Сабақ жоспары (ұмж): Азот және оның құрылысы. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Азот және фосфор тыңайтқыштарының қолданылуы. Азот оксидтері, нитраттар және фосфатардың қоршаған ортаға әсері. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Азот және оның құрылысы. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Азот және фосфор тыңайтқыштарының қолданылуы. Азот оксидтері нитраттар және фосфатардың қоршаған ортаға әсері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.36 молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру;
10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу;
10.4.1.9 азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
10.2.1.37 газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.38 ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу;
Сабақ мақсаттары: Азот, фосфор және оның қосылыстарының қасиеттері мен қолданылуымен танысу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электромагниттік индукция құбылысы (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция
Сабақ тақырыбы: Электромагниттік индукция құбылысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): магнит ағынының физикалық мағынасын түсіндіру және оның формуласын есеп шығаруда қолдану;
Соленоидтағы толық магнит ағынның физикалық мағынасын түсіну;
электромагниттік индукция бойынша тәжірибені талдай отырып, магнит ағынның өзгерісі кезінде электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
-электрмагниттік индукция құбылысын біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Рационал теңсіздік 5-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар: 8.4 С: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Рационал теңсіздік 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
Бөлшек-рационал теңсіздіктердің анықтамасын тұжырымдай алады;
Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шеше алады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Эстония қарым – қатынастары

Кіріспе
Мемлекеттік атауы - Эстония Республикасы
Астанасы - Таллин ( 427 мың. тұрғын )
Жер көлемі - 47,5 мың.км2 . Европаның солтүстік шығыс бөлігінде ,Балтық теңізінің Фин шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан. Оңтүстігінда Латвиямен және шығысында Ресеймен шектеседі.
Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну.
Халқы: 1,45 млн.адам. Этнтикалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%).
Дін: лютерандық. Сонымен қатар православие және католиктік діндер таралған.
Мемлекеттік тілі: эстон ( тілдердің фин – угор тобына кіреді )
Мемлекеттік мейрам: 24 ақпан Тәуелсіздік күні ( 1918 жылдан )
Ақша бірлігі: крона
Әкімшілік – территориялық бөлінуі: Эстония 15 уезд және 6 жеке қалалардан тұрады (Тарту, Нарва, Пярну, Таллин, Кохтла – Ярве, Силламяэ).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одактық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақшанесие қатынастарын рет-теуге, мемлекеттік бюджетгің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы - оның басқармасы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

КIРIСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (1947 жылы 15 қыркүйек)

Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969).

1970 - 75 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды.
1975 - 1976 ж. Марокко корольдігі, 1985-86 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті.
1976 - 77 ж. ҚР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.
1977 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі.
1986 - 1988 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты.
1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы.
1991 - 97 ж. Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.
1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі.
2000 және 2005 ж. Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы,
2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 ж. сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды.
1977 ж. «Арабтілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «VIII - XX ғасырдағы арабтілді Марокко сөз өнерінің әволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Пешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Зүлфия Чиншанло Салахарқызы (25 шілде 1993 жылы)

Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер.
Жетістіктері
Пошта маркасы, 2013 жыл
2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Халифа Алтай Ғақыпұлы (1917 жылдың 18 желтоқсан)

Ғалым, діни ағартушы ұстаз Халифа Алтай Ғақыпұлы 1917 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Түркістан аймағы Шіңгіл ауданының Жарынты өзенінің бойында дүниеге келген. Сауатын алғашында әкесі Ғақып Қаракеленұлынан, кейін ауыл молдасынан ашқан. Абақ керей ішіндегі Жантекей руынан шыққан.
Отбасылық жағдайы
Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған. Екінші әйелі – Бибәтіш Алтай Жүнісқызы.
Ғалымның Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан есімді ұлдары мен Шакира, Шекүре, Мешкүре, Айсен атты қыздары бар.
1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударды;
1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барды;
1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Кейін Үндістан мен Пәкістанға өтіп, онда арабша, урдуша білім алды;
1952 жылы Араб, урду тілдерін білген Халифа Алтай алғашында Пәкістанның Пешавар қаласында қызмет етеді. Кейін сонда құрылған "Шығыс түркістандық қазақ көшіп келушілері қоғамының" жауапты хатшысы болды;...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0