Өмірбаян: Серік Нұркенов

Серік Нұркенов – ғалым, РФ физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика мамандығының PhD докторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Ол бериллий негізіндегі жаңа термо төзімді нано-жабындар әзірлеп, жасаған, олар ядролық медицина, космостық және ядролық энергетикада маңызды практикалық қолданысқа ие. 2009 жылдан бері Республикалық диагностикалық орталықта (Қазір Назарбаев Университеті “University medical Center” КҚ) ядролық медицина бөлімінде жұмыс істейді. Онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу тиімділігін бағалау, сондай-ақ емдеу тактикасын өзгертуге себеп болатын метастатикалық зақымдануларды анықтау мақсатында иондаушы сәулелердің ашық көздерін қолдана отырып диагностикалық зерттеулерді жүзеге асырып жүрген алғашқы медицина физигі болып табылады. Мысалы, радиоактивтік белгісі бар заттар (басқаша айтқанда 18F-FDG негізіндегі радиофармпрепарат) ағзаға енгізілгеннен кейін физиологиялық және патологиялық процестерге қосылады, бұл оларға онко-процестерді (рак жасушалары) ең ерте кезеңінде тез табуға мүмкіндік береді. Бірегей, жоғары дәлдіктегі және ақпараттық ПЭТ/КТ зерттеулер Қазақстанда алғаш рет 2010 жылдан жасала бастады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): X – XIII ғғ. саяси карта қаншалықты өзгерді?1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: X – XIII ғғ. саяси карта қаншалықты өзгерді?1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ жерінде құрылған мемлекеттерге қатысты саяси үдерістерді түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ сәуле (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бір күй бар домбырамда тартылмаған,
Бір сыр бар көңілімде айтылмаған.
Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәулем,
Көзіңнен айналайын жарқылдаған.

Ақ сәуле аспанда аймен толасасын,
Төгіліп иығыңа қара шашың.
Жалт беріп құралай көз қарағанда,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Бата-тілек: Сақтық бата

Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап - сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.....
Баталар
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Презентациядағы дыбыстар 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Презентациядағы дыбыстар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану
3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару
Сабақтың мақсаттары: • Аудиодыбыстың қарапайым бағдарламаларымен таныстыру;
• Аудиодыбыстар бағдарламаларын қолдануға үйрету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
3 -2

Сабақ жоспары (ұмж): № 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы» (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақ тақырыбы: № 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.4.10 -тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шеңбердің теңдеуі 5-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 );
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
түзудің жалпы теңдеуі және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдана алу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Координаталармен берілген есептер 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координаталармен берілген есептер 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): екі нүктенің арақашықтығын табу, кесіндінің ортасының координаталарын табу формулаларын, центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін, түзудің теңдеуін қолданып есептер шығарады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
-жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
-кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
- шеңбердің теңдеуін анықтайды;
- шеңбердің центрін, радиусын табады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат теңсіздік (Интервалдар әдісі) 2-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар: 8.4 С: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Квадрат теңсіздік (Интервалдар әдісі) 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешеді;
Сабақтың мақсаты: Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0