Шығарма: Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
М.Мақатаев
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды.
Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Халық қаһарманы Батыр қазақ-БАУКЕҢ!

Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады
Б.Момышұлы
Биыл қазақтың біртуар батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 106 жыл толып отыр.Баукеңнің ерлік істері, жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгілік сақталады.Жадымызда мықтап жатталған даңқты тұлға есімі тарихта алтын әріппен жазылған.Қызыл империя белсенділерінің қатыгез саясатының нұсқауымен қасапшы машина қаймана қазақтың «сүт бетінен сылып алар қаймағын», яғни, саналы һәм санаулы асылдарын аяусыз қырып-жойғаны белгілі.Бір өкініштісі, бұл келеңсіздік Ұлы Отан соғысы тұсында да жалғасып, ұлы далада өсіп-өнген қайсар ұлдардың есепсіз ерлігін тиісінше бағаламады, тылдағы ерен еңбекті елемеді.Керісінше, аз ұлттарға әрдайым қысым көрсетіп, қиянат жасап, марапат-атақтан, жоғары лауазымнан шеттетіп әлекке түсті. «Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушы ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ.45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмей қойды.Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл “Жоғары тактикадан» аға оқытушы болып қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті.13 жыл генералдық қызмет атқарды.Бірақ генерал шені берілген жоқ». (Әскери журналист қолжазбасынан). Сол кезде жоғарғы әскери басшылыққа өзге ұлттың өкілін араластыра бермейтін саясаттың зардабы өлшеусіз болды, оны жария заманда бірақ білдік.Оның үстіне жалғандықты, жағымпаздықты өлердей жек көріп, жақтырмайтын бірбеткей Бауыржан Момышұлының ешкімнен қаймықпас өжет мінезі де шовинистік пиғылдыларды әбден қитықтырып, биліктегілер шешім қабылдар кезде әдейі сыңар езулікпен бұра тартуын тоқтатпады......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу
Сабақ мақсаттары: Қазақстандағы орта ғасырлар тарихының кезеңдерін, негізгі оқиғаларын сипаттайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың жүйесімен, құрылымымен, қызметтерімен танысу.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.2 – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға беру;
9.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: XX ғасыр басындағы Қазақ еліндегі тарихи құбылыстарды, оқиғаларды талдайды және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс барысын, тарихи тұлғалардың рөлін анықтайды...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Бір келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде займкенің бір келіншек.

[Қайырмасы]
А-а-а-ау,
Бір келіншек, бір келіншек, бір келіншек-ау.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • 10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Нәруыздың құрамы мен құрылымын жіктей алады.
Нәруыздың сипаттамасы бойынша қызметін анықтай алады.
Ораторлық қабілетін таныта отырып, нәруыздың құрылымы, қызметі бойынша еркін айта алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлар арасындағы бұрыш 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлар арасындағы бұрыш 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.3.5 векторлар арасындағы бұрышты есептеу
Сабақ мақсаттары: Векторлар арасындағы бұрышты есепте алады және қолдана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар. Осы аталған әрбір тұлға өз мақсатымен,өз мүддесімен және өз ұйғарымымен іске кіріседі.Ал біздің елімізде қаржы тіршіліктің тамырына айналып отырған кезеңде банк жүйесіндегі бухгалтерлік есептің керектігін өмірдің өзі мықтап алға қойып отыр.
Өз басқаруына алған кәсіпорындардың жай-жапсарын білу үшін шетелдік басқарушылар,қаржы беруші инвесторлар бухгалтерлік есепті,аудитті тексеруді халықаралық стандарт бойынша өткізуді талап етіп,келешке кеңестік жоспарлы экономика кезіндегі бухгалтерлік есепке сенбейтіндігін ашық айта бастады.
Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп,қаржы есебінің реформасы мен аудит жүргізу мәселелеріне ерекшк көңіл бөлінген болатын.Әсіресе, тәуелсіз мемлекеттер достастығы ауқымында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын үйлестіріп ретке келтірудің,олардың ережелері мен қағидаларын бір-біріне сәйкестендіре қорытып жүйелеудің маңызы зор.кез келген жас маманға заңдылық: есептей білген ұтады. Бұл өмірлік ақиқат шағын фирма мен кәсіпорыннан бастап үлкен компанияларды,банктерді,экономика мен бизнестің алыптарын алға жетелеп отыратын екінші тыныс сияқты болуы тиіс.
Бухгалтерлік есептеу жүйесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың маңызы зор.
Осыған орай осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерде есеп жүргізу амалдарын үйрену.
Осы мақсатты орындау үшін алдымда шешілетін мәселелер:
1. Банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу;
2. «Казкоммерцбанк» бөлімшелеріндегі операцияларды есепке алу;
3. Банктегі аудиттің мәні мен ерекшеліктері. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0