Өлең: Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Мектеп кітапханашысы – ақпараттық бапкер

Кітапхана – баспа туындылары мен басқа да ақпарат көздерін қоғамдық пайдалану жолын ұйымдастыратын мәдени-ағарту ақпарат мекемесі. Мектеп кітапханалары – мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын орын.

Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары адамдармен қарым- қатынас түрі болып табылады. Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастырушы бірден-бір тұлға. Кітапханашы оқырманның тек кітапты алуына көмектесіп қана қоймай, сол кітапты насихаттау жұмысын да қоса міндетіне алады.

Кітапхана оқырманы –ол белгіленген құжаттарды ресми тіркеу негізінде кітапхананы пайдаланатын адам. Кітапхананың негізгі жұмысы оқырмандармен байланысты. Сондықтан оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру дегеніміздің өзі –кітапхананың кітап қорының дұрыс орналасуы, каталог, картотеканың алфавитті дұрыс орналасуы. Кітап көрмелерінің дұрыс орналасуы. Мектептегі кітапханашы маман жұмыстың күрделігіне қарамастан біліктілік деңгейімен қоса, тәжірибесін де дамытып отыруы қажет. Кітапханалық қызмет көрсету көпшілік кітапханаларға қарағанда, мектеп кітапханаларында жалғыз кітапханашы маманның қолында. Ол мектепте кітапханашы мамандығымен қоса, психолог, оқытушы, тәрбиеші, маркетолог, менеджмент, бағдарламашы сынды түрлі мамандық иелері жұмыстарын қоса атқара білуі қажет. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру жүйесі бойынша да бағдарлама негізін мұғалімдермен бірдей біле отырып, оқушылардың қабілет-дарынын одан әрі жетілдіруге үлес қоса білуі қажет. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

М. Мақатаев

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Интернет арқылы деректерді жіберу 2-сабақ (Информатика, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электронық пошта (кескін тақырып: "Космосқа саяхат")
Сабақтың тақырыбы: Интернет арқылы деректерді жіберу 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 4.1.2.2 файлдар мен қалталарды жасау, көшіру, көшіру және жою;
жұмысыңыздағы мәтінмәндік мәзірді пайдаланыңыз;
4.1.2.3 өз жұмысында контекстік мәзірді пайдалану;
4.3.2.1 электрондық пошта хабарларын тіркемелермен бірге алуға және жіберуге
Сабақтың мақсаттары: файлдар мен қалталарды жасау, көшіру, көшіру және жою;
жұмысыңыздағы мәтінмәндік мәзірді пайдаланыңыз;
өз жұмысында контекстік мәзірді пайдалану;
электрондық пошта хабарларын тіркемелермен бірге алуға және жіберуге....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Оқиғалардың үшөлшемді моделі (Информатика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Модельдеу
Сабақ тақырыбы: Оқиғалардың үшөлшемді моделі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бағдарлама құралдарын қолдану арқылы үш өлшемді модельдер жасау. Видео өңдеу
Сабақ мақсаты: 3D бағдарламаларда объект және оқиғалардың моделін жасау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Проблеманы анықтау 4-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Проблеманы анықтау 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
Сабақ мақсаты: жоба үшін проблеманы тұжырымдап, жобаның жоспарын жасау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар:
9.1.1.1 доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану
Сабақ мақсаттары: - доғаның ұзындығын есептеу формуласын білу және қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 -шы бабында /1995жыл 30-шы тамыз/ былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік және бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктерді заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өнімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай – ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.
Мемлекеттік меншік өзі атын айтып тұрғандай мемлекеттің меншігі. Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазақстан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен турады. Республикалық бюджет қаражат, алтын –валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Ресапубликасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғалардға бекітіліп мүліктен тұлрады.
Дәл казіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің әр түрлі түрлері заңды деп саналады. Олар:
 Арендалық кәсіпорынның меншігі;
 Кооперативтердің меншігі ;
 шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
 Акционерлік қоғамның меншігі;
 Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
 Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
 Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының бүкіл қоғамдық организмнің өзін - өзі ұйымдастыру, өзін - өзі реттеуінің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады. Меншіктің әр түлрлі формалары бұл олардың механикалық жиынтығы емес, олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір – бірімен диалектикалық өзара байланыстылығы. ....
Рефераттар
Толық
0 0