Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Радиоактивтілік Сабақ тақырыбы: Ядролық реакторлар. Ауыр ядроның бөлінуі, тізбекті ядролық реакция. 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.2.4 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау; 9.6.2.5 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау Сабақ мақсаттары: 9.6.2.4 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау; 9.6.2.5 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау.....
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік Сабақтың тақырыбы: Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.4.2.1 өзгенің жұмысын ұрлау заңсыз екенін негіздеу Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды интернетте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Интернетте жұмыс жасау кезіндегі ыңғайсыз және қауіпті жағдайлардың болуын көрсету. Интернет желісінде болатын қауіпті жағдайларды бағалай алатын дағдысының қалыптасуына ықпал ету.......
КIРIСПЕ «Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті: - табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;....
Қазақстан Республикасы саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және келісім жағдайында он бес жыл бойы тәуелсіз, егеменді құру бағытын жүзеге асырып келеді. Осы жылдарда Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы, оның мүшелік ұйымдары жаңа демократиялық қоғам құрудың белсенді қатысушылары болып табылды., әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістерді қолдап жалдамалы жалдамалы еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғады. 2000 жылдың мамыр айында болған кәсіподақтар Федерациясының ХҮІ-ІІ съезі кәсіподақ ұйымдарының өміріндегі маңызды кезең болды, кәсіподақтар қызметінің үшінші мыңжылдық алдындағы негізгі бағыттарын айқындады. Республикалық салалық кәсіподақтардың, облыстық одақаралық бірлестіктердің, Федерацияға біріккен барлық кәсіподақ ұйымдарының іс жүзіндегі күштері кәсіподақтар Федерациясының ХҮІІІ съезінің бағдарламалық құжатында, «Халықтың еңбекақысы және табыстары туралы», «Жұмыссыздыққа қарсы, халықтың толық және жемісті жұмыс істеуі үшін», «Шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындардағы еңбекшілердің жағдайы туралы», «Еңбекші әйелдердің құқықтары мен мүдделері қамтамасыз етілсін», «Әділ зейнетақыны қамтамасыз дету үшін» деген съездің мәлімдемелерінде, үндеулерінде және қарарларында мазмұндалған, Қазақстан еңбекшілерінің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге арналған міндеттерді орындауға бағытталған болатын. Съезд «Күшті кәсіптік одақтар – еңбекшілердің сенімді әлеуметтік-экономикалық қорғаушысы» атты ұранмен нарықтық экономиканы жаһандандыру кезеңінде күшті әлеуметтік саясат жүргізуге қол жеткізу, кәсіподақтар қызметінде экономикалық және саяси күрес әдістерін байланыстыру, паламенттік, заң шығару қызметіне және әлеуметтік серіктестікке белсенді қатысу міндеттерін алдына қойды....
Кіріспе Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi: Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi. Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны. Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшылықтары да шешiледi.....
Кіріспе Қазақстан Республикасының Егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне он жеті жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілуі «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні», - деп көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасқаны жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы заматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек». Бұдан туындайтын негізгі талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту. Осыған орай қазіргі таңда өзекті де, тартымды да мәселелердің бірі еліміздің инвестициялық, құрылымдық саясаты, оның құқықтық реттелуі болып отыр. Сонымен қатар экономиканың жедел дамуы, әлеуметтік өмірді тұрақтандыру, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына да үлкен үлесін қосуда. Сондай-ақ Елбасының жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы-мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі» атты басым бағыттарының бірі – Қазақстанды зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып тұр.....
Кіріспе. Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениеттін көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады. Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды. Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік бағдар ланған экономикаға қол жеткізуді мақсат ететіндігін жариялады. Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсетілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқаның айқындады.....
Кіріспе Табиғи себеп –шарттардың әсерінен,сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өмірін қалыптастыра алатын,жер шарының құрғақ бөлігінің үстінгі қабатын топырақ деп атайды .Топыраққа қана тән қасиет құнарлыққа байланысты.Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз. Құнарлылық-топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен,сумен және басқа да тіршілік себеп шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті.Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі-мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді. Физикалық мүжілу-бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі. Мұндай мүжілудің факторларының бірі болып температураның ауытқуы саналады. Тау жыныстарын құрастыратын минералдардың түстері әр түрлі болады. Сондықтан қара түсті минералдардың көлемі қыздырған кезде, ашық түсті минералдарға қарағанда көбірек ұлғаяды.Салқындатқан кезде олардың көлемі осы кезекпен кішірейеді. Нәтижесінде тау жынысында әр түрлі бағыттағы жарықшалар пайда болады.Бұған тағы да, минералдың көлемдік және ұзындық кеңею коэфориценттерінің әр түрлілігі де ықпал жасайды.Пайда болған жарықшаларға жиналған су қатқан кезде оның қабырғаларына зор күшпен әсер етеді де, тау жынысын жарады. Тұз кристалдары да тап осындай әсер жасайды.Физикалық мүжілу үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді.....
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін. Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі. ....