Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны ұйымдастырудың ерекшелігі

1.1. Еңбек ақының мәні, түрлері және принциптері.
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті өнім көлеміне сәкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болады. Былайша айтуға болады – еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кететін шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны мұндай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметтердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
– Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
– Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
– Оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны;
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбек ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзіндік еңбек өнімділігінің өсуі еңбек ақының өсуіндей шапшаң болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпорын | «ТАС - ҚҰМ» акционерлік қоғамында еңбекақының ұйымдастыру

Кіріспе
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Елена Дмитриенко Александровна

Дмитриенко Елена Александровна – «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның балалар және пионерлер ұйымы одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Алтын патент» иегері (Мәскеу қ., 2002 ж.).

«Өнерге, шығармашылыққа жақын тұлғалаларды жоғары адамгершілік заңдармен өмір сүруге, Отанымыз Қазақстанның дамуына үлесін қосуға қабілетті адамды тәрбиелеу – бағдарламаның басты мақсаты. «Жұлдыз» бағдарламасы өмірден өз орнын табуға ұмтылған, жарқын әрі қайталанбас тұлға болып қалғысы келетіндерге бағытталған бағдарлама. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ұжымдық жұмыстарды, балалармен тәрбиелік және дамытушы жұмыстарды жоспарлаған кезде қолданыла алады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Генетикалық ақпаратты сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқымқуалау мен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақ тақырыбы: Генетикалық ақпаратты сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік
Оқу мақсаты: ● Хромосомадағы генетикалық ақпараттың ДНҚ ролін түсіндіру
Сабақ мақсаты: Оқушы біледі:
● Генетикалық материал ,ДНҚ,нәруыз түсініктерін.
● Хромосомадағы ДНҚ ролін.
Оқушы түсінеді:
● ДНҚ қос спиралін.
● Жасушаның бөлінуі арқылы ағзаның өсуі.
Оқушы жасай алады:
● Белгілерді сақтау және берудегі ДНҚ маңызын түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біледі:
оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың анықтамаларын және олардың арасындағы генетикалық байланысты біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921)

Мәди Алшынбаев (1880 — 1921) жж. - арқалы ақын, әнші, композитор.

Өмірбаяны
1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Арғы атам — өулие еткен Ер Қазыбек, Бекболат — оның үлы болыпты бек. Тіленші — одан туған абзал шері, Қарадан хан боп туған бәрі асыл тек.

Атамыз одан кейін Алшынбайды,
Аруағынан естіген жан қалшылдайды.
Атағы Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.
Сүрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан арасында,
Жаралған артық болып асыл затым,
—деп өзінің бекзадалық болмысын, Алашты билеген алыс-жақынға сөзі өткен асылдардың тұқымы екенін жария еткен. Ғазиз басы отарлықтың озбырлығына көнбеген күрескер тұлға. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Мәди адуынды әжесі Алшынбай атасының тоқалы Үлжанның бауырында ерке болып ержетіп өскен. Мәдиді бала кезінде әкесінің ағасы Қақабай қатты еркелеткен. Бес жасынан бастап Қожабек медресесіндегі Ысқақ ишанға оқуға береді. Ӏске қабілетті, талантты бала зерек те болып, етіне таяқ тигізбей жақсы оқыпты. Мөди есейе келе Қақабай атасына қарасты мал-мүлікті еркін жұмсай береді. Дүние үшін ағайын арасы кырбай болып, Қақабай Мөдидің жас кезінде атастырған қалыңдығынан айнып, берген малын қайтарып алады. Осылайша, өлді ағаның озбырлығына қара күшпен жауап берген Мәди қимылын малды туыстар өрескел көріп, өтірік шындықты жала жауып, істі қылып жібереді. Жергілікті жуандармен үстасқан Мәдидің батыл қимылдары мен өткір өлеңдері, асқақ әндері отаршыл озбырлардың да зәре-құтын үшырып, олар еркіндікті насихаттайтын, жаны азаттыққа құштар жеке батырды жазалауға құлшына кіріседі. Үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Малды агайынның әлімжеттігі салдарынан зәбір көріп, пұшайман болған халін:....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0