Өмірбаян: Сырым Ертаев

Сырым Ертаев – жеке кәсіпкер

Сырым Махамбетұлы «Қайып ата» ЖШС директоры қызметін атқарып жүрген азамат. Ол сондай-ақ мүмкінідігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек беріп жүр.

1982 жылдың 22-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округінен «Мал сою бекеті» және «Ет өнімдерін тереңдетіп өңдеу цехы» құрылысын 2014 жылдың қазан айында бастап, 2016 жылдың шілде айында іске қосқан. «Қазақстан Халық Банк» АҚ ОҚФ-нан құрылыс жұмыстарына 231 миллион теңге, құрал жабдықтар алуға 115 млн.теңге несие қаржы алынып, бүгінде белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Жоба қуаттылығы күніне 30 тонна өнім өндіріліп, 28 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Оқу мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ
Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақ мақсаттары: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.2 - тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау
Сабақ мақсаты: Тарихи кезеңдердегі рулық-тайпалық құрлымдарды талдау.
Көшпелі қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша несие саясаты

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақсан Республикасы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы құрал жабдықтар лизингі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түсуде. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі су өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспоттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін артыруда көрініс табады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
Нарықтық экономикадағы маңызды факторлардың бірі – бәсекелестік. Ол адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеде анықтайды. Бәсекелестік –нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы.
2006 жылғы 1 наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.
«Әлемнің 50 бәсекелес елінің қатарына қосылу үшін біздің еліміз қандай жұмыстар атқаруы керек? Ұлттық экономикамыздың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру қандай факторларға байланысты?» - деген сауалдар бәрімізді толғандырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы

Кіріспе
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының және халықаралық валюталық рет

Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық экономика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептеледі.
20 ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражатжәне валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды, дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық –қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Халықаралық валюта жүйесінде дүниежүзілік шаруашылық валюталық қатынастарды қамтиды. Жалпы валюта итальян сөзінен сөзбе-сөз аударғанда құн деген мағынаны білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мүнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ, көсіпкерлік орекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты.
Қазақстан экономикасы әкімшілік басқарудан нарықты экономикаға етудегі қиын жолда тұр. Қазақстан Үкіметі нарықтық реформаларды жүзеге асыруда жаңа бағдарламаларды жасады. Оларға — мелекеттік мүлікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығы, нарықты инфрақүрылымдъі күру кіреді. Осы айтылғандардың ішінде кәсіпкерлік қызметті қолдау маңызды роль атқарады.
Қазақстанның шет елден келетін импорттық тауарларға халықтың сүранысын төмендетіп, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне халықтың сүранысын көтеру үшін қазіргі уақытта кәсіпкерлікке үкімет, екімет тарапынан тиімді жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және ірі косіпкерлік еркіндігін қорғауға және меммлекеттік қолдауға бағытталған, қолданыстағы зандарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылды. Сонымен қатар, жалпы кәсіпкерлікті күкықтык түрғыдан қолдау жоне қорғау тәжірибесі үйретіліп, косіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0