Сабақ жоспары (ұмж): Компьютердің конфигурациясы 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау
Сабақ тақырыбы: Компьютердің конфигурациясы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.1.1 компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын таңдау
Сабақ мақсаты: «АЛҚ», «БҚ», «Тактілік жиілік», «Регистрлар», «Разрядтылық» терминдерін білу және оларды түсіну
Процессордың қызметін және сипаттамасын қарапайым деңгейде түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 – сақталу заңдарын біледі
Сабақ мақсаттары: Дененің импульсі, күш имппульсі, тұйық жүйе, абсолют серпімді соққы, абсолют серпімсіз соққы, ұғымдарын қолданады; импульстің сақталу заңын біледі.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы инвестициялық мәселелері

Кіріспе
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Кіріспе
Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық

Кіріспе
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда Президентіміз Н.Ә Назарбаев айтқандай,“бізге ауқымды міндет–бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты”.
2006 жылғы 1 наурыздығы ҚР Презтидентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономмикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою және жұмыссыздықты төмендету жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды және де «ақша – несие саясатының негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 5 – тен 10% - ға дейін шекте ұстау» болады, мұның өзі ел экономикасында экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынына қол жеткізуге жәрдемдеседі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АҚ – НЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелік күреспен ынталандырылатын шаруашылық ізденіссіз, жаңашылдықсыз жүзеге асыра алмайды. Нарық жағдайында тек қана өз өнімінің жоғары сапсы мен тұрақты жаңаруын қамтамасыз ететін кәсіпорын жеңіске жете алады.
Кәсіпкерлік – осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаражаттар есебінен өз тәуекелімен жүзеге асырылатын ынталы шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің басқа коммерциялық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыстар мен шығыстар арасындағы айырбас ретінде пайдаға қол жеткізу болып табылатын, өз иелігіне қарыз меншігін алып кәсіпкер жаңа өнім шығаруды ұйымдастырады, тиімді коммерциялық байланыстарды жүргізеді.Айналымға өзінің капиталын және басқаның капиталын жіберіп, өзіне пайда алады. Сәйкесінше кәсіпкер нарықтық байланыстарды орнататын, өндірісті қалыптастыратын және кеңейтетін нарықта белсенді іс- әрекет етуші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономиаклық дамуының жаңа сатысы экономикалық ғылымға көп деген проблемаларды тудыруда. Бәсекеге қабілетті экономиканы құру және «Қазақстан-2030»атты ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру шаруашылықтың барлық басқарудың тиімділігін қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдауындағы бірінші приоритетін жүзеге асыруда – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына енуі: «Қазақстан жаңа технологияны ойлап табушы мен дамытушы халықаралық акционерлік компания ретінде қатысады» деп анықталды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджеті

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұркаси Абатов

Нұркаси Абатов жоғарғы санатты дәрігер хирург, профессор
Абатов Нұркаси Төлепбергенұлы 1996 жылы Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып құрсақ қуысы мүшелерінің әртүрлі ауруларын жедел емдеудің эндовидеохирургиялық әдістерін тәжірибе жүзінде іске асырды.

ҚР ДМ клиникалық протоколдарын, оқытудың жаңа әдістерін әзірлеуге, медицина оқу орындары студенттерінің білімдері мен клиникалық машықтарын бағалауға қатысады. Абатов Н. Т. үздіксіз кәсіби білім арттыру курсанттары мен хирургтарына арнап 30-ға жуық оқу бейне фильм жасады. Ол ҚММА медицина орталығында хирургия бөлімшесін ұйымдастырды, мұнда емдеудің заманауи хирургиялық әдістері белсенді түрде енгізілуде. Сонымен қатар, жас хирургтердің кәсіби дайындығына көп көңіл бөлінеді.

1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тамамдаған. Өз қызмет жолын Торғай облысы Амангелді ауданының ОАА дәрігер-хирург болып бастап, 1991 жылы дейін жұмыс істеді. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Серік Есматов

Серік Есматов – Қазақ туризм және спорт академиясының студенті, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны

Ол 1998 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бала кезінен жекпе-жекке қызыққан Серік бокс үйірмесіне барады. Көп ұзамай-ақ, ол жақсы нәтижелер көрсетіп, жасөспірімдердің олимпиада резервіне қабылданды. Сонымен қатар, жүзу мен велосипед спортымен шұғылданып, тіпті Қазақстанның жасөспірімдер біріншілігінде велосипед жеңіп алған. 2011 жылдың 30 тамызында қайғылы жағдай орын алып, Серік қос аяғынан айырылып қалды.

Ол қазірде волейболдан Қазақстан құрамасының капитаны.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Халқының ардақты азаматы

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың бейбіт аспаны аясында талай ұрпақтар өсіп, ер жетті. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. Бірақ фашизм оты қанша жалынды болғанымен, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншіліктері оттай ыстық болып, асыл азаматтарымыздың қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. Солардың бірі - болмысынан әділ, шыншыл, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі жеткіншектер Б. Момышұлы жайлы сырларды қариялардың естелігінен, жазушылар шығармаларынан және де өзінің төл туындылары арқылы жақсы білеміз. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар ( 8- гвардия ) дивизиясының құрамына алынып, батальон командирі болған.
И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де шыншылдық қасиетін жоғары бағалаған. Өр, өз дегенінен қайтпайтын Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай емес еді........
Шығармалар
Толық
0 0