Шығарма: Менің отаным - Қазақстан!

Ықылым заманнан келе жатқан бостандық пен азаттыққа деген қазақ жұртының ұмтылысы және соған қатысты көзқарасы ,міне бүгін бейбіт өмірде де өзінің мәнін жойған жоқ,керісінше,халқымыздың бодан болған жылдарды ара-тұра еске алып,өткенге өкініп емес,мақтаныш,құрмет сезімдерімен қарап,ұлы Тәуелсіздігімізді тағы да бір қастерлеп жүруіне бастап келе жатқандай. Тәуелсіздік,шынында киелі ұғым. Сан ғасырдың сағымды жылдарында аты қалған батыр бабаларымыз,одан беріде кеңестік заманның қылышынан қан тамған алапат тұсында құрбан болған арыс азаматтарымыздан кейін аштыққа қарсы үн көтерген қазақтың Рысқұловы,86-жылғы қанды қырғынның қарлығаштары, теңдік аңсаған еліміздің еркін ойлы жастары осынау қызыққа толы қуанышты күндерді көруге тиісті емес пе еді?!

Иә,осындай қияметпен келген асыл арманның құнын сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе? Өмірімізді шаттық пен жақсылыққа толтырып,болашақтың жарқын болатынына сендірген қайран Тәуелсіздік көзді ашып-жұмғанша жиырма беске де келіп қалыпты.Менің Отаным Қазақстан дейтін әрбір азаматтың көкейінде бұл шарапатқа қалай жеткеніміз турасында толғаныстар жүретіні-осы мамыражай заманның нұрына шомылған санамыздың уақытпен бірге өсіп-өркендегеніндей жаңарудың басы,жабығудың аяғы екнін дәлелдейтін дүние. Жақсы күндерге қалай жетсек,оны сақтап аялауға да соншалық махаббат пен ықылас,сенім мен қолдау керектігі бізді ойландыруы керек және әрдайым жасампаз еліміздің жарқын болашағын үлкен күш-қуат,зор ерік-жігермен қарсы алуға міндетті екенімізді ұмытпауымыз керек.

Кешегі Ахмет ағаларымыз армандаған сауатты қазақ бұл күнде өркениетке ұмтылған жаңа мәдениет пен серпінді білімге қол жеткізіп, осы күнге дейін жеткен табыстарымызды безбендей отырып,алдағы уақыттарда қандай игіліктермен баюға болатынына көз жібереміз. Тәуелсіздік туы желбіреген 25 жыл қазақ елі үшін көптеген жақсылықтың нышаны, жемісті жетістіктердің тұғыры, өркениетке талпыну арқылы ғажайыптардың жүзеге асатынына сендірген молшылық,шексіз мүмкіндіктер кезеңі болды дегім келеді. Расында Қазақстан әлемдік биікке ұмтылған танымал мемлекет болып,төрткүл дүниені өзіне қаратып отырған дамушы мемлекет ретінде жан-жағымыздағы елдерді қызықтырып,барынша жаңа заман сахнасына көтерілген елге айналып үлгерді......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру
Сабақтың тақырыбы: Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.14 химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау;
Сабақ мақсаттары: Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін зерттеу; .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдардың белсенділігін салыстыру
Сабақ тақырыбы: Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;
Сабақ мақсаттары: • Коррозия анықтамасын еске түсіру және оларға әсер ететін факторлармен танысу;
• Шегенің әр түрлі ерітінділерде коррозияға ұшырауын зерттеу;
• Өте белсенді металдармен танысу;
• Белсенді металдардың сумен реакциясын тәжірибе арқылы бақылап, оны анализ жасай алу;
• Металдардың сумен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.8 радиоактивті зат ұғымын білу;
10.2.1.9 радиоактивті ыдырау типтерін білу және қарапайым ядролық реакциялардың теңдеулерін құрастыра алу; знать типы (α, β-, β+, γ ыдыраулар);
10.2.1.10 Қазақстанның энергетикалық әлеуетіндегі ядролық реакциялардың маңыздылығын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- атомдағы протон саны артқан сайын ядроның тұрақтылығы кемитінін түсінеді;
- альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғажайып фабрика 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып фабрика 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің жасыл мүшелерінде жүретін үдеріс – фотосинтез туралы біледі ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күрделі функциялар 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың тақырыбы: Күрделі функциялар 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.6 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;
Сабақ мақсаттары: Күрделі функцияны құра білу немесе күрделі функцияны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын қалыптастыру , берілген функцияға кері функция таба алады, функцияның периодын таба алады, монотонды аралығын анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұсатай болысты жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бұл дүние баянсыз,
Тұрмайтұғын қалыпты.
Бұзыларда патша,
Төндірді елге қауіпті.
Әскер бер деп зықтады,
Ауырлатып салықты.
Әскер бермей қырылды,
Жақсы-жайсаң даңқты.
Ел басына күн туып,
Зар жылатты халықты.
Қарқара деген жайлауда
Көз көрген бұл іс анық-ты.
Қайран албан тоз-тоз боп,
Өрге қарай ауыпты.
Қатын-бала зар жылап,
Орта жолда қамықты. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: «Мәңгілік ел» мұраты және тұлға сабақтастығы

Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшьшықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығы - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи күн - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы күндерден бұрын есептелетін негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазакстанның Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялык көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көпұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастыққа лайықты орын алды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Бәрін уақыт көрсетер

Мектепте оқып жүрген кезім. Жаңа оқу жылы басталған. Күз айларының керемет күндерінің бірінде ағамның үйіне көмектесуге барғанмын.Ағам жаңа үй тұрғызып жатқан. Тамақтарын істеп беруімді өтінген.Ж ны сол күні көрдім.Ол ағамнын досынын ұлы екен.Көмектесуге келіпті.Сол күні кешке дейін ол менен мен одан көз алмай жүрдік.Оның жасы менен кіші екенін мен кейін білдім.Бірақ олда маған кедергі бола алмады. Мен оны қатты ұнаттым.Өз үйіме қайтарда сол шығарып салсын деп әдейі кеш қалып кеттім.Ия ол мені шығарып салды.Бірақ жол бойы үндемеді.Жанында інім де бар еді.Үйге келген соң інімнің жағдайын білгенсіп смс жаздым.Кейін ол звандады.Ұзақ түн сөйлестік.Мені ұнатып қалғанын айтып сөз салды.Сенде 3 ақ вариант бар дейтін;ия,жарайды,әрине жаным.Ол мені осылай сөздерімен жаулап алды.Біз небары 1аптадай ғана сөйлесіп,1ақ рет кездестік.Мен сонын өзінде оған қатты бауыр басып қалдым.Бір күні ойламаған жерден маған одан "Екеуміз жүрмей ақ қояық"дег ен смс келді.Звандайм алмайды,смс жазам жауап жоқ.Мен қатты қиналдым.Барлық адамды соның атымен атаймын.Күнде түсімде коремін.Қатты сағынып жүрдім.Інімнен оны аяғынан атып кетіпті дегенді естідім.Ашумен неге жүрегінен атпайды дегеніммен қатты уайымдадым.Оған апаруын өтіндім.Бірақ оған бара алмадым.Бір күні ол ешнарсе болмағандай звандайды.Смс жайында ешнарсе білмеймін дейді.Бірақ айырылысқысы келген адамдай мен ауырып жатқанда неге іздемедін деп жоқ жерден ұрыс шығарып,давай деп тұтқаны қоя салды.Содан екеуміз екі жаққа кеттік. Мен жаныма жалау іздегендей өзмше сыныптағы бір ұлға ғашық болып жүрдім. Негізі маған оның мінезі мен үлгілі отбасы ұнайтын. Олда маған жақсы қарап жүрді.Тіпті мектепте мұғалімдерде бізді ғашықтар деп ойлайтын. Шын мәнінде біз жақын достар ғана екенбіз. Ол маған тек дос ретінде қарапты......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Масса және дененің массасын өлшеу (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті
Сабақ тақырыбы: Масса және дененің массасын өлшеу
Сабақтың оқу мақсаттары: таразылардың (электронды,серіппелі, рычагты) көмегімен дененің массасын өлшеу;
туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0