Сабақ жоспары (ұмж): Адам жануарларды қалай асырайды? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Адам жануарларды қалай асырайды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.3.1.3 Жабайы және үй жануарларын ажырату
Сабақтың мақсаттары: Үй жануарларының қорасымен танысу
жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырата білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Салыстыру операторлары 2-сабақ (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалау (ортақ тақырып: «Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар»)
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру операторлары 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Салыстыру операторларын пайдалану
Сабақ мақсаты: • "Артық", "аз", "тең" өрнектерін пайдалана отырып, нысандарды салыстыру;
• Логикалық өрнектер үшін салыстыру операторларын пайдалану.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Г дыбысы мен әрпі

Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Өткен сабақты тиянақтау

Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс - тыртысын,
Жаңалайды киімді? (үтік) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы

Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Соның ішінде Қазақстанның үлес салмағы аз емес. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күн өткен сайын құлдырауы, бүкіл республика жұртшылығын қатты алаңдатуда. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, бұл бүкіл дүние жүзінің алдына қойған үлкен бір мәселесі болып отыр. Адамдардың ақыл – ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми – техникалық прогрестердің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде, тағыда сол адамдардың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылдығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіздің жойылып, Сырдария суы мен айнала төңірегінің уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде.
Сол себептен мен, мемлекетімізді алаңдатып отырған Арал тағдырының жағдайы не болар екен деген үмітпен осы жұмысты қолға алдым. Бұл жұмысты алудағы басты мақсатым, сол өңірде мекен етіп жатқан қандас бауырларымның жағдайымен жақыннан танысу, оларға көмек көрсету, шешу проблемаларын алдарыңызға ұсыну болатын. Екі жылдан бері осы жұмысты қолға алып, зерттеп келемін.
Бүгінгі таңдағы Арал теңізі, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан – жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды – көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес. Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10 – 15 жылдардан кейін теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Ол көп уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен – Сырдария мен Амударияның арқасында айдыншалхары төмендеп, көрмеген теңіз атанып келді.
Тянь – Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп құятын суының орташа мөлшері – 58 текше метр еді. Айдынының аумағы 66 шаршы километр, теңіз өз деңгейінен көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген емес. Атмосфералық ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген өзен ағасы – бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер қойнауында Ар алуан жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де өсіп - өрбуіне мүмкіншілік бар еді. Ол кезде теңіз тұздылығы небәрі 10 промиль шамасында болды. Міне, осының бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның экологиясына, Арал бассейнінің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларына оңды ықпал етті. Әйтсе де, содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды.
Небәрі 25 жылдың, яғни, адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана мерзімде теңіз бейнесі адам танымастай күйге түсті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ақындарға арнау)

Алатаудан, Арқадан
Ақындарым келіпсің.
Тілдерінен бал тамған
Жақындарым келіпсің.
Ертіс, Еділ, Іле, Сыр
Бас қосқалы келіпсің.
Жүрген жері думан жыр —
Сендер елге көріксің.
Шаршы топта төгілген....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру Меңдібай Әбілұлы «Құпия әуен» (4 сынып, II тоқсан)

Пән:әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру Меңдібай Әбілұлы «Құпия әуен»
Оқу мақсаттары: 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру ;
4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Оғыз мемлекеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Оғыз мемлекеті 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Оғыз мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын сипаттайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0