Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және оның бағыттары

КІРІСПЕ.
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірбиесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын.
Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизинг дамуы

Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуы оның барлық салаларындағы терең нарықтық өзгертулер бойынша шаралар жүргізуге және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы 2030 жылға дейін халық шаруашылығын басқарудағы елеулі оңды өзгертулерді қарастырады. Экономиканы басқару стратегиясында лизинг механизміне елеулі мән беріледі, себебі, онда отандық кәсіпкерлік нарықтың дамуына үлкен потенциал салынған.
Өз қаржы ресурстарының, бюджеттік қаражаттың және шетелдік инвестиция шектеулілігі жағдайында қазақстан кәсіпорындары жаңа техниканы лезде сатып алуға мүмкіндігі, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері елеулі қаржы ресурстарын қажет етеді, банктер шаруашылық субъектілерді несиелендіру үшін лезде кепіл сұрайды.
Кәсіпорындардың техникалық жабдықталу жағдайы негізгі қорлардың физикалық және моральдік тозудың шекті деңгейін жағдайы негізгі қорлардың және аморальдік тозудың шекті деңгейін көрсетіп отыр. Аталған факторлардың барлығы ұлттық экономикаға теріс әсер етеді және негізгі құралдарды жаңартудың альтернативті жолдарын іздеуді талап етеді.
Лизингтік қатынастардың құрылуы және дамуы қазақстандық кәсіпорындардың техникалық потенциалын қайта құруға жағдайлармен және мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Шағын кәсіпорындар үшін ерекше қажеттілігі: мүліктің рухани ескіруіне байланысты шығынға жол бермеу; келісімді 100 пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету, жалгерлік төлемге қолайлы жағдай туғызуға келісу, ағымдағы шағын ретінде қаралатын жалгерлік өтем қаржысына салынатын таза табыс салығының бір бөлігін азайту. Халықаралық ақша айналымында лизинг елдердің жалға берушілеріне салық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік береді»1. Бірақ, қазіргі уақытта республикадағы лизингтің даму деңгейі оған қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейді. Бұл лизингтің қолданылатын экономикалық-ұйымдық механизмдердің әлсіз тиімділігімен, лизингті басқару сұрақтары бойынша заңдық және құқықтық актілердің жетілмегендігімен, ұсынылатын лизингтік қызметтердің құрамы мен сипаты туралы ақпараттық базаның жеткіліксіздігімен, лизингтік қатынастарда толық қатысу үшін көптеген лизинг алушылардың психологиялық дайынсыздығы, көптеген лизингтік компаниялардың инвестициялық потенциалының әлсіздігімен түсіндіріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 100 астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады. Әрбір халықтың өмір салты әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдылары жөнінен ерекшеліктері болады. Мұнда жергілікті ұлт қазақтардан басқа орыс, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, ұйғырлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Қазақтардың көпшілігі республиканың мал шаруашылығы дамыған оңтүстік пен батыс аудандарында қоныстанған. Әрбір ұлт өзінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалу үшін өз жерінде үлесі 65 пайыздан жоғары болуы керек. 1897 жылы Қазақстандағы халықтың 80 пайыздан астамы қазақтар болса, ал 60 жылдары бұл көрсеткіш 32 пайызға кеміген. Мысалы, 1997 жылғы деректер бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі 51 пайыз болып отыр. Қазақтардың ең көп қоныстанған жері Қызылорда облысы, онда облыстағы халықтың 93 пайызы қазақтар болып табылады. Атырау облысында – 84, Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облысында 60 пайыздан асады, ал қазақтардың ең аз қоныстанған жері – Қостанай және Павлодар.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.
Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының Орталық банкі және оның тұрақты ақша несие саясатын жүргізудегі рөлі

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған.
Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мұзбалақ)

Екі тәулік өткенді,
Ата бүркіт аш қалды.
Қия тартып бөктерді,
Қия тінтті тастарды,
Күз ығысып кетті енді,
Қиямет қыс басталды.
Азық табу оңай ма,
Ақ иығын талдырды.
Аңдар ытып тоғайға, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны

Сабақтың мақсаты: Балаларды сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке баулу,ойыншықтарды күтіп баптауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Ұлттық киім киген қуыршақ, сәукеле музыкалық кітапша,ойыншықтар,сиқырлы қорапша.
Сабақ барысы: Балалар залға кіріп,дөңгелене тұрады,қонақтармен амандасады.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Емхана ойыны

Сабақтың мақсаты: Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс-әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету.Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып , сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жеке жұмыс , қорытындылау.
Көрнекілік: Әрбір дәрігерге арналған арнайы бөлме, дәрі-дәрмектер , ақ халат, бас киімдер, дәрігерге қажетті құрал жабдықтар.
Алдын ала жұмыс: Балабақша дәрігері Анар апайдың еңбегімен таныстыру.
Қажетті құралдар: дәрі –дәрмектер, кітапшалар, халаттар, бас киімдер,құрал-жабдықтар.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өмірбаян: Берік Айтжанов Бөшенұлы (1979 жылы 11 наурыз)

Берік Айтжанов (1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері (2009).

Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әкесі Алматы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысына аттанған соң, Берік Айтжанов дүниеге келді. Бірақ болашақ актердің жанұясы Беріктің үш жасында Алматыға қайтып оралды.
Негізі Беріктің актёрлық мамандықты таңдауы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Лейланың мінажаты» фильміне жолы түспегенімен байланысты болды.
2004 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факултетін бітірген.
2004 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай» және «Махамбет» картиналарында дебютке шығуына қарамастан, театр көрермені оны, кино және теледидар көрерменіне қарағанда жақсы білетін. Алайда, экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалының шығуымен барлығы өзгереді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер.
2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Контрацепция түрлері мен маңызы (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Контрацепция түрлері мен маңызы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.1.4 контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Контрацепцияның түпрлері мен олардың маңызын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0