Мақал - мәтел: Жұрт, қауым, халық, әлеумет, жамағат, халайық, ел

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде,
Құтқарады өзгені де, өзін де.

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақ тақырыбы: Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - Экологиялық факторларды жіктеу
Сабақ мақсаттары: - Терминдердің анықтамасын білу;
- Абиотикалық фактор мен биотикалық факторларды ажырату;
- Ағзаның экологиялық факторға байланыс бейімделу ерекшеліктерін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.3.1 күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеу және элементтердің массалық үлесі бойынша зат формуласын шығару
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
• күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептей білу.
• элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығару.
Көптеген оқушылар білу керек:
• Элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығарады және олардың әрі қарай қасиеттеріне қатысты болжамдар жасайды.
Кейбір оқушылар білу керек:
• химиялық формуласы бойынша анықтауға болатын стехиометриялық параметрлерді жүйелеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жер туралы жалпы мағлұматтар 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам
Сабақтың тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтайды;
• жердің қасиеттерін түсіндіре алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Кіріспе
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСIПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі таңда кәсіпорындардың қаржы жағдайының тұрақты болуы өткір прблемалардың бірі болып отыр. Өйткені қаржы жағдайы тұрақты кәсіпорындар өз міндеттемелері бойынша уақытылы есеп айырыса алады. Оның бірі экономика тірегі – бюджет . Кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығы – экономика тұрақтығыны басты кепілі . Сондықтан кәсіпорын өзінің қаржы тұрақтылығы мен тілем қабілеттігін сақтауы үшін оның қаржысының дұрыс ұйымдастырып , басқара білуі тиіс . Нәтижесі жоқ басқару шеімдерін қабылдау және жүзеге асыру кәсіпорынды тұрақсыздыққа душар етеді. Ал қаржыны дұрыс ұйымдастырып дұрыс басқару үшін қаржы талдауының мәні зор . Өйткені қаржы талдауы кәсіпорын мүліктерінің дұрыс орналасуына , олардың қалыптастыру көздеріне оның қаржы тұрақтылығына , өтімділігіне , төлем қабілеттігіне баға беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы кәсіпорынның әлсіз тұстарын анықтап ,оларды жою , яғни қаржы жағдайын сауықтыру бойынша шешімдер қабылдауға мүмкіндік туады . Курстық жұмыстың басты мақсаты нарықтың экономика жағдайында кәсiпорынның алдында тұрған негiзгi мәселелердiң бiрi қаржы жағдайын жақсарту жолдарын iздестiру болып табылады .
Кәсiпорынның қаржы жағдайын жақсарту актуалдылығын келесiдей түсiндiруге болады. Кәсiпорын кез-келген iс- әрекет жасау үшiн алдымен оны қаржыландырудың жолын iздейдi . Яғни барлың мәселе айналып келгенде қаржыға тiреледi. Міне осы қаржы ресурстарымен кәсiпорынды уақытында ірi қажет мөлшерде қамтамасыз ету мәселесiмен қаржылық менеджмент айналысады.
Кәсiпорын қаржысын басқару үшiн алдымен оның ағымдағы қаржылық жағдайын бiлу керек. Ол қаржылық талдау арқылы жүзеге асады. Ол үшiн арнайы көрсеткiштер жыйынтығы қолданылады.
Бұл аталғанның барлығы қарастырылып отырған тақырыптың өзекті екенін көрсетеді . Жұмыстың негізгі мақсаты – мекеменің қаржысын ұйымдастырылу мен басқарылуына баға беру. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер орындалады :
- кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру және басқару мәселесін ашып көрсету:
- кәсіпорынның негізгі технико – экономикалық көрсеткіштеріне , қаржы жағдайына баға беру
- анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жасау .
Жұмысты орындау барысында « Қант АҚ » бухгалтерлік болашағы , қаржы – шаруашылың қызметінің нәтижесі тұралы есеп беру мәліметтерді , сондай – ақ отандың және шетелдік әдебиеттер материалдары қолданылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Шымкент қаласындағы эндемиялық бұғақ ауруы

Кіріспе.
Эндемиялық бұғақ аурулары белгілі бір жерде пайда болады. Оның ошақтары көбінесе үлкен таудан аққан мұздан пайда болатын, өзендердің аңғарында және тау бөктерінде байқалады. Мұнымен қатар қазіргі зерттеулерге қарағанда мұндай эндемиялық ошақтар жазық жерлерде де болатын көрінеді. Оның себептері белгілі бір географиялық аудандарда йодтың жетіспеуі, соның арқасында организмде йод алмасу процесі бұзылады. Міне осы белгілер арқылы эндемиялық бұғақ ауру анықталады.Иодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. Жұмыстың маңыздылығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 36 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.
Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәсмілелер банктерді тәуекелге барғызбауу шарт. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы. / 1. 108-б /
Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар 1995 жылғы 30 наурыздағы ұлттық Банк туралы заң және 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және банкілік қызмет туралы заңы бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық, айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. ұлттық Банкі өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, ұлттық Банк президент алдында есеп береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның дамуы

Несиелік жүйе – нарықтық экономиканың ажырамас бір бөлігі. Несиелік жүйенің дамуы қашанда тауарлы өндірістің дамуымен тығыз байланысты келеді.
Бүгінде несие жүйесінің құрылымы барған сайын күрделене түсуде, яғни оның құрамына жаңа қаржы-несие мекемелері пайда болып, клиенттерге жаңаша қызмет көрсетуде жаңа әдістерді несиемен қамтамасыз етудің жаңа әдісі пайдалануылын талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан банкілері шетел банкілерімен тәжірибе алмасуда өзінің мүдделерін арттыра түсуде, сондай-ақ банк ісіндегі әлемдік тәжірибелік жаңалықтар, Қазақстандағы қазіргі банк өнімдерінің дамуына өз ықпалын тигізуі тиіс.
Осындай жоспарда банктердің арасында орын алып отырған бәсекелестік әрекеті, олардың жаңа клиенттер тартудағы күресін шыңдай түсіп, нәтижесінде клиенттерге көрсететін қызмет түрлерінің сапасын арттыруға және олардың санын көбейтуге итермелейді
Қазіргі несиелік жүйенің тұрақты икемді, тиімді инфрақұрылымын жасау – қазіргі кезеңнің негізгі мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен даму тарихын және құрылымын қарастыру болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абайдың аудармашылық таланты

Кіріспе
Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0