Реферат: Экономика | Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
- қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
- қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
- қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Аңырақай шайқасының маңызы

Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті.
Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс – еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі – Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап, сараптауды талап етеді.
Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес. Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Маңызды телефон нөмірлері

Қабырғаңа сақтап қой, қажет болып қалар.

101 - Өрт сөндіру
102 - Полиция
103 - Жедел жәрдем
104 - Аварийная (газ)
105 -Темір жол ақпараттық орны
112 - Төтенше жағдайларда құтқару
115 - Сенім телефоны
116 - Қазақтелеком, телеграмма қабылдау
144 - Қаржы полициясы ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

Кіріспе
Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудит турлері және оның әдісмелік маңызы

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз үялады", - деген үлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" — деген адамгершілік касиет негізінде алынған ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Қазығұрт тауы» аңызы (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Қазығұрт тауы» аңызы
Оқу мақсаттары: 4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында фотосуреттерді қолдануды біледі
Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, фотосуреттерді қолдануды біледі.
Кейбір оқушылар: сөйлеу фотосуреттерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Салық мәселесімен Алданыш Нұрымов, Ермекбаева, Мамыров, Ілиясов, Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі мен маңызы

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас белігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу турғысынан қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру бүгінгі куннің өзекті мәселөлерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0