерге немесе олардағы мутация¬ларға байланысты пайда болатыны, осындай мутация-лардың басым көпшілігі мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа бері¬ліп, адам популяциясында сақталып келетіні де айтылды. Осы ретте атал¬ған ауру түрлерінің алдын алуға ғы¬лыми ой-сананы бағыттау, бұл жолда әлемнің озық ойлы мамандарының басын біріктіру қажеттігі де әңгіме өзегіне айналды.
Бұл күні тыңдалған баяндама¬лар кезінде көптің назарын ауда¬рар¬лық қызықты жәйттер де ай¬тыл¬май қал¬мады. Адамның өзіндік генетикалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді білудің маңызы ай¬рық¬ша екені белгілі. Себебі, мұн¬дай мәліметтер нәрестенің дүниеге келгеніне дейін оның қандай тұқым қуалайтын ауруларға бейім екенді¬гін болжауға, алдын алуға және ем-деудің түрлерін анықтауға мүмкін¬дік береді. Сол себепті, соңғы жыл¬дары тұқым қуалайтын аурулардың белгілі бір түрлеріне шалдығуға бейімділікті анықтайтын, алдын ала болжайтын әдістер және емдеу шаралары ойлап табыла бастаған екен. Мәселен, бө¬тен қосылыстар¬ды зиянсызданды¬ратын кейбір ген¬дердің болуы бүйен ішектегі қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігін тө¬мендететін көрінеді. Қатерлі ісік ауруларының кейбір фор¬маларынан қорғайтын мұндай ген¬дердің табы¬луы – осының бір дәлелі. Бұл қор¬шаған ортаның мута¬гендік фак¬торлары мен клетканың генетика¬лық аппаратының өзара бай¬ланыс¬тарын зерттеуге әлемнің ал¬дыңғы қа¬тарлы зертханаларында айрықша мән беріліп жатқанын білдірсе керек.
Генетика саласындағы түрлі түйткілдерді өзек еткен курс жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Аты – аңызға, сөзі – нақылға айналған ата

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар.
Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде:
- О, Момыш баланың бауы берік болсын»
- Ақменттей бабасындай батыр болсын!
- Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
- Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен:
Алатаудың қыраны мол еді
- Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Топырақтың адамзат үшін маңызы

Кіріспе
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар орындай алады:
8.4.1.2 судың биологиялық қасиеттерін және маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар :
судың биологиялық қасиеттерін біледі;
Судың биологиялық маңызын түсіндіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі. Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы). (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу
Сабақ тақырыбы: Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі.
Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): -макро- және микроэлементтерді ажырату;
- тірі ағзаларда макро- және микроэлементтердің пайдалану мысалдарын келтіру;
- өсімдіктердің минералды қоректенудің маңызын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- өсімдіктердің минералды қоректенудің маңызын сипаттайды........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көміртегі, кремний және олардың маңызды қосылыстары. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: Көміртегі, кремний және олардың маңызды қосылыстары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.34 көміртекті, кремнийдің және олардың қосылыстарының физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.35 көміртегі тотығының улануының қалай пайда болатындығын түсіндіреді және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін сипаттайды;
Сабақ мақсаттары: Көміртегі мен кремнийдің физикалық қасиетін сипаттау;
Көміртегі мен кремнийдің химиялық қасиетін ұғыну;
Көміртегі мен кремнийдің аллотропиялық модификациясын талқылау .
Көміртегі мен кремнийдің қолданылу аясын білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІП0РЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Біздің еліміздің болашағы — оның, интеллектуалды қоры, ҒЫЛЫМ және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Э. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзi көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең coңғы ҒЫЛЫМ жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ҒЫЛЫМҒА жене ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиic.
Өткен ғасырдың СОҢҒЫ ОҢ ЖЫЛДЫҒЫНДА Қазақстан ҒЫЛЫМИ-техникалық потенциалы қиындықтармен қақтығысын, түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан [145;8] бастап ғана ҒЫЛЫМ жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым-өндіріс тізбегін дамытудың, маңыздылығын мойындай бастадық. Рынокты экономика тұсында ҒЫЛЫМИ жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға ШАҒЫН инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының, бipi. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кipin отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45—50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7—8 кәсіпорын ғана кұрайды екен.
Нарықтық экономиканың субъектілері болып жекеленген меншік иелері саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, иеленуге құқығы бар. Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық-құқылық формасын құруға негіз болып табылады.
Kәciпорын ҚОҒАМДЫҚ өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады. Тікелей кәсіпорындарда ӨНІМ шығарылып, жұмыста
атқарылады, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы игі қызметтер көрсеттеді. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субъекті болып табылады.
Шағын бизнес - нарықтық экономиканың нeгiзi. Шет елдерде оның дамуы үшін 50-шi жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйел ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0