Қазақ тілінен сабақ жоспары: Климат өмірімізді өзгерте алады ма? (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климат өмірімізді өзгерте алады ма?
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) 7.Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау
Сабақтың мақсаты: Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу» (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу»
Оқу мақсаттары: 4.2.1.2* шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу
4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Ризық, нәсіп, несібе, ырыс, береке

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Қарманған қарап қалмайды.

Қимылдаған қыр асады.

Ерте тұрған өкінбес.

Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ядролық әрекеттесу. Ядролық куштер (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы, атомдық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Ядролық әрекеттесу. Ядролық куштер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.1.8 – ядролық күштердің қасиеттерін сипаттайды.
Сабақ мақсаттары: ядро мен электрондар терминдері тұрғысынан атом құрылысын сипаттау;
протондар мен нейтрондар арқылы ядроның құрамын сипаттау;
Ядродағы нуклондардың әрекеттесу күшін білу
Ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дұрыс көпбұрыштар 3-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.2.5 дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиустарының арасындағы байланысты формулаларын есептерде қолдану, дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын табу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғарышта не бар? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат
Сабақ тақырыбы: Ғарышта не бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.4.2.1 - Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысын сипаттау;
4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну;
Сабақ мақсаттары: • жекелеген ғарыш денелерін сипаттау;
• зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
• алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ барда салт-дәстүріміз ғұмырлы болмақ

Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне,тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп,өзгеріп,қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық :«Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар»,-деп дұрыс айтқан.
Дүние жүзі халықтарының өздеріне тән салт-дәстүр ерекшеліктері бар. Сол сияқты:«Қазақ барлық сенім,әдетімен де, ойын -сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар,өлең жырлар жасауымен де,сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де,соттың шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына қосылады»,-деп Ш.Уалиханов ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі

Кіріспе
«Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шәкәрім және оның заманы

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0