Сабақ жоспары (ұмж): Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы: Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: ағзалар селекциясында қолдан сұрыптаудың рөлін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқан Иманжанов | Адам туралы аңыз

«Адам — ардақты ат».

Максим Горький

1

— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын терең сезімді тербете жырлар едім, достым! Адам бойындағы ерлік пен ізгілікті мадақтауға не жетеді!

— Біз сені үй салуды ғана үйренген қарапайым инженер ме десек, өзің үлкен романтик екенсің ғой, Бәкен,— деді құрылыс бастығы Петров, өткір қара көзімен алысты шолып, тотыққан қара торы бетінде қанатты ойдың елесі ойнаған жас инженерді арқаға қағып.

— Қалжың өз алдына, Николай Иванович. Көз салыңызшы төңірекке. Зәулім үй, сәулетті қала алақаныңыздың аясында тұрған жоқ па! Осыдан екі жыл бұрын сіз бен біз қайда кездесіп едік. Есіңізде ме, бірінші рет қол алысып төңірекке көз салғанда, қаусаған қаланы, бұзылған үйлерді, жалын жалап кеткен құр қабырғаларды көрмеп пе едік. Менің бір жолдасым: «Біздің еліміз ерлердің елі, әр күніміз — ұлы жорық» деуші еді. Өмірдегі қарапайым адамдардың ерлік ісін көргенде, осы сөз есіме түседі. Біздің өмірдің әр минутты бір дастан сияқты. Мынау үйдің әр кірпішінде дауыстап айтылмаған терең сыр жатқандай көрінеді маған... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жиренше шешеннің аңыздары

Жиренше

Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:

— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.

Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:

— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, ханымға береді.

— Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық ұғымы және оның маңызы

Кіріспе
Көлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасайды. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау шартарының қызметтік рөлі бұл маңызды міндеттерді тікелей өмірге енгізумен тұжырымдалады.
Біздің елімізде темір жол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль және құбыр жолы тәрізді көлік түрлері бар.
Олардың әрқайсысындағы тасымалдың өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ өзіндік құқықтық реттеу тетігі бар.
Көлік қызметіне байланысты қатынастар 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Заңымен, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Тасымал бойынша қатынастарды реттейтін маңызды нормативтік актілерге көліктің барлық ұйымдары үшін орындауға міндетті, бірақ тасымал қызметін пайдаланатын барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін міндетті емес Кодекстер мен Жарғылардың негізінде және дамуында көлік және коммуникация министрлігі шығарған ережелер, түсініктер жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Аңыз-ертегілерді оқу (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-ертегілерді оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді
2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды
Сабақ мақсаттары: Аңыз ертегіні мәнерлеп, түсініп оқиды. Мәтінге ат қоюды үйренеді.Мәтіннен зат есімді табады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы

Организм реактивтілігі (латын сөзі – reactia – қарсы іс-әрекет) – организмнің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне тіршілік жауап беруі.

Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор. Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін.

Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кесдеседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің маңызды эпизодтары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің маңызды эпизодтары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Анализ және интерпретация
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығарма желісі бойынша маңызды тұстарын анықтайды;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарма желісі бойынша маңызды тұстарына талдау жасайды;
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Шығарманың маңызды тұстары бойынша талдау жасап, өмірмен байланыстырады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ СУҒА ТҮСІРІП АЛСАҢЫЗ

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек?

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!..

Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы

Халықтың асыл қазыналары – ауыз әдебиеті аңыз - әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздерден тұрады. Балалардың ақыл - ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл - ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0