Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы

«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (
Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс –тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәні анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Заттардың қасиетін қайталау ойыны

Сабақтың мақсаты: Заттың қасиеттерін, геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау. Саусақ қимылын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап , көркем сөз, ойын.
Іс-әрекет кезеңдер: Тәрбиешінің іс-әрекеті,; Балалардың іс-әрекеті....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өмірбаян: Асқар Татанайұлы (1906-1996)

Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. “Талап”, “Қалың мал”, “Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақ мақсаты: Оқушылар VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсінеді, Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызына баға береді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жәрмеңке саудасының дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Жәрмеңке саудасының дамуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Жәрмеңкенің дамуымен байланысты сауда қатынастарында болған өзгерістерді анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызы 2-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақ тақырыбы: • Полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда медицина мен криминалистикадағы маңызы 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: • полимеразды тізбекті реакцияның таксономиядағы, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • ПЦР-ды түрлі салаларда қолдануы туралы ақпаратпен танысу;
• Гендерді клондау механанизмі мен трансгенді ағзаларды алу жолдарын түсіндіру;
• Блок – сызба көмегімен ПЦР қолдануын көрсету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Бөрі, қасқыр

Бөрі боранды ұнатады.

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың.

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сұйықтардың кинематикасы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гидродинамика
Сабақ тақырыбы: Сұйықтардың кинематикасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Сұйықтар мен газдардың ағысын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Ламинар және турбулентті ағыстардың ерекшеліктерін біледі;
Көптеген оқушылар: Ламинар ағыстың турбулентті ағысқа ауысу себебін негіздейді;
Кейбіреуі: Ламинар және турбулентті ағыстың өмірдегі қолданысы туралы білімдерін қолдану мүмкіндіктерін бағалайды. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): y=sinx функциясының графигі (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: y=sinx функциясының графигі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Функциялардың анықтамалары мен қасиеттеріне сүйене отырып, тригонометриялық функциялардың графиктерін салады
Сабақ мақсаттары: тригонометриялық функциялардың графигін салады;
функциялардың графиктерін түрлендіруді орындайды;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика құру... ».....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0