Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | «Манас» жырының зерттеу

ШОҚАН ЖӘНЕ «МАНАС»
1. «Манас» жырын жазып алу тарихынан. «Манас» - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрақтан–ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоған еді. Бірақ Шоқан жазып алған «Манас» жырының қырғыз тексі көп заман ғылымға белгісіз болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шығаруды шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдардың талай талап еткен еді, алайда өкінішке орай оның сәті түспеді. Өйткені Шоған нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, ұшты– күйлі жоқ болды. Шоқан еңбектерін бірінші болып баспаға дайындаған Н.И.Веселовский, 1902 жылы, 21 наурыз күні, археологиялық қоғамның шығыс бөлімі мәжілісінде ғалымдарды Шоқанның «Манас» жырынан аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың қырғыз тексінің жоғалып кеткеніне қатты күйзелген болатын. «Көкетай ханның ертегісі» деп аталатын бұл жырды тегінде Шоқан түгел аудармаған және бұл аударманың өзін Г.Н.Потанин болмағанда табу оғай емес еді. Аударма Шоқанның ескі досы К.К.Гутовскийдің үйінен табылды. «Көкетай ханның асы» деп аталатын бұл үзінді аудармасын Н.Н.Веселовский қысқаша түсініктермен шығыс бөлімінің журналында жариялады. Одан кейін Шоқаннаның аудармасы баспадан бірнеше рет шығып, Еуропа ғалыдары «Манас» жырымен ең алғаш осы арқылы танысты.
Археология қоғамынының жиналысында Н.И.Веселовский ең алдымен түркі тілдес елдердің халық әдебиетіне біраз бөгеліп, оның ерекшелігі, мазмұны, көркемдік қасиеті туралы сөз көтереді, содан кейін Шоқанның аудармасы бойынша «Көкетай» жырын оқиды. Жиналыста отырған шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдар ынта қоя тыңдап, жырға жоғары баға береді. «Шоқан орыс тілін қандай шебер қолдана білген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | Мұнай өнімдеріндегі салық төлеу қызметінің ақпараттық жүйесін құру

Кіріспе
Кез келген елдің экономикасын басқару процесі мемлекеттің әртүрлі экономикалық сфераларға әсер етумен байланысты. Мемлекеттің әсер етуінің негізгі мақсаты: елде экономиканың тұрақты өсудің нәтижелері, қызмет көрсету және тауарларға тұрақты бағаны қамтамасыз ету, халықтың еібекке жарамдылығы, халықтың өмір сүрү деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар өзара байланысты және оларға бір уақытта жету мүмкін емес. Экономиканы басқару тепе теңдігінің нәтижелері мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болып табылады. Мемлекетті реттеудің негізгі құралдарының бірі- салықтық саясат болып табылады. ҚР-ның салықтық саясаты елдің территориясындағы жеке және заңды тұлғалардан, яғни төлеушілерден алынатын салықтар,жинақтар т.с.с төлемдер жинағы болып табылады. Барлық салықтар, төлемдер,жинақтар т.б төлемдер Қазақстанның бюджет жүйесіне түседі және мемлекеттің ақшалық табысын құрайды. Мемлекетте жинақталған құралдар әлеуметтік, қорғау,құқықтық қорғау және т.б. қызметтерді орындау үшін керек. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындарын алынған төлемдер салықтық мінездемеге ие болған жоқ. Қазақстанда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру нәтижелерінде салықтық қызметтерді құруға әкеп соқты. Мұнда салықтық және төлемдер жүйесі арқылы экономикаға әсер ететін мемлекеттік қаржылық механизм болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: А дыбысы мен әрпі

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы
Бөлімі: Сауат ашу
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: А дыбысы мен әрпі

Мақсаты: А дыбысы және әрпімен таныстыру. А дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Қол жаттықтыру, дәптеріне А әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Білімділік: А дыбысын сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. Дыбыс туралы ұғымды меңгерту, дауысты дыбыстың ерекшеліктерін еске түсіру.
Дамытушылық: Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту. Белсенді қызығушылығын дамыту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ы. Алтынсариннің өмірі, педагогикалық мұрасы

Кіріспе
Әрбір елдің өзіндік тарихы, дәстүрі, тілі болады. Яғни, қазақ халқының дарыны Ғұмар Қараш айтқандай: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды... Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Әдебиеті жоқ елдің өнері де өркен жаймайды».
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі әдеби білім тұжырымдамасында былай деп көрсетеді: «Әдебиет оқушы зердесіне замана келбетімен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихы. Ұлттық рухани санаға тәрбиелейтін, тіл үйрететін оқушының адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірибесін байытатын, әрі реттейтін өмір оқулығы». Демек, әдебиеттің жеке пән ретінде оқытыла беруін қадағалап, оны оқыту әдістерін үнемі дамытып, жандандырып отыру қажет.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту мақсатында білім беру жүйесінде соңғы уақытта біршама жұмыстар жүргізілді. Олар:
• Оқу материалдары қайтадан жаңартылды;
• Білім мазмұны адамгершілікке, ізгілікке, эстетикалық талғамға бағытталды;
• Бағдарламалар тәжірибелік тұрғыдан өткізілді;
• Әдебиетті оқытудың жаңа нұсқалары жазылды; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Ц ц дыбысының әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздермен танысу, сөздерді буынға бөлу, сөйлемдер құрау;
Ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау, түсіну қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдттар, жеміс суреттері
Әдіс - тәсілдер: Көрнекілік, ойын, ертегі, сұрақ - жауап;

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Сәлем бердік біз.
Ә) Тренинг «Жылулық шеңбері» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтарға талдау

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады.
Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көрнекті ұстаз № 3 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Көрнекті ұстаз № 3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен постер құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіннің жанрын ажыратады, тірек сөздер бойынша постер құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, постерді қорғайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сыйлық беру жайында өлең оқу (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Сыйлық беру жайында өлең оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттар мен пікірлерді өздігінен жазады.
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды қарапайым мәтін мен өлең жазуға дағдыландыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Серәлі Қожамқұлов (1896 - 1979)

Серәлі Қожамқұлов (Серке, 5 мамыр 1896, қазіргі Торғай облысы Қарабалық ауданы, 13 ауылы - 31 желтоқсан 1979, Алматы) — актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.
Өмірбаяны
1936 жылында Қазақстанның халық әртісі атағын иеленді.
1976 жылында Социалистік Еңбек Ері (1976).
1913 - 19
1919 жылында қызметте араласып, алдымен Қостанай қаласында Ә.Жангелдин басқарған қызыл әскер тобында жауынгер, кейін сот мекемелерінде халық тергеушісі болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0