Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары

Кіріспе
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген.
1923 жылы 29-қазанында Мұстафа Кемал Түркия Республикасын жарияалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің қалауым

Мақсаты: Балалардың ой - өрісін, сана – сезімін, тілін, ойлау, әңгімелеу қабілетін дамыту. Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны аялауға қамқоршы бола білуге, табиғат
сұлулығын сезіне білуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көктем көрінісін елестете отырып табиғат құбылыстарының қасиетін танып білумен қатар, олардан әлде бір зат жасай білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Жаңғақ, қоға, құс бейнесі, ағаштар, құм, ермексаз, түрлі – түсті қағаз, шөп, саз.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдісі - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, құрастыру, жапсыру, жалғастыру.
Сөздік жұмыс: Түлеу, түлейді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Аралас.
Алдын - ала жұмыс: Көктем мезгілі туралы әңгімелер айтып, тақпақтар жаттату, сурет, жапсыру, мүсіндеу оқу іс - әрекеттерінде көктем туралы айту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Сақтандыру маркетингі

Сақтандырудағы маркетинг — бұл өз аймағындағы, басқа да аймақтардағы және жалпы мемлекет бойынша сақтандыру қызметіне деген қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты зерттеу, талдау және есепке алу бойынша, сондай-ақ белгілі бір бағыттағы сақтандыру қызметіне сұранысты қалыптастыру бойынша шаралар болып табылады.
Сақтандыру ұйымдары өзіндік маркетинг қызметтерін құрады немесе арнайы маркетингтік ұйымдарға немесе қызмет орындарына жүгінеді.
Сақтандыру маркетингінің міндеттері:
 Сақтандыру нарығының жағдайын және нақты сақтандыру қызметтеріне (сақтандыру түрлеріне) сұраныстың перспективасын зерттеу.
 Сақтандырушының жұмысын ұйымдастыруды арттыру және қолындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру резервтерін және жолдарын анықтау.
 Сақтандыру қызметінің (сақтандыру түрлері) жаңа түрлерін әзірлеу.

Сақтандыру маркетингінің іскерлік стратегиясы және тактикасы:
 Потенциалды сақтанушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қажеттіліктерін зерттеу.
 Сақтандыру нарығында қалыптасқан жағдайларды талдау.
 Өз аймағының және жалпы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму жағдайын және тенденцияларын зерттеу.
 Бәсекелес сақтандырушылардың алдыңғы қатарлы тәжирибесін талдау.
 Жарнамалық іс-шаралардың тиімділік әсерін талдау;
 Қалыптасқан нақты жағдайларда өз бетінше сәтті әрекет ету мүмкіндіктерін бағалау.
 Сақтандыру қызметтерін потенциалды сақтанушыларға ұсынудың жаңа формаларын және каналдарын жасақтау.
 Потенциалды сақтанушыларды ынталандыратын шараларды зерттеу мақсатында халық және шаруашылық субъектілері арасында сұрақнама жүргізу. Яғни, сақтандыру келісімін жасауға адамдарды итермелейтін факторлардың кешенін анықтау (экономиканың дамуы, өмір сүрудің әлеуметтік жағдайлары, демографиялық, ұлттық, кәсіби, жыныстық және т.б. ерекшеліктер, сақтандыру мүддесін психологиялық тұрғыдан қабылдау). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мақпал Жүнісова Мұхамедиярқызы (1964 жылы 11 қаңтар)

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған)- кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.),- ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). халықаралық конкурстардың лауреаты.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кіріп (Роза Рымбаевадан кейін), үлкен танымалдылыққа ие болды. Мақпал Жүнісова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.

Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1988), ұйымдастырушы-әдіскер. 1981 жылдан бері - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Жоғарғы "Ленин-комсомол" сыйлығының иегері (1982 ж.). Халықаралық "Жігер" фестивальінің лауреаты (1983 ж.). Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан). Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1989). «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері (1996, 1997 ж.) Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.). I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы ұжымдастыру (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастыру.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
8.1.1.1. демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсінеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Реформация
Сабақ тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «иезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Мартин Лютердің реформациясы мен қоғамдағы дін рөлінің өзеру себептерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қосу формулалары 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4AТригонометриялық формулалар
Сабақ тақырыбы: Қосу формулалары 1-сабақ
Оқыту мақсаты: 9.2.4.8 аргументтердің қосындысы мен айырмасының тригонометриялық функцияларының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
Сабақ мақсаттары: Алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, қосынды мен айырманың косинус, синус және тангенсінің формулаларын қорытып шығарады, өрнектерді ықшамдауда осы формулаларды қолданады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан – ұлы отаным

Отан. Бұл сөзді естігенде, ойға алғанда әрбір адам баласының жүрегі езіліп, ден бойы шымырлауы анық. Себебі, әрбір қазақ деп, халық деп соққан кеудедегі жүрек болған соң және нағыз патриот жандар болғандықтан. «Отан отбасынан басталады». Бұл мақалдан не түсінеміз? Әрине, бұдан түсінетініміз әрбір адам баласы ең алдымен өз әке – шешесін, бауырларын , яғни өз отбасын сүйеді ,бағалайды және сыйлайды. Осылайша өз отбасын құрметтеген адам өз Отанын да дәл осылай сезімдермен қабылдай алады. Отан – туып өскен жерің, кіндік қаның тамған, тай құлындай ойнап өскен өлкең. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ақылың мен қайратын екі жақтап

Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңдерін бастан кешірді.Содан кейін ғана 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін.дінін дамытты. Қазіргі таңда президентіміздің салиқалы саясаты арқасында қазақ елін бүкіл әлем таниды..Бұның барлығы сан ғасырлардан бергі тарихымыздың жемісі болып табылады.......
Шығармалар
Толық
0 0