Шығарма: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Соғыс. Бұл сөзді айтудың өзі жүрекке ауыр тиетіні хақ. Бұл - адамзатты құлдырататын күш! Дәл осылай! Соғыс – қорқынышты кинолардағы аузынан жалын атқан аждаһа дерсің. Соғыс - барыңды жалмап кететін, жеріңді оттай шоқ ететін, әлемдегі тіршіліктің көзін жоятын тажал. Сол қанды кезеңді газет-журнал материалдарынан, кинолардан көріп, көркем шығармалардан оқи отырып-ақ жаның түршігеді. Көз алдымызға елестетудің өз қиын. Ал сол соғыста жанын пида еткен ата-әжелеріміздің ерлік істерін ұмыту – бар тарихымызды өшіріп тастаумен тең. Жетпіс жылдан астам уақыт өткенмен де, осы күнге дейін еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?! - деп Сырбай Мәуленов атамыз жырлағандай, бұл соғыс талай отбасына қиыншылық әкеліп әкесінен, бауырынан айырды. Ұлын күткен ананың, әкесін күткен боздақ баланың жолға қараумен екі көзі төрт болып, жақындарын асыға күтті. Оларға деген сағынышы хат болып майдандағы жауынгерлерге барып жатты.
Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық мақаласында болашақ үшін күресетінін былайша жазып кеткен болатын: «Менің досымның баласы бар, біздің артымызда өсіп келе жатқан жас буындар бар» деп, кейінгі ұрпақты бел етіп мен талай қуанбадым ба! Сенің кішкентай бөбегің маған күш-қуат бола алды ғой, Шығыс ұлы!». Ал, «Өмір мен өлім туралы» публицистикалық мақаласында «Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі... Ал естігенің де құрметтеп, бас иетін өлім бар! Ол – майданда ерлерше өлу» деген жолдардан өзі осы майданда қаза болса да, Біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін жанын қиятынын анық түсіне аламыз.
Мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев та он жасынан өлең шығара бастағанын жақсы білеміз. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген болатын. Әкесі Сүлеймен тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпен қаза тапты. Сәби жүрек соғысқа кеткен әкесін сағынып, ең алғашқы жыр шумақтары әкеге деген сағыныштан туған еді........
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жолдастар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Еңбекшіл – біз кедейдің баласымыз,
Отанның жас жеткіншек панасымыз.
Орнатып бақ ордасын елімізге,
Тайсалмай ілгері өрлеп барамыз біз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қызықты сегізаяқтар (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Қызықты сегізаяқтар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
Сабақ мақсаттары: • Су асты әлемінің және онда мекендейтің жануарлардың ерекшеліктерімен танысу;
• Әртүрлі материалдарды қолдана отырып су асты әлемін және онда мекендейтің жануарларды бейнелеу;.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Адамдардың кеңістікте бағдарлануы (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Адамдардың кеңістікте бағдарлануы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.1.1. тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Тұсбағдардың көмегімен көкжиекті бағдарлау ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Сабақ тақырыбы: Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.7.1.2. Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарынының дамуына қосқан үлестерін талқылау
Сабақ мақсаттары: • Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін анықтау;
• Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін талқылау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақтың тақырыбы: Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
Сабақ мақсаттары: 1. электролиттің не екенін біледі
2. күшті және әлсіз электролиттерді ажырата алады
3. диссоциациялану дәрежесін біледі
4. диссоциациялану дәрежесеін анықтай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы

Кіріспе.
¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жыры- асқақтасын жаңғырып!

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк» Бауыржан Момышұлы.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын, асты қайғы – қасіретке толы қаралы сөз. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады. ......
Шығармалар
Толық
0 0