Өлең: Жылқышы қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сүйген қызым жылқышы, аты Жібек,
Ойлай-ойлай сол қызды кеттім жүдеп.
Көргенімше Жібекті тыным таппай,
Мазасынан айырылды қайран жүрек.

Қайырмасы:

Жібек қыздың ажары
Құлпырады жібектей,
Қара көздің жанары,
Жүргізе ме жүдетпей......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ұстазды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қос қанатым бар деуші едім,
Өшіріп алдым біреуін,
Судан өттім салменен.
Жылайды деп сөкпе, жұрт,
Өмірің өтті зарменен.
Жылқы ішінде құлықпын,
Майлықпенен сулықпын.
Жыламай қайтып шыдайын,
Зарлықпенен мұңлықты.
Екінті намаз бесінті,
Белдеуден тұлпар шешілді.
Кешеде жүрген қарғам-ай,
Бейішке қарай көсілді.
Есіктің алды күрке еді,
Күркеден атым үркеді.
Жарқырап жүрген қарғамның
Топырақ бетін бүркеді.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Менің болашақ мамандығым

Адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – болашақ мамандықты таңдау. Бастапқыда, біз бұл таңдаудың зор мәнділігін түсінбейміз, бірақ та, ол тек алдағы оқуымызбен шектелмейді. Өміріміздің бір бөлігі жұмыспен өтеді, сондықтан, таңдаған жұмысымызды біз жақсы көруге тиіспіз. Менің ойымша, егер адам күлімсіреп оянып, алдағы жұмыс күнін асыға күтсе, ол қандай ғажайып, керемет сезімге бөленеді! Әр күн бақытқа толы бола ма, адам жетістікке жете ала ма, мансап сатысымен көтеріле ме, дарындылығымен өзгелерден ерекшелене ме, өз саласының кәсіпқойы бола ала ма, әрі үлгі бола алады ма, осының бәрі дұрыс таңдалған мамандыққа байланысты болады.

Менің жастық шағымнан, бастауыш сыныптарда оқыған кезімнен қалған, аңсап жүрген арманым, ол – мұғалім болу. Мұғалім мамандығына қызығушылықты мен бірінші сыныпта таныттым. Ұстазымның жасаған іс-қимылдарын, айтқан сөздерін қайталап, ол секілді болуға тырыстым. Қыздармен «мектепті» ойнап, өзімді мұғалімнің рөлінде елестеткен кездерім еске түсті. Ал жоғарғы сыныптарда, жаңа мұғалімдермен танысу арқылы бір пәннің өзіме қалай ұнап қалғаны да, есімде жоқ. Бұл пән - математика. Өз математика мұғалімінің қалай сабақ жүргізетінін, қалай бізге жаңа тақырыптарды түсіндіретінін, өз пәнін қалай сүйетінін көріп, осы кісіден үлгі алып, «математика мұғалімі» деген мамандықты таңдадым.

Мұғалім – жер бетіндегі ең маңызды мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Себебі, «мектеп – біздің екінші үйіміз» деп текке айтылмаған. Ата-аналар сияқты, мұғалімдер де бізді тәрбиелеп, керек болған кезде көмектесіп, қиын жағдайға тап болғанда, біз үшін алаңдайды. Ал кеңес алу үшін кімге барамыз? Әрине, біреулері ата-анасымен сөйлеседі. Бірақ, ренжіген оқушылардың ең алдымен мұғалімге жүгіріп баратынын бірнеше рет көрген сәттерім бар. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көміртегі, кремний және олардың маңызды қосылыстары. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: Көміртегі, кремний және олардың маңызды қосылыстары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.34 көміртекті, кремнийдің және олардың қосылыстарының физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.35 көміртегі тотығының улануының қалай пайда болатындығын түсіндіреді және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін сипаттайды;
Сабақ мақсаттары: Көміртегі мен кремнийдің физикалық қасиетін сипаттау;
Көміртегі мен кремнийдің химиялық қасиетін ұғыну;
Көміртегі мен кремнийдің аллотропиялық модификациясын талқылау .
Көміртегі мен кремнийдің қолданылу аясын білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
- жазықпараллель шыны пластинада сынған жарық сәулесініӊ жүрісін сыза білу;
- үшбұрышты шыны призма арқылы өткен жарықтыӊ жүрісін сыза білу;
- жарықтыӊ сыну заӊын қолданып есеп шығару;
- жарықтыӊ сыну заӊын қолданатын мысалдар келтіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютерлік желілер 2-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және желінің техникалық сипаттары
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.1 – желінің өткізу қабілетін анықтайды
Сабақ мақсаты: желінің өткізу қабілетін анықтай алады
өткізу қабілетін анықтауға есептер шығарады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі.
Сабақ тақырыбы: Функцияның қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.4 График бойынша функцияның қасиеттерін сипаттайды:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функция нөлдері;
4) функция периодтылығы;
5) функцияның монотонды аралықтары;
6) функцияның таңба тұрақтылық аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұп, тақтылығы;
9) функцияның шектілігі;
10) функцияның үзіліссіздігі;
11) функция экстремумдары.
Сабақ мақсаттары: Функцияның симметриялы жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген, үзіліссіз, функция монотондылығы, экстремумдары ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты

Кіріспе
Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Исламбек Төлеубайұлы

Исламбек Төлеубайұлы – «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті.
Ол сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті.

Исламбек Салжанов Қобда ауылынан 150 орындық балабақша құрылысын салу үшін 250,0 млн. теңге қаржы бөлді. Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Қордың басты мақсаты – отандық мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, қоғамда мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, дарынды балаларды қолдау, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қол үшін беру.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0