Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Асқорыту(Қоректену)
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу»
Оқыту мақсаттары: 9.1.2.5 өттің майды эмульгациялау қасиетін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кері функция ұғымы (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың тақырыбы: Кері функция ұғымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.5 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
Сабақ мақсаттары: -берілген функциялардың кері функцияларын табады;
-өзара кері функциялардың графиктерін сала алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференциялары

Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Кіріспе
Кез келген мемлекетте елдің бюджет! маңызды рөлді атқарады ол арқылы: таза үлттық табысты белуге және қайта белуге, жалпы үлттық өнімнің қүрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.
Елдің мемлекеттік бюджеті қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттік бюджет елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жүмылдырады. Олар экономиканы әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын үстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қорғауга, үкіметтік борышты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады. Курстық жүмыс үш бөлімнен түрады: бірінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмүны, бюджеттің функциялары, бюджеттің юіассификациялары, мемлекеттік бюджет экономиканы басқару қүралы ретінде осы аталғандар бірінші бөлімде қарастырылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көрікті қыс

Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық
қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып.
Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек.

Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.
Барысы: Қайырлы күн балалар!
Алтын күн, жер анаға өзіңсің
Мейірлі шуағын төгіп тұр,
Біздің де жан дүниемізге жарық
Сәулесін шашып тұр, кәне біз де бір - бірімізге өзіміздің жүрек жылуымызды сыйлайық.
Балалар: (Балалар дөңгелек жасап тұрады).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М. Бекімов және пушкинтану ілімі

К І Р І С П Е
Әрбір ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның өмірінде бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп, өзінің соны сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі, жаңара, жасара береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі, шексіз–шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай қауым мен халықтыі да жүрегіне тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең сырлас замандасы болып кетеді. Оны әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім керегін табады. Өйткені әрбір ұлы ақын бүкіл адамзаттық көтереді, оларды мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес қосқан, адамзаттың көркемдік ойын батыл ілгері дамытқан Александр Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді.
Пушкиннің ақындық данышпандығын табиғатта тек күнмен салыстыруға болады. Ақын Пушкин әдебиет әлеміне келісімен оған дейінгі онан кейінгі және өзімен тұстас өзге ақындар екінші, үшінші қатарға ығысып, күн шыққанда өзге жарық денелердің күңгірт тартып көрінбей кететініндей, ұлы ақынға жол береді. Сонымен қатар оның тағы да бір елден ерек, қайталанбас қасиеті - арады қанша уақыт өткеніне қарамастан өзінің нұрлы сәулесін өзінен кейінгі әдебиетке заманалар биігінен түсіріп келеді. Сол себепті де А.Луначарский: «Пушкин - орыстың көктемі, пушкин – орыстың жарқырап атқан таңы, Пушкин – орыстың Адам - атасы. Италияда Данте мен Петрарка, Францияда ХVІІ ғасырдың алыптары, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете не жасаса, Пушкин біз үшін соны жасады» дейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: «Кондуктор» ойыны

Сабақтың мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бір сан құрау, ұлттық валютамыз теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру.
Көрнекілік: Әр баланың алдында ұсақ, 1, 2, 5 теңгелік (қағаздан қиылған) салынған әмиян.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0