Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымындағы ақшаның ролі

Ақшаларды ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмiр сүрiп келедi десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгерiп отырған және бүгiнде олардың жағдайы аяқталған соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей балама формасында әр алуан тауарлар болған: мал терi, қабыршақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.
Экономикалық категория ретiнде ақшалар өндiрiс және бөлу процесiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейдi. Бұл жерде ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзiлiк ақшалар.
Ақшаның өзiнде, сондай-ақ олардың қызметтерiнде жылдар бойы өзгерiстер болды. Егер де бұрындары сатып алу- сату процесi жалпыға бiрдей балама – алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табқылады. Ен формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сату-сатып алумен шектелмейдi.
Курстық жұмыстың тақырыбы маңызды мәселенiң бiрi ақшалар айналымындағы ақшаның ролін ашып көрсетуге бағытталып алынды. Күнi бүгiнде айналымдағы ақшаның ролi жоғары.
Курстық жұмысым екi бөлiмдi қарастыра отырып жазылды. Бiрiншi бөлiмде қоғамдық қатынастарды таратушы ретiндегi ақшаның маңыздылығын оның шығу тегiнен бастап, тарихи даму кезеңдерiне, қасиеттерi мен мән-маңызына тоқталып, атқаратын бес түрлi қызметiн ашып жаздым.
Жұмыстың екiншi бөлiмiнде ақша айналымындағы ақшаның алатын орны мен айналысқа ақшаларды шығаруды басты мәселе етiп ала отырып, ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдарының мәнiн, айналысқа ақшаларды шығару процесiн сипаттап жазуға ұмтылдым.
Курстық жұмысты жазу кезiнде ақшалар туралы көптеген оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, яғни экономикалық әдебиеттердi пайдаландым. Мысалы, бiрнеше авторлар бiрiгiп жазған және аударған, жалпы редакциясын басқарған ғалым-экономист Сейтқасымов С. “Ақша, несие, банктер” оқулығы, сондай-ақ мерзiмді баспасөз материалдарын, әсiресе “Қаржы-қаражат” журналы жұмысты жазуыма көп сеп ...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экологиялық ақуалдар мен табиғатты тиімді пайдалану

Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
-суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Агаги, Қалқаш (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қиылған құндыз кірпік, қолаң шашты,
Көргенде туған асыл қарындасты,
Ойымда тоқсан түрлі толқын туып,
Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!

Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ,
Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ.
Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ғылыми білімдердің Ежелгі Үндістан мен барлық адамзат өміріне тигізген әсеріне баға беру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;
6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтап, себептерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Графикалық файл форматтары 1-сабақ (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады
Сабақтың тақырыбы: Графикалық файл форматтары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: файлдарды сақтау кезінде олардың әр түрлі форматтарын қолдану
Сабақ мақсаты: Әр түрлі форматтағы графикалық файлдарды ұолдану
Графикалық файл форматтарының ерекшеліктерін білу .......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу.
Сабақтың мақсаты: - алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жазады.
- электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.5 кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;
Сабақ мақсаттары: кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды жетілдіру

Кіріспе
Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып, ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция

Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлык кұбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатгалады.
Инфляция ең адцымен товар бағаларының өсуі және шетел валюталарьшың қымбатгауы ретінде көрінеді.
Алтьш немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз акша ол кезде құндылықгъщ белгісі емес нақты кұндылықтьщ өзі болған; қажетгі ақша көлемі алтьш-күміс корымен ретгелген. Қағаз ақша айналымьшда жағдай басқаша қальштасады. Мұнда қағаз ақша байлықтьщ тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толык атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды затгар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарьшады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық акша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегшде, бағаларға қатгы ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауігггі деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуьш жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар товарды көбірек сатьш алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, ұсьшысты арттыруға өндірушілерді ынталандырады, нарық тез товарға толады. Инфляция жағдайында әртүрлі сапаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтьфуға мүмкіншілік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақьщан тездеу өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығьшдары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10%-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0