Қазақша ертегі: Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
- Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша өмірбаян: Мәлік Ғабдуллин (1915—1973)

Мәлік Ғабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.

Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі.....
Өмірбаян / Биография
Толық
37 -20

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ақжайық)

Қыстағы байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға толқын шыр айналып.

Толқынын Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз, кейде....
Өлеңдер
Толық
139,5 -77,5

Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Музыка, ән

...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым
Мұхтар Әуезов

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі
Борис Владимирович Асафьев
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Құс

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей.
Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап....
Өлеңдер
Толық
137 -79