Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп қаржылық бақылаудың ақпарат көзі

Бухгалтерлік есеп шаруашылық – қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржылық – шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді, келешекте пайдалану үшін тіркеу жолымен өлшейді, қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады.
Сондықтан бухгалтерлік есеп ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады. Пайдаланушылар әр түрлі адамдар санаты болуы, мысалы, инвестицияны жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бұл адамдар субъектінің қаржылық және басқа да есеп берулеріне сүйенеді. Ақпаратты пайдаланушылар мынадай топтарға бөлінеді:
-субъектіні басқарушылар;
- субъектіден тыс, бірақ тікелей қаржылық мүддесі барлар;
- субъектіге жанама қаржылық мүдделілік білдіретін топтар мен агенттіктер.
Субъектіні басқарушылар – олар банк қызметін басқаруда және банк алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін компания адамдары - әкімшілік. Банктің алдына қоятын мақсаттары жеткілікті, бірақ оның жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру қажеттігі әкімшілікті негізгі екі мақсатқа: яғни пайдалылық пен өтімділікті нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді.
Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәліметтеріне және олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондықтан әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы тоқсанда банктің таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің күткеніне лайық па; банктің ақша қаражаттары жеткілікті ме.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау проблемалары

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су оның музыкада әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1.- ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаттары: Мәтіндердегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен сөйлеу сипаттамаларын және басты тақырыптарды анықтайды және сараптайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Атом ядросының құрылысы. Ядролық реакциялар. (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомның және ядроның құрылымы
Сабақ тақырыбы: Атом ядросының құрылысы. Ядролық реакциялар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.6.2.3 - ядроның құрамын протондар, нейтрондар, нуклондар терминдерін қолданып сипаттау
10.6.2.4 - Z әртүрлі нуклидтердің протондар санын (атом нөмірі) және А нуклондар санын (массалық сан) анықтау және ядролық реакциялардың теңдеулерін құру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар атом ядросының құрылысын түсініп, аталған оқу мақсатының тапсырмаларын толық орындай алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе және популяция
Сабақ тақырыбы: Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.1 қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Барлықоқушылар:
Мекен ету ортасына қарап, сол жерлерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлардың түрлерін және олардың бейімделу тәсілдерін сипаттау;
Оқушылардыңкөпшілігі:
Экологиялық факторларды зерттеу барысында жіктей алады;
Кейбір оқушылар:
Теориялық білімін практикада қолдана біледі, зерттеу барысында өсімдіктер мен жануарларды өздігінен анықтай біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Иондық байланыс 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Сабақ тақырыбы: Иондық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.8 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9 ионды байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Сабақ мақсаттары: - «Ион» терминінің мағынасын біледі және түсінеді;
- Иондық байланыстың не екенің біледі;
- Иондық байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Иондық байланысқа нақты мысалдар келтіре алады;
- Иондық байланысты нүктелер мен айқыштар диаграммасы көмегімен сала алады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Жаннат Қуанышева Жорақызы (1976 жылы 4 сәуір)

Жаннат Жорақызы Қуанышева (Құдайбергенова) (1976 жылы 4 сәуірде Алматыда туған) — танымал киноактриса. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (1990). «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Өмірбаяны
Жаннат Жорақызы 1958 жылы 4 сәуірде Алматыда дүниеге келген.
1972 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында актриса.
Қуанышева 30-дан астам кинофильмдерге түскен: "Махаббат тәмсілі" (1975), "Медеудегі кездесу" (1976), "Тоғызыншы ұлдан сақтан" (1984), "Тірі вакцина" (1987), "Қайсар" (1991), "Мені ұмыт" (1993), т.б. Сондай-ақ, тұңғыш отандық телесериялдар "Тоғысқан тағдырлар" мен "Қара шегірткеге" түскен.

1983 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
2004 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актерлік бөлімінің бастығы. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік тұғыры

Тәрбиелік: Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: еліміздің рәміздері
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет барысы:
Шаттық шеңбері:
Елімізге тыныштық тілейміз!
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шаханов поэзиясының әлемі

М. Шаханов поэзиясының әлемі
Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау.
Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану.
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А 5
Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормаларды қолдану
Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу
Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сөздік қорларын қолдана отырып, қарапайым мәтіндер, өлеңдер құрастырады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0