Сабақ жоспары (ұмж): Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;
6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар: түркі халықтарының материалдық мәдениеті, шаруашылығы мен өмір салтын зерттеу арқылы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Таң самалы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алтын нұр аймалап алапты,
Алаулап арайлы таң атты.
Таң самалы тербеп, тебіренер кеудем
Сен дағы мені тербе, сәулем.

Қайырмасы:

Өзіңдей нұрлы, арайлы таңым
Қуаныш етіп, қараймын, жаным
Аспаны ашық,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет
Сабақ тақырыбы: Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ақ Орданың Қазақ хандығының қайнар көзі екенің біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекақы төлемін мемлекеттік реттеу

І. Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекаңы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың ма-ңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақыта шығруға болмайды.
Еңбекақы бұл — жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Ңалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады! Былайша айтуға болады — еңбекаңы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратьн өнім өндіруге және сатуға кеткен шығьндардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мьнадай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
• жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
• оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар; .
• оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны. Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекаңының өсуіндей шапшаң болады.
Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одактық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақшанесие қатынастарын рет-теуге, мемлекеттік бюджетгің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы - оның басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жеңіс тойы жаса мәңгі

Құрметті: тәрбиешілер, балалар!
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды.
Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.

"Майдан" әні
Ер балаларды соғысқа шығарып салады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ЕҢБЕКАҚЫ

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.
Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстан қорықтары және жаңа қорықтары ұйымдастыру

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт тұлғаларымен сұхбат-2 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:« Тәні саудың – жаны сау»
Сабақтың тақырыбы:Спорт тұлғаларымен сұхбат-2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды
2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көбі: тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз орамдарымен сөйлемдер құрастырады, сұхбатқа қатысады.
Кейбірі: өзі білетін спортшы туралы айтып береді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Болат Ұзақов Қасымжанұлы (1962 жылы 25 қараша)

Болат Қасымжанұлы Ұзақов (1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
Болат Қасымжанұлы 1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты)ның «Театр» факультетін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық артисттері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың классын бітірген.
1994 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Маман Байсеркенов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың классын бітірген.
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0