Курстық жұмыс: Өндіріс | Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделіні

Кіріспе
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. [1]
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен елімнің кішкене азаматымын

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.
Отанды сүю – от басынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш.
Кіріспе:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт: Үлкенге де "СІЗ", .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жездіде)

Жезқазған.
Жездінің бұл қатпарынан,
Еліме иен ырыс ақтарылған.
Осында жүр жастары, қарттары да,
Қанышынан үйреніп, хат таныған.
Хат таныған,
Басына бақ дарыған.
Жер асты - көгілдір тау, құлама жар,
Жер үсті - көк тіреген мұнаралар.
Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Сақтандыру

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты құрылған Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) құрылғанына биыл үш жыл толып отыр.
Нақты бір қызметтерді атқарған ерекше әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеңес уақытында да болған. Алайда ол кейбір сыртқы және формальді белгілерімен ғана сақтандыру болды, мысалы ол арқылы уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі параққа төленді, өндірістегі бақытсыз жағдайларға, кәсіби ауруларға немесе басқа да бір жағдайларға байланысты жәрдемақылар ресімделді. Өзіндік мәні жағынан бұл жүйе әлеуметтік сақтандыру емес әлеуметтік қамсыздандыру болды. Сақтандыру ол әлеуметтік немесе коммерциялық болғанына қарамастан маңызды принципке негізделуі қажет, яғни төленген жарналарға сәйкес болуы керек.
Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты елімізде әлеуметтік қорғаудың мықты жүйесін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үшдеңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаның тереңдетілген үш жылдық бағдарламасы жүзеге асыру басталғанын атап өткен болатын.
Халықты әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі біздің елімізде 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік шығындардың елеулі кеңейгенін дәлелдеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың Қорға төлеген әлеуметтік аударымдарынан тұрады және оларға салық жүктемесінің көбеюін болдырмау үшін төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына әлеуметтік салық мөлшері төмендетілген.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында құрылған Қор бірден бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландырып, әлеуметтік тәуекел туған жағдайға қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем төлеуді жүргізеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Үй жылуын сақтайық

Жобаның мақсаты парниктік газдардың, басқа да зиянды заттардың қалдықтарын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда тұтынуды төмендету, тұрмыстық қалдықтарды қысқарту, қалада экологиялық қолайлы орта жасау есебінен азайту болып табылады.
Таяу күндерге дейін тұрғын үй мен коммуналдық қызмет үшін төленетін ақыны мемлекет белілеп келді. Бүгіндері тұрғындардың бұл қызметке толық ақы төлеуі қарастырылуда.
Салынған ғимараттардың көпшілігін пайдалану мерзімнің өтіп кеткендігі қиындық туғызуда. Қазақстандағы қалалардың тұрғын үй қорының 50 – 60 проценті жер сілкінуге төзімділік талаптарына сәйкес келмейді. Жаңа орталық – Астананың құрылысын салуда жер асты сулары қиындық келтіруде, бұл өте сапалы, тез арада өзін-өзі өтейтін технологияны талап етеді. Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, су астында қалу қаупі көбейді. Атырауды салу жобасына ұқсас проблемалар мұнда да туындап отыр. Сонымен қатар бір шаршы метрдің өзіндік құны 90 – 100 долларға дейін, одан да төмендетілетін табиғи экологиялық материалдардан энергияны сақтайтын тұрғын үйлер салудың әлемдік тәжірибесі де бар.
Қазақстанда жылу сақтау деңгейі төмен бұрын салынған 250 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануда. Тұрғын үй қорында жылудың ысырабын төмендетудің республика үшін маңыздылығы ерекше. Ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша пайдаланудағы тұрғын үйлердегі жылу энергиясының шығыны есептелген мөлшермен салыстырғанда 25 – 30 проценттен асады.
Жобада энергияны үнемдейтін құрылыс технологиясына маркетингтік зерттеу жүргізу қарастырылған. Жекелей энергиямен жабдықтаудың жағдайға байланысты жүйені таңдау жүргізіленді. Бұл жүйеге жел, күн қуатын, биогаздың органикалық қалдықтарынан, мұнай кеніштерінің қуалай соққан газы, мұнай өнімдерінің қалдықтарын, көмір шахтыларынан шыққан метанды, т.б. ұқсатудан алынған қуатты пайдалану енеді. Жылыту мерзімі барынша ұзақ солтүстік аймақтардағы бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Экологиялық тауарлар мен тұрғын үй салуғаарналған жабдықтарды сатып алу мен өндіру жолға қойылады.
Экологиялық қоныстар Көкшетаудағы эксперименттік ғимараттарды жылылау немесе қайта қалпына келтіру және жабдықтары мен технологиясын сататын және жасайтын сауда орталығын салу қолға алынады.
Негізгі жауап кершілік ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігіне, энергетика, индустрия және транспорт министірлігі жанындағы тұрғын үй мен құрылыс саясаты жөніндегі комитетке, Сәулетшілер одағына, Дизайнерлер одағы жанындағы жобалық болжамдар лабораториясына, Алматы энергетика және байланыс институтына, тұрақты қоныстар ассоциациясына және фирмасына (Новосібірдегі Академқалашық), қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институттарына жүктелген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтақырыбы: Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау
Оқу мақсаттары: О1.Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады
Сабақ мақсаттары Әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды, кейіпкерге мінездеме береді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімені мазмұндау (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Әңгімені мазмұндау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, Әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ)
Оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау;
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сурет бойынша құрылған мәтінді керекті сөздермен толықтырып, сипаттап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін мазмұнына сәйкес коллаж жасап, сипаттап айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру Туған жер байлығың (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем»
Сабақ тақырыбы: Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Туған жер байлығың
Оқу мақсаттары: 3.7 Қатені табу және түзету
2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақ мақсаттары: Мәтінді оқып, қателерін тауып, түзетіп жазуды үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0