Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың скаляр көбейтіндісі 4-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Декарттық координаттар және векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың скаляр көбейтіндісі 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.3.11Векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану;
9.3.4.12 Векторлардың скалярлық көбейтіндісін табады.
9.3.4.13 Векторлар арасындағы бұрышты есептей алды.
9.3.4.14 Векторларды есептер шығаруда қолданады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар векторлардың скалярлық көбейтіндісін біледі және қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Айдос Есмағамбетов

Айдос Есмағамбетов – гиперреалист-мүсінш

Айдостың өнерге деген талпынысы бала кезінен байқалған. Оның ата-анасы да өте талантты жандар. Әкесі сурет салып, мүсіндер жасаса, анасы кесте тоқиды. Кестесі инемен емес, қылқаламмен салынғандай. Айдос Арқалық қаласының тумасы. Кәсіби білімді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институында «Бейнелеу өнері мен сызу» мамандығы бойынша алған. Силикон мүсін жасау Айдостың бұрын-соңды ойында болмаған. Ол тек көптің қолынан келе бермейтін дүниелерді жасауға ұмтылады.
– Мүсін жасау идеясы Мадам Тюссо музейінен кейін туындады. Әзірге, ондай орындарды аралап көргем жоқ. Бірде теледидардан Обаманың жаңа силикон мүсініне көзім түсіп кетті. Содан «Неге біздің Қазақстанда жасап көрмеске?», «Неге отандастарым ондай мүсіндерді шетел асып қана көруі керек?» деген сауалдар туындай бастады, - дейді мүсінші.

Айдос бұрынырақ силиконнан аквариумдар жасағанын айтады. Оның жұмсақтығы, нәзіктігі жігіттің тағы бір қырын ашып жібергендей. Оған дейін саз-балшық пен гипстен кішігірім әр түрлі мүсіндер жасап жүрген ол осы материалға ден қоя бастайды. Беташар жұмысы Елбасы Н.Назарбаевқа арналған. Одан кейін, Абылай ханның мүсінін жасайды. Оны жасау идеясын Президенттің мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков ұсыныпты. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Азамат, жігіт, ер

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Жақынды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Қарыстан сүйем жақын.

У ішсең - руыңмен.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Адасқан қаздай, руы аздай.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Әлібек Әлмадиев

Әлібек Әлмәдиев – музыкант

Әлібек талантты әнші, музыкант, домбыра, саксафон, гитара және фортепиано тартады. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді. 2011 жылы 17 жасында халықаралық «Фабрика звезд» музыкалық байқауында финалист болған, кейін «Туған елiм», «Біргемiз» әндеріне танымал патриоттық клиптер түсірген.

Әлібек Бекболатұлы Әлмәдиев – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Гнесиндер атындағы Ресей музыкалық академиясының «магистр» үздік дипломдарының иегері, Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының стипендиаты, Республикалық «Дарын» талантты жастар орталығының түлегі, Ұлттық Дельфий ойындарының алтын жүлдегері, халықаралық және отандық музыкалық байқаулардың, ғылыми олимпиадалардың, эстрадалық және патриоттық әндер фестивалінің «Қазақстан дауысы», «Золотой микрофон», «Феличита», «Надежды Европы», «Россия-Казахстан: 21 век. Новые имена», «Хочу к Меладзе» және т.б. телевизиялық музыкалық бағдарламалардың лауреаты мен дипломанты. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз!

Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды
Cоғыс, соғыс! Қандай қатал, қандай зілді, ауыр батпаны бар сұрапыл айқастың мағынасын ашатын ауыр сөз десеңізші. Осы бес әріптен тұратын қасіретті көп сөздің астарында қаншама тағдыр, адамның көз жасы мен талай адамның басынан кешкен елеулі оқиғасы тұр. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Гитлердің жер бетінде тек асыл текті неміс халқы ғана өмір сүруі қажет деп, өркөкіректік пен шектен шыққан менмендікке бағытталған зұлым саясатының салдарынан тұтанған алапат соғысқа тек қазақ жерінен ғана аттанған мыңдаған қазақ қайтып еліне оралмады. Олар соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан асқан ерлікпен қорғай білді.
Миллиондаған боздақтар майданда шейіт болды. Біреуі әкесінен, ал біреуі жарынан, қанаты қатып, бұғанасы бекіп болмаған бауыр еті баласынан, отбасы ошақ қасынан айырған қанды айқасты ұмыту, сірә мүмкін емес......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 7.4.1.1 – жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау
7.1.1.1 – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру
Сабақ мақсаттары: • Жоңғар билеушілерінің Қазақ хандығына қарсы басқыншылық саясатының себептері мен салдарын анықтау.
• Миграциялық процестерінің себептері мен салдарын түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Ақ шоқы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ шоқы, бауырың жазық, басың биік,
Сен сонда мекендеген
Әй гигөй ерке киік ри-яй-ай.
Көрінген көз ұшында сағымдайсың,
Жете алмай арманыма,
Әй гигөй тарттым күйік ри-яй-ау.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жылыой (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге су шығатын,бие байлап.
Қызыл шай,жез самауырын,саздың суы,
Сәскеде ішуші едік әрең қайнап.
Аққұба,қарақат көз,бұраң белім,
Сол шайды құюшы еді көзі жайнап.

Торы айғыр тоқпақ жалды тоғайда бар,
Қыздардың хас көркемі ноғайда бар.....
Өлеңдер
Толық
0 0