Өлең: Жазғы таңда (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жайнаған жазғы таңда қызыл гүлдей,
Қараған қарақат көз сыр білдірмей.
Айтады ақ жүрегің сыбырменен,
Достықтың, шын жүректің белгісіндей.

Қайырмасы:
Сырлас қалқам,
Сырымды айтам,
Шақырады шаттыққа.
Келем саған,
Қол соз маған,
Жетеміз,
Жетеміз, достым, бақытқа!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;
8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
- жазықпараллель шыны пластинада сынған жарық сәулесініӊ жүрісін сыза білу;
- үшбұрышты шыны призма арқылы өткен жарықтыӊ жүрісін сыза білу;
- жарықтыӊ сыну заӊын қолданып есеп шығару;
- жарықтыӊ сыну заӊын қолданатын мысалдар келтіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (Б-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
• кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
• центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша шеңбер сызбасын салу;
• берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша түзу сызбасын салу;
• формулаларды қолдану арқылы есептерді шешеді: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 3-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
Сабақ мақсаттары: • экожүйелердің ерекшеліктерін сипаттау;
мектеп маңы экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу;
• экожүйелердегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.3 – Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Температура ұғымын , жылу алмасу процесін біле отырып, денелердің жылулық тепе – теңдігін түсіндіру.
• Температураның әр түрлі шкалаларын біле отырып, үщтік нүкте , абсолют нөлі және молекулалар қозғалысының энергиясын түсіндіре алу. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері және графигі 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар.
Сабақтың тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері және графигі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.4 кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және қасиеттерін біледі;
10.2.3.5 кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салады;
Сабақтың мақсаттары: - Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіруді еске түсіру үшін және кері тригонометриялық функциялардың графиктерін, қасиеттерін қорыта алу үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
- Ойлау дағдыларының, шығармашылық қабілеттерінің, пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал ету.
- Зерттеушілік дағдыларының дамуына, ғылыми дүниетанымдарының қалыптасуына ықпал ету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мен үйде уақытымды қалай өткіземін? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Мен үйде уақытымды қалай өткіземін?
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.3.2 Уақытты білдіретін қарапайым түсініктерді пайдалану
1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру
1.1.5.8 Өзінің рухани, моралдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу
1.1.2.1 Кейбір нақты білімдері мен түсініктерін көрсету
Сабақ мақсаттары: Оқиғаларды мерзімдік рет бойынша құрудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру.
оқушыларды уақытқа байланысты мерзімдік терминдерді қолдануға үйрету..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мөртай сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сенің ауылың Қордайдың жотасында,
Менің ауылым Қопаның қырқасында, Мөртай-ай!
Тал бойыңда тарыдай бір мнің жоқ,
Тоты құстай түрленіп тұрсың ба,Мөртай-ай!

Қайырмасы:
Қызылқайнар, Шөлқайың,
Су ағады сай сайын.
Сен сағынсаң ай сайын,
Мен сағынам күн сайын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Дүйсенбайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өртенді күнім бесінде,
Белімнен белбеу шешілді.
Жайнап та жүрген боздағым,
Құбылаға қарай көсілді.
Құбылаға қарай бас қойған,
Өлімге мойнын бос қойған.
Өлімі құрсын өрт екен, ойбай!
Өзекке салған дерт екен.
Өзегіңді өрт алды,
Буыныңды құрт алды.
Ойлап бір санап отырсам, ойбай!
Қағынды деген дерт алды.
Қағынды келген қаралап,
Қалың бір жұртты аралап.
Қалың бір жұрттың ішінде
Жалғызды алды-ау саралап.
Саралап алды-ау салдайын,
Салмақтап алды-ау бұлдайын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Бұйырмаған бақ

Жоқ, оған бұл керек емес еді. Біреу кеудесіне қолын сұғып, жүрегін суырып алып жатқандай көрінді өзіне. Амал қанша? Енді қайтсін? Не істей алады? Көзінен аққан көлдей жасқа тұншығып қаламын ба деп те ойлады. Жоқ, олай емес, оның мына жағдайында сол тұншыққаны жақсы еді. Бірақ, амал қанша, олай да болмады. Көздерінен парлап аққан жасқа беті жуылып тұра берді. Өксік тамағына тығылып, бір кезде өзінің денесінің де селкілдей бастағанын сезді. Енді қайтсін? Енді қайтсін қыз байғұс?! Өзінің сүйгені қарсы алдында тұрып бұның өмір бойы бақытты бо луын тілеп тұр, ал бұл болса, өзге жігіттің қолынан ұстап жас жұбайларға арналған стол басында тұр. Өмір де осындай болады екен-ау...

Дене мұздай, көзде жас, бұл қыздың ендігі ойы не екен? Сыртынан қарасаң қуыршақтай! Өмірде бұл қыздан асақан бақытты, асқан сұлу қыз жоқ секілді бір көрген адамға. Әп-әдемі ақ көйлек, сұлу келбеті, маған қара дегендей қап-қара көздері... Бірақ сол көздері жастан бір құрғамады. Өз сүйген жігіті мұны бақытты ете алмады. Әлсіздігі болар, бәлкім... Ал бұл болса, ол жігіттің қасында жүргеніне мәз болып, сонымен өткізген әр күніне шүкіршілік етіп жүре беріпті-ау, ақымақ қыз! Не істесе екен? Қайтсе болады? Бәрін тастап қарсы алдында тұрған сүйікт ісінің мойнына барып асыла кеткісі келді. Бірақ, амал қанша? Іші қан жылап, жүрегі миллиардтаған бөлшекке бөлініп жатқандай болды.

« ...Қалай ғана мені өзге біреудің қолына еркін беріп қойдың? Қалай ғана осылай менен еш қиналмай-ақ бас тартып тұрсың? Мені біреудің қолына, құшағына өз еркіңмен итере салғандай болдың ғой сен! Солай жасап тұрсың да! Менің не жазығым бар еді? Неге? Менің бар жазығым – сені өзімнен де артық сүйгенім бе? Неге? Неге екеуміз бірге бола алмаймыз? Біз кімге кедергі бола аламыз? Жоқ! Маған сенсіз өмір сүрудің еш қажеті жоқ. Сенсіз күнімді елестете де алмаймын. Мені сүйе тұрып, неге менен өз еркіңмен бас тарттың сен? Қалай ғана мені шырылдатып таптап кетесің? Расымен де, енді екеуміз ешқашан қосылмаймыз ба? Енді ешқашан сенің жүзіңді көрмеймін бе? Сенсіз қалай өмір сүрем? Қалай? Қалай?...».....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0