Реферат: География | ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.
САМЫРКЕШ
САМЫРКЕШ - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.
Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

ҚОҚИҚАЗ.
ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.
Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған.......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қасымның қаламы нұрлы ақын

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1911 жылы туды. Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері Оралдың облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы жырлары енеді. Бұлардың кейбіреулері жалынды, жатық жазылғанымен, жалпы алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым өзінің «Жамбыл тойында» деген поэмасын окып берді. 1939 жылы Қасым Көкшетауды, Баянауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Біржанды, Балуан Шолакты көрген Ысқак, Смайыл деген қарттармен әңгімелесіп, өлең мен әннің думаны Біржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолактың өмірбаяндарын сұрап қанады.
1939—-1941 жылдары Қасым творчествосында елеулі өзгеріс басталады. Бұл жылдары ол «Ленин және дүние», «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Ғашық едім қайтейін», «Сонет», «Жолдас маршал» өлеңдерін жазды. Осы кез — акынның Маяковскийден батыл үйренген кезі. 1941 жылы ақын бір топ өлеңін «Бар дауыспен» деген атпен кітап қылып шығарады. Кітаптың аты — автордың Маяковскийге бас иетініне, оны өзіне ұстаз тұтатынына жанды айғақ. Бұл кезде ақында тұр, өлеңнің ырғағы, үнділігі жағынан іздену көп. Ақын қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашқы аты «Азғынбаев») поэмалары туады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты)

Қолыма қалам алып өлең жаздым,
Болмады бұрынғыдай, заман, аздың.
Ойыма қайран елім түскен шақта
Сарғайып уайыммен өлең жаздым.
Сағындым осындай-ақ қайран елді,
Зар күйге салды құдай біздей ерді.
Құданың құдіретіне кім көнбейді,
Бүгінгі бозбаланы қайғы жеді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Маған көмектесетін адамдар (1 сынып, 3 бөлім )

САБАҚ: Қазақ тілі
Бөлім: Менің жанұям мен достарым
ТАҚЫРЫБЫ: Маған көмектесетін адамдар
ОҚУ МАҚСАТЫ:Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
А4 Анық әрі таза сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсінеді.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар жасай алады:
• хормен қайталайды;
• жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын түсіне алады;
• мамандықтардың атауларын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• мамандық иелерінің атқаратын жұмыс түрлері туралы айта алады;
• жаңа сөздерді қолданып, суреттер мен сөздерді сәйкестендіре алады. дыбыстық жаттығуларды сауатты орындай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• жаңа сөздерді рөлдік ойындарда қолдана алады;
• бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін құрай алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нұсқаулық жазамын «ң» дыбысының емлесі (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақтың тақырыбы: Нұсқаулық жазамын «ң» дыбысының емлесі
Оқу мақсаты: 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу
Сабақтың мақсаттары: 2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және нұсқаулық (ас әзірлеу рецептісі) жазу
2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату
Сабақтың мақсаты:Даражарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Қосжарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Дара және қосжарнақты өсімдіктерді сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарай ажырату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қатынас ыдыстары. Паскаль заңын қолдану. Торричелли тәжірибесі. Атомфералық қысым 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Қатынас ыдыстары. Паскаль заңын қолдану. Торричелли тәжірибесі. Атомфералық қысым 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Паскаль заңын сипаттайды және оны қолданады
Гидростатикалық қысым терминін түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Паскаль заңын сипаттайды және оны қолданады
Гидростатикалық қысым терминін түсіндіреді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сапақ (Сопақ) би

Сапақ (Сопақ) би Әлімнің Төртқара руының Оразгелді тармағына жатады. Сапақ Сапай баласы шамамен 1774-1775 жылдарда өмірге келіп, Арал ауданында өз атымен аталатын «Сапақ» атты жерде 1859-1860 жылдары дүниеден өткен. Сапақ биде – Шөңкі, бейіс, Есенжол, Аманжол атты ұрпақ тараған.
Сапақ биге сәлемдесуге келген інісі Жетеске: «Шырағым, бір-екі күн еру бол, осы Қарақұмда ағайын-туғандарым бар, бірге аралайық»,- депті. Елемес Жөненұлы қонақтарды күтіп алып, қонағасында сояр қойға бата сұрапты. Сапақты жасы үлкен болса да Жетеске қарап: «Жетес жаста болсаң да алыстан келген қонақ едің, осының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Күндіктұрақ


Ондай қым-қуытты ғұмыры көрген емен. Айдын мұзда сан мың итшана зымырап барады бұрқыраған будан иттердің өзі көрінбейді. Сол түнгі ұлы дүрмекте үш адам үсіп өлді, он шақты кісінің суықтан өкпесі қабынды. Япыр-ау, суаттың түбін өзім әдейі барып көрген жоқ па едім? Қышадай сап-сары болып алтынның жатқаны анық еді ғой. Юконның сол жеріне айнала белгі орнатып, заявка да бердім. Жұрт сол заявканың ылаңынан дүрлігіп кетті емес пе. Артынан ештеңе жоқ боп шықты. Түйір болса бұйырмасын. Күні бүгінге дейін осының себебін біле алмай-ақ барам.

Шортидің әңгімесі.

Қолғабын шешпеген күйі Джон Месснер бір қолымен бұрғыдан ұстап, итшананы ізге салып, бір қолымен бетін, мұрнын үйкелеп келеді. Ол қайта-қайта уқалап, дамыл көрген жоқ, қолын алмады десе болар; жаны кетіп, үсіп бара жатқанын сезсе, жан таласа ысқылайды. Милығына түсіре киген тері тымағы маңдайы мен қырауланған алтындай қою сары сақалы иегін суыққа берер емес.

Артында ырғалаңдаған ауыр юкон шанасы, алдында тыным таппай тырбаңдаған бес ит. Жан қайыс Месснердің аяғын үйкелеп келеді. Жол иініне келіп, иттері бұрылған сайын ол әбзел қайыстан аттап өтеді. Бұл арада жол жалтарысы көп-ақ екен, ол әрлі-берлі арқылы аттауын жиілетті. Оқта-текте қайысқа аяғы ілініп, сүрініп те қалады; қимылы тым шабан, қатты қалжыраған болса керек, бір жағынан итінген ит шана да өкшелеуін қояр емес.

Жолдың түзу жеріне келгенде итшана бұрғысыз-ақ ізден шықпай, сырғи жөнеледі. Сол кезде Месснер босаған оң қолымен бұрғының сабын тоқ-тоқ ұрады.Қолға қан жүргізу қандай қиын. Оң қолымен тақылдатып таяқ ұрса, сол қолымен мұрнын, бетін тынымсыз үйкелеп әбігер.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қазақстан ХХI ғасырдың баспалдағында нарықтық экономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүниежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика саласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті.Қазақстан экономикалық – әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белгілі.
Диплом жұмысымның тақырыбының өзектілігі. Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымыз да баршылық. Біздің борышымыз Қазақстанның өркенниетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырыру, өндірістік тиімділік бүгүнгі күннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп, одан ары дамытуға өз үлесімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0