Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақша туралы түсінік

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.
Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.
Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Жер туралы білімдер қалай және не үшін жинастырылды? (7 сынып, I тоқсан)

Пән:География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Тақырып:Жер туралы білімдер қалай және не үшін жинастырылды?
Оқыту мақсаты: 7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді;
Сабақ мақсаты: Жер туралы деректер қалай және не үшін жиналғандығын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Құралбай Орынбасар

Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы
Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарыш және Жер
Сабақ тақырыбы: Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды күнтізбе негіздерімен таныстыру, уақыт кезеңдерге бөлінуін анықтау: күн, ай, жыл.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Резерфорд тәжірибесі 2-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы, атомдық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.7 α -бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Резерфорд тәжірибесі қондырғыларының элементтерін білу
Резерфорд тәжірибесінің нәтижесіне талдау жасай алу
Резерфорд тәжірибесінің нәтижесінің талдауы негізінде атомның ядролық құрылысын ұсыну.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ньютон биномы және оның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері
Сабақ тақырыбы: Ньютон биномы және оның қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - 9.3.1.6.Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- санның факториалы ұғымын біледі және оны есептей алады;
- «теру» ұғымдарын және оларды сәйкесінше есептейтін формулаларды біледі;
- Паскаль үшбұрышын құруды түсінеді;
- Ньютон биномы жіктелуін жазады;
- Ньютон биномы формуласын біледі;
- Ньютон биномы формуласын қолданады біледі;.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу
Оқу мақсаты: 2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады;
2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады;
2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер

КIРIСПЕ
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр.
Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді.
Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді.
Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар.
Диплом жұмысының өзектiлiгi
Ойды жарыққа шығарудың құралы ретінде қолданылатын жай сөйлемдердің құрамдық, мағыналық сипаты әр алуан. Осыған орай, сөйлемдердi таптастыруда бiр iздiлiк жоқ. Бір құрамды сөйлемдерге қандай сөйлемдер жататындығы жөніндегі көзқарастар да сан алуан. Аталған мәселенiң оқулықтар мен зерттеулерде әр түрлi қаралуы, бiр iздi пiкiрдiң болмауы, мектеп оқулықтарында жүйелі түрде берілмеуі оның өзектiлiгiн танытса керек.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттері
Зерттеудiң мақсаты – сөйлем синтаксисiнiң негізгі нысандарының бірі болып саналатын бір құрамды сөйлемдердің граматикалық табиғатын таныту.
Осыған орай, төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
– бір құрамды сөйлемдер туралы жалпы және қазақ тіл біліміндегі пікірлерді жинақтап-саралау;
– бір құрамды сөйлемдерді топтастыру;
– бір құрамды сөйлем түрлерiнiң ерекшелiктерiн ашу;
– олардың тұлғалық-құрылымдық сипатын анықтау;
– тiлдiк фактiлермен (мәнбірлермен) нақтылау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ақша қорлары

Қазақстан Республикасының егенмендік алып, елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізді. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлекметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын орта және ірі бизнесті дамту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамуту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңзы бар екендігін білеміз. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономикасы жағдында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0