Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы баға нарығы

Сұраныс пен ұсыныстың көлеміне, фирма шығыны мен табысына және пайдасының деңгейіне, ел тұрмысына, ұлттық табыс пен инвестиция серпініне, қоғам өндірісінің дамуына, т.б. көптеген маңызды көрсеткіштерге баға тұтқалы ыкпал тигізеді. Сондықтан баға адам өмірінде негізгі роль атқарады деген қағида орын алған. Бағаның осы тұтқалы ролі барлық қоғам жүйелеріне бірдей тән. Алайда қоғам жүйелерінің әрқайсысында баға теориясы мен тұжырымдамасы, оның әдістері мен тәсілдері әр түрлі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында бағаның негізі ретінде қоғамдық құн болатын. Ал қоғамдық құн қоғамдық қажетті еңбек немесе қоғамдық қажетті шығындар арқылы есептелді. Қоғамдық қажетті шығындар іс жүзінде әрбір өндіріс саласының орта шығындары ретінде есептелетін. Бұл шығындарға әрбір саланың пайда нормативі қосылып баға деңгейі белгіленетін. Ал пайда нормативі мемлекетке (бюджетке) қажет, басқаша айтқанда, материалдық және материалдық емес (қызмет көрсететін) қоғамдық салаларды дамыту үшін, қоғамды әлеуметтік тұрғысынан дамыту үшін қажет қаражатына сәйкес белгіленетін. Демек, қоғамдық қажетті шығындар қоғамды және әрбір саланы дамыту үшін қажет қаражатқа (шығындарға) сәйкес есептелетін. Сондықтан бұл баға тұжырымдамасы ғылым жүзінде шығын түжырымдамасы деп орынды аталған еді. Өйткені баға белгілеуші көрсеткіштердің екеуі де (қоғамдық шығындар да, пайда нормативі де) шығындарға негізделген. Бағаның осы шығын тұжырымдамасы түбінде шығын (нәтижесіз) экономикасына әкеліп соқты. Негізінде шығын белгілі нәтижеге жету үшін жұмсалуы тиіс еді. Алайда шығын шығынды көбейте берді. Өйткені экономика нәтижені емес, шығынды көбейтуге бағытталған еді. Әрбір министрлік өзінің қоғамдағы орнын күшейту үшін неғұрлым көбірек қаражат талап ететін. Сондықтан ол каражаттың қажетін негіздеп, оны алуға тырысты. Салмағы ең ауыр машиналар өндіріліп, алып құрылыстар салынды. Алайда оларға кеткен шығындардың нәтижесі ойдағыдай болмады. Ол алып кәсіпорындардың өндіріс қуаттары толық игерілмей, салмағы ауыр техниканың өнімділігі оған кеткен шығындарды ақтамады. Кеңес Одағы металл өндірісі көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бірақ ол металдан өндірілген өнім саны мен сапасы дамыған елдерден анағұрлым кем болды. Демек, шығын нәтижелі болмады. Шығын шығынды көбейтіп, өндіріс нәтижесі төмендеп, шығынды экономика қалыптасты деген тұжырым осыдан шықты. Енді, міне нарық экономикасына көштік. Баға бұрынғыдай орталықтан белгіленбейтін болды. Өйткені жеке меншік өндірісіне ауыстық. Әрине, мемлекет әрбір жеке меншік кәсіпорынға баға бекіте алмайды. Ол мүмкін емес. Екіншіден, ол дұрыс та емес. Өйткені жеке меншік кәсіпорынның дербестігі бұзылып, олардың мүддесіне қайшы келіп, өндіріс тежелетін еді. Нарық экономикасында мемлекет кәсіпкерлерге еркіндік бере отырып, бағаны реттеу үшін көбінесе тікелей әкімшілік әдістеріне қарағанда, экономикалық (жанама, яғни салық, несие пайызы, инвестиция, қаржылай көмек т.б.с.с. саясаттар арқылы) жанама әдістерін қолданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұржан Әлтаев Бауыржанұлы

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары
Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы –«Оқитын ұлт» қоғамдық қозғалысын негіздеген. «Оқитын ұлт» өз жұмысын 2016 жылы қазанда бастаған болатын.

Әлтаевтың сөзінше, «ұзақ уақыт кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс жасаған кезде ол бизне үшін сыртқы жағдай маңызды ғана емес, оған қатысатын адамдардың бастамаларға деген дайындығы, оқуға деген қабілеті, жаңаны қабылдай білуі де қажет деген ойлармен бетпе-бет келген. Сондықтан да бізге өз азаматтарымыздың жалпы деңгейін көтеру өте қажет. Оқу – ұлт жетістігінің кепілі».
Оқуды танымал етіп ілгері жылжытудағы проблеманың бірі – кітапханалардың жағдайы. Бұл – қорлардың толықтырылмауы, балалармен жұмыстың жеткіліксіздігі еді. Аудандық кітапханалардың проблемаларын шешу бұл жерде аса маңызды. Қазір кітапханалар көбінесе тек қалаларда ғана бар. Олардан өзге жерлерде әлде жоқ, әлде кітапхана қоры өте жұтаң, әрі ескірген болуы керек.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақ тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.3 – Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу
Сабақ мақсаттары: Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың онтогенез кезеңдерін салыстыру (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың онтогенез кезеңдерін салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар:
Жануарлар мен өсімдіктердің онтогенез кезеңдерін ажырату
Жануарлардың тура және тура емес онтогенезін салыстыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар
- Жануарлардың тура және тура емес онтогенезін салыстырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Практикалық жұмыс. Тағам өнімдерінің құрамын анықтау (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Химиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Тағам өнімдерінің құрамын анықтау
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты: тағамдық өнімдердің бірқатарын: қант, крахмал (көмірсулар), нәруыз, майларды ажырату және оларды анықтай алу
Сабақтың мақсаты: Тағамның құрамындағы ақуыз, крахмал, майларды анықтай алу және талдау
Жұмысқа қажетті ресурстар:
Мыс сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксиді, жұмыртқа ақуызы, күнбағыс, картоп, йод ерітіндісі.
Сынауықтар, пипеткалар, стақан, қасық, фильтр қағазы.
Пәнге қатысты лексика және терминология
Оттек, көміртек, сутек, азот, кальций, фосфат, калий, күкірт, хлор, магний
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
х –дан жасалған
Адам ағзасының басым бөлігі …- дан жасалған
Адам ағзасы n пайызға көміртегінен/күкірттен және т.б. тұрады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4С Ықтималдықтар теориясының элементтері
Сабақ тақырыбы: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.1 кездейсоқ оқиғалар, элементар оқиғалар, тең мүмкіндікті оқиғалар, қарама-қарсы оқиғалар, оқиғаға қолайлы нәтижелер ұғымдарының мағынасын түсінеді;
9.4.3.2 ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолданады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар ықтималдық теориясындағы оқиға және оның түрлерін түсінеді және ықтималдықтың классикалық анықтамасын пайдаланады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ауыспалы элементтер
Сабақ тақырыбы: Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Кейбір кең таралған реакцияларға катализаторлардың әсерін бақылау
- катализаторлар қатысында жүретін реакцияларды жоспарлау және оларды жүзеге асыру
- ингибиторлардың әрекетін түсіну
Сабақ мақсаттары: - катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
- реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жер туралы жалпы мағлұматтар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам
Сабақтың тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтап, жердің қасиеттерін түсіндіре алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0