Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бір жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретінде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң....
Ақтау — Маңғыстау облысының орталығы (1973 – 88 жылдары және 1990 жылдан), қала, теңіз және әуе порты. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың шығысында 40 км жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран, т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты іргетасы 1959 ж. қаланған. 1963 ж. оған қала мәртебесі берілді. Ақтау біраз уақыт Шевченко аталып (1964 – 91), кейіннен тарихи жер атауы.....