Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы

ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.
Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу

КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді. Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Компьютерлер қауіпсіздік мәселелері Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы.

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму матысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға бірітіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалықжәне әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Оралыңдар)

Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер
Туған жердің топырағы, шақырады белдер.
Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар,
Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Топырақ түрлері (режимі) және оларды ретттеу

Өсімдіктер үшін топырақ фаунасы мен флорасы ең алдымен топырақтан алынатын су – олардың өмір сүруінсіз негізі.
Өсімдіктер үшін тағы да бір қажеттілігі – ол болмаса өсімдік басқа факторларда пайдалана алмайды.
Топыраққа су ат мосфералық жауын- шашын түрінде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егінді суару кезінде келіп түседі.
Топырақтың су жүргісі (режимі) – ылғалдық топыраққа келіп енуі, онда қозғалуы, шығындалуы (жұмсалуы) және судың физикалық қасиеттерінің өзгеру процестерінің жиынтығы.
Өсімдіктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,5 пайыз) бөлігін сіңіреді. Қалған анағұрлым көп бөлігі өсімдіктердің жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетеді. Бұл процесті транспирация деп айтады. Белгілі бір аумақтан барлық шалғын болған судың көлемін осы жерден алынған өнімге бөлгенде, шығатын өлшеулі транспирациялық коэффициент дейді.
Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсімдік тамырына еніп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына желгісіне және жапырақтарына тарайды, әрі қарай буланып атмосфераға кетеді.
Топырақпен бірге байланысқан су – бұл гигроскопиялық деп аталатын физикалық байланысятағы немесе сорбцияланған судың бір түрі. Бұл су түрі топырақ бөлшектері (көбіне коллоидтық) ауадан су буын өзіне тартқанда (сорбция) түзіледі немесе ылғалды топырақ «құрғақ ауалы» халге жеткенде байқауға болады.
Гигроскопиялық ылғал топырақ бөлшектерін жұқа, 2 - 3 дәл бағытталған су молекуласымен жамылып және өте зор күшпен ұсталып тұрады. Осы берік байланысқан ылғалдық бір түрі максималды гигроскопиялық су. Ол – су бумен толық қаныққан (96 – 100 пайыз) ауадан топырақ өзіне сіңіре алатын ылғалдың ең жоғарғы мөлшері.
Бос (болбыр) байланысты су. Бұл физикалық байланыстағы, яғни сорбцияланған (молекуланың тартылыс күшінің әсерімен топырақ бөлшектерінің беткі қабатына жиналған) жарғақ ылғал.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу -4 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу -4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді
Көбі: ертегінің мазмұны бойынша диалог құрай алады.
Кейбірі: өзі оқыған ертегінің мазмұнын айтып бере алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Аппақ бала (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Тақырыбы: Аппақ бала
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:1.1.1.1; Тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну
1.1.5.2; Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін тыңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу
1.2.1.1; Сөз/сөйлем сызбасын оқу; сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру
1.3.10.1; Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
1.3.12.1; Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу
1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнымен таныса отырып негізгі ойды анықтайды. Тазалықтың денсаулық кепілі екенін ұғынады.
Сөйлем ішінен қимылды білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қояды.
Оқушылардың көпшілігі:
Аппақ бала мен сатпақ баланың іс-әрекетін салыстырады. Қорытынды жасай біледі.
Кейбір оқушылар:
Тақырыпқа байланысты өз ойын нақтылап, дәлелдейді. Ұтымды ойлар айта біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.
Оқу мақсаты: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
Сабақтың мақсаттары:
Мәтінді талдау арқылы оқушылардың ұжымда өзара білім алмасуларына, өзіндік пікірлерін білдірулеріне, бір-бірін тыңдауға дағдыландыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №2 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №2
Оқу мақсаттары: 10.4.1.6 әлемдік экономиканың аумақтық үлгілерін талдау
10.4.1.7 әлем елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық құрамды қосымша қамту арқылы)
10.4.1.8 әлем елдерін экономикалық даму тұрғысынан классификациялау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өндірісті орналастыру факторларын әдеттен тыс жағдайларда қолдану дағдыларын дамытады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968)

Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.).
Өмірбаяны
1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті
1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды.
1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты.
1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»),
1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0