Курстық жұмыс: Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық

Кіріспе
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым - қатынас сонау Ұлы Жібек жолының кезінде ақ басталған. Ол кезде созылып жатқан шексіз далада көпестер көрші мемлекетерден бастап, алыс елдерді сауда сатықпен айналысып кезетін. Бүгінгі күні Қытай сол баяғы Ұлы жібек жолын жандандыруға мүдделі екені бәрімізге аян.
Қытай қазіргі таңда экономикалық, саяси және әскери жағынан алпауыт мемлекеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар ол ядролық держава статусына да ие. ҚХР Азия Тынық мұхиты аймағы және Оңтүстік Шығыс Азияда өзінің геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда. Сондай - ақ ол Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Оның геостратегиялық мүддесі десекте қателеспейміз. Қытайдың қарқынды жатқан экономикасының әрі қарай дамуы үшін көп мөлшерде көмірсутек қажет. Ол мұнайдың 60%- на жуығын Араб елдерінен алады. Осы маршруттың арақашықтығы да ұзын және бұл аймақ саяси тұрақсыз. Сондықтан Қытай Қазақстанның мұнай - газ секторында өзіндік орынды иеленгісі келеді. Ол осы салаға инвестицияны да құйып жатыр. Құбырлар салып, жаңа жобаларды іске асыруға ұмтылуда. Сондай - ақ екі елдің арасында сауда саттық қарқынды дамып жатыр. Аталмыш курс жұмысының өзектілігі - аспан асты елін Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделерін қарастырып, зерттеу. Курс жұмысының - мақсаты екі елдің экономикалық байланысы қандай дәрежеде екенін зерттеп, сараптамалық жұмыстарды жүргізу.
Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу

Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынылуына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, "Еңбек ақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей алады, сондай – ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын жасау үшін ғана емес, сондай – ақ ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет.
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатысты және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мусин Шахан Әлімханұлы ( 1913 - 1999 )

Мусин Шахан Әлімханұлы (27 желтоқсан 1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26 желтоқсан 1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966).
Өмірбаяны
1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды.
1931 – 1932 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды.
Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады.
1954 – 1957 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды.
1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Фархат Әбдірайымов Нұрсұлтанұлы (1966 жылы 21 қаңтар)

Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов - Қазақстандық актер.
Өмірбаяны
1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ.
Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог.
1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры.
1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері.
Жеке өмірі
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан).
Діни көзқарасы - мұсылман.
Хоббиі - бильярд, суда жүзу. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтар)

Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорғанда туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1980 жылдан).
Мұрат Нұрәсілов 1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Алматы Театр және Көркемсурет институтынн бітірген.
1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік құрамында еңбек етеді.
Сахнадағы негізгі рөлдері...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ержан Сәлімгереев

Ержан Сәлімгереев – жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол пара жүзуден әлемнің үздік спортшылардың қатарына кіреді. Әр жылдары өткен әлемдік жарыстарда Қазақстан қоржынына бірнеше медаль салған. Сәлімгереев осы жылы Джакарта қаласында өткен Азиада ойындарында қос алтын медальға қол жеткізді.

Ержанның тағдыры 9 жасында күрт өзгерген. Ауылдағы достарымен асыр сап ойнап жүрген бала абайсызда тоқ сымына тартылып қалады да, бір қол, бір аяғынан айырылады. Сол ауыр күндері ата-анасы мен туыстары жанынан табылып, керемет қолдау көрсетеді.
- Қазір ойласам, олардың демеуінсіз менің тауым шағылып, өмірден әлдеқашан түңіліп кетер едім... Барлық жетістіктерім тек сол кісілердің арқасы деп білемін! – дейді, Ержан.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Абылайхан Жүсіпов

Бокстан 2013 жылғы жасөспірімдер арасында Азия және Әлем Чемпионы.

2014 жыл жастар арасында Азия және Әлем Чемпионы.

2014 жыл ІІ-ші жасөспірімдер Олимпиада ойындарының Чемпионы.

2016 жылы өткен Олимпиада Ойындарының қатысушысы.

2017 жылы Азия Чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2019 жылы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Алтын адам» кім болды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2В. Сақтар
Сабақтың тақырыбы: «Алтын адам» кім болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;
5.2.2.4 – «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттау;
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Білімділік:
Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарының негізіндегі мәліметтермен танысу, маңыздылығын түсіну;
Дамытушылық:
Оқушылардың көпшілігінің сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп, кейбіреуінің зерттеушілік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
Сабақтың мақсаты: Қазақ салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын талдау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Үкілім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Арғы жағы Еділдің, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.


[Қайырмасы]
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.


Ата-анамды сағынып әнге салдым,
Бауырымның хабарын алмағалы.....
Өлеңдер
Толық
0 0