Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы

Кіріспе
Ақшаның пайда болуы
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік есте сақталады

Алғашқы күннен бастап, 1945 жылдың мамыр айы бұрын-соңды болмаған нұрын төкті. Ел-жұрт табиғат шуағына шомылды. Нұрына бөленді. Адамдар бетінен күлкі, жайдарылық, жылылық сезілді. Өйткені, «Қызыл армия Берлинге кірді» деген хабар лезде тарады. Сондықтан 1417 күнге созылған қанды қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та, майданда қанды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған балалары мен іні-қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулары да аңсады, армандап асыға күтті. Сол күн туды. 9 мамыр мейрам деп жарияланды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды тітіреткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілік құтылғандай сезінді. Неміс басқыншылары басынан бақайшағына дейін қарулы болғанымен, Кеңес мемлекетінің жалаңаш қызыл қаруы – патриоттық ұлы рухы оған тайсалмай қарсы шықты. Миллиондаған денелер майдан далаларында туралып жатса да, өрттей өршеленіп екінші бір толқын бой көтеріп жатты. Соғыс комбайны қарттан емшектегі балаға дейін қомағайланып жұтып жатты. Соғыс мынау орыс, мынау хохол, мынау қазақ деп ұлтқа бөлген жоқ. Алып майданда сан қилы ұлт өкілдері қол ұстасып, қоян-қолтық соғысқа қарсы соғысты. Қарттардың, сәбилердің қынадай қырылуы олардың кеуделерінде кек отын тұтандырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Дей салдым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,
Екі арманда жылайды айрылғанда, дей салдым-ей.
Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алқызыл тас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, қарақат көз,
Тыңдасаң айтар едім азырақ сөз,
лилалай, сәулем, лилалай.
Барлығы мінез-ғұрып бір өзіңді,
Бағыңа қандай адам боласың кез,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы:
Ахахай, алқызыл тас,
Күнім-ау құрдас.
Көрген жан дидарыңа,
Болмай ма мас,
Лилалай, сәулем,л илалай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Қытай
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді? 2-сабақ
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымның ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы Ежелгі Спарта мен Афины саяси ерекшелігін көрсету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция санының өзгеру себептері 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
Сабақтың мақсаттары: Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ақпаратты өлшеу тәсілдері 2-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты өлшеу тәсілдері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.1.1 - ақпараттың санын анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану
Сабақ мақсаты: «Алфавит» және «алфавит қуаты» ұғымдарын білу
• Ақпараттың көлемін анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0