Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Наталья Дементьева

Наталья Дементьева – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицейінің директоры
Ол «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі. 2009 жылы Астана қаласында өткізілген партияның кезектен тыс съезінде еліміздің жастары мен мұғалімдерінің атынан Елбасының алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

2009 жылдан бастап 2016 жыл аралығында лицейдегі мұғалімдік жұмысын «Қазақстан-Көкшетау» Ақмола телерадиокорпорациясының тележүргізушісі қызметімен қатар алып жүрді. «Біз үйрендік!» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілінің теледидарлық сабағы), «Живой родник» (Қазақстанның танымал тұлғалары туралы), «Бір шағырақ астында» (Ақмола облысының Ассамблеясымен бірлескен жоба) атты өзінің авторлық жобалары бар, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап эфирге «Танымал» жобасы шықты. Мақсаты – еңбек адамының образын ашу. 2013 жылдың наурыз айынан бастап эфирге «Ақ дастархан» бағдарламасы шықты. Мұғалімнің «Живой родник» атты авторлық жобасы облыс мұғалімдерінің тарих, өзін-өзі тану, әдебиет сабақтарында белсенді қолданылады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Иван Снегуров

Снегуров Иван Сергеевич 1988 жылы 24 қарашада Қарағанды ​​облысында Шахтинск қаласында дүниеге келді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылдан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастады және 2005 жылы Қазақстан Республикасының спорт шебері дәрежесін алды. Облыстық және республикалық чемпионаттардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Ол жаттықтырушылық қызметпен 2009 жылы Қарағандыдағы «Шахтер» стадионының ауыр атлетика залында бастады. Жұмыс барысында 5 - халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, 10 - Қазақстан Республикасының спорт шеберлерін, 14 - спорт шеберлеріне үміткерлерді дайындады.

2018 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы берілді. Қазіргі уақытта ол ауыр атлетикадан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт кешенді спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді және жоғары санатты жаттықтырушы. Қысқа мансабында ол өзін тәжірибелі, жауапты және мақсатқа бағытталған жаттықтырушы ретінде көрсете білді және аймақтағы ең ауыр зілтеміршілерді тәрбиелей алды. Бүгінде ол республикалық және халықаралық жарыстарда облыс пен елдің намысын қорғайтын ауыр атлетикадан аймақтың жетекші спортшыларының жаттықтырушысы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде? 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақтың мақсаттары: Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Елім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C бөлімі. Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру
Сабақ мақсаты:Осы тақырыпты оқып білу барысында оқушылар әр түрлі деректерден ақпараттарды ала отырып, өзен алқаптарындағы өркениеттер жайлы біле алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Қонақжай қазақ

Қазақ - қонақжай халық. Осы сөйлемді естіген сайын менің көз алдыма қаршадай күнім, дастарханы жиылмайтын біздің ақшаңқай киіз үйіміз келеді. Төрінен қонақ үзілмейтін, ошағынан қазан түспейтін үйді сипаттау керек болса, ары ұзамайын деп өзімнің қараша үйімді тіліме тиек етер едім. Біздің үйдің қос бәйтерегі өз алдына отау боп шыққан, 7 бала өсірген, таныс-тамырлары көп жандар болды. Содан болар, әйтеуір, біздің үйдің ішілетін асын қонақ келмей ішкеніміз есімде жоқ. Қонақтың сыбағасын ұсыну, қонақ кәде сұрау өз алдына бөлек әңгіме. Қонақ келсе қой егіз табытыны сияқты, ырысымыз артпаса, кеміген жоқ, шүкір. Жастайымыздан көргеніміз бар, анамыздың бойымызға сіңіргені бар дегендей. Қазір, өзім де үйге келген жанға шәй ішкізбей, ауқаттандырмай шығармаймын.

Қатты асығыс жүргеннің өзінде дастарханнан нан ауыз тигіземін. Баламысың деген, кішкентай кезімде, бір дастарханды жинап бола бергенде, тағы бір адам келсе, тағы шәй қоятынбыз. Сонда бұртиып ашуланғанда, «қонақжай болу - ата-бабадан дарыған қасиет. Кең бол! Кем болмайсың, шырағым!» , дейтін әкем. Соған көзімді жеткізуге тіптен септігін тигізген асыл Пайғамбарымыздың сахих хадистері: «Алла қонағы көп болған үйді, үй иесін жақсы көреді» "Қайсы бір үйге болсын қонақ кірмей, періштелер кірмейді", "Қонақты күту жәннатқа кіретініңнің дәлелі", "Кім Аллаға және ақыретте (әрбір ісіне есеп беретініне) сенсе, қонағына құрмет көрсетсін” деген екен Адамзаттың асылы. Осы тұста айта кету керек, қонақты өзімізше бөліп, ат қойып жүрміз ғой......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық бөлшектер
Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.29 Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдайды
Сабақ мақсаттары: Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартуды орындай алу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гравитациялық күштер. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық тұрақты және оны анықтаудың жолдары (Кавендиш тәжірибесі). (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гравитациялық өріс
Сабақ тақырыбы: Гравитациялық күштер. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық тұрақты және оны анықтаудың жолдары (Кавендиш тәжірибесі).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.4 - гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсіну және гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтау;
9.1.1.2 - SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере білу;
9.2.2.9 - ауырлық күшін гравитациялық өрістің дене массасына әсері ретінде түсіну;
9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну;
9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;
9.2.2.6 - бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық өрістің кернеулігінің g=GM/r2 формуласын шығару және оны есептерді шығару кезінде пайдалану;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсінеді. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын біледі
Оқушылардың көпшілігі:
Гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтайды. Бүкіләлемдік тартылыс заңын пайдаланады.
Кейбір оқушылар:
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын қолданып әр түрлі типтегі сапалық тапсырмаларды орындайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0